Ақтаудағы “МАЭК” ЖШС қызметкерлері бейнежазба арқылы үндеу жолдап, еңбекақыны көтеруді сұрады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Энергия өндіретін мекеме жұмысшылары іштегі ахуалды айта келе, 80 пайыз тозызы жеткен құрылғылардың қауіп төндіретінін айтқан. Сонымен бірге, олар өздерінің мардымсыз еңебеақысын өсіруді сұрап отыр.
“Біз МАЭК қызметкерлері бүгінгі таңда мекеменің жағдайын жеткізгіміз келеді. Бүгінде мекеменің жағдайы өте төмен. Құрылғылары мен қондырғылары бірнеше жылдан бері ауыстырылмай, сапалы күрделі жөндеу көрмей, апатты жағдайда қалып отыр. Мекеменің апатты жағдайға келуі жауапкершілік пен адамгершіліктің жұрдай басшылардың немқұрайлы әрекеттері болып отыр. Мекеме жұмысшыларының әлеуметтік жағдайы өте төмен деңгейде. Жұмысшылар сексен пайыз тозығы жеткен құрылғылар мен қондығылармен жұмыс істеуге мәжбүр. Жұмысшыларлардың жұмыс орны санитарлық талапқа сай емес. Арнайы киім мен аяқ киімі нормаға сай келмейді. Бұл олардың денсаулығы мен өмірлеріне қауіп төндіріп отыр. Мекеме жұмысшылары Ақтау қаласы, Маңғыстау облысын үздіксіз жарық, су, жылумен қамтып отыр. Алайда жұмысшылардың жалақылары он жылдан бері қанағаттандыратындай көтерілмей келеді. Мекеменің тозығы жеткен құрылғылары мен қондырғылары жиі істен шығып, олар күні-түні апаттық жағдайда жұмыс істеуге мәжбүр. Жұмысшылардың орташа еңбекақысы 160 мың теңге болса, басшылықтың еңбекақысы 1,5 миллион теңгені құрайды. Әлеуметтік жағдайы төмен жұмысшылар еңбекақыны көтеруді сұраған сайын ол үшін тариф бағасын көтеруді керектігін айтады. Алайда жыл сайын тариф өскенімен жұмысшылардың еңбекақысы өскен емес, - дейді мекеме жұмысшылары бейнеүндеу арқылы.