17 сәуір күні кешке 29 шағын аудан тұрғындары ауыз судың жоқтығына қатысты шағым білдірді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
“Судың үнемі болмай қалуы бізді бес литрлік су құятын ыдыс жинауға үйретті. Осыдан кейін балаларды балабақша мен мектепке қалай жібереміз? Кешеден бастап жуынудан қалды. Себебі, ыстық су – сары түске енген әрі қатты суық. КСК-ден судың неліктен жоқ екенін сұрағанымызбен олар бұдан хабарсыз, - деп шағымданды 29 шағын ауданның тұрғындары.
"Каспий жылу, су арнасы" мекемесінің хабарлауынша бүгін Ақтаудағы 29 шағын ауданның 30 және 5 үйінің су келу екпіні анықталды.
- Судың келуіне байланысты ауыз су апатты жағдайда өшірілді. 3-ші үйден бастап 8, 9-1/3, 15-1/2, 20, 21, 26, 27, 28, 30, 31, 200-202 үйлер және 28 шағын аудандағы №28 орта мектебіне су беру тоқтатылды, - деп жазылған "Каспий жылу, су арнасыны таратқан хабарламада.
Кәсіпорын басшылығы бүгін суға қатысты мәселе түбегейлі реттелетінін мәлімдеді.