Бұл туралы Мемлекет басшысы Бүкіләскерлік конференцияда мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты OTYRAR-ға сілтеме жасап.
«Әскери міндеттілер несиені өтеу жөніндегі міндеттерден уақытша босатылады, қызмет барысында олар белгілі бір мамандықты ала алады. Әскерилерді әлеуметтік қолдаудың мұндай шараларын кеңейту керек», - деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ мемлекет басшысы биыл әскери ұшқыштардың жалақысы орта есеппен 60 пайызға өсетінін айтты. 2024 жылы әскери атақ бойынша айлық жалақы 30 пайызға өседі.
«Біздің міндетіміз – жас жігіттерді нағыз сарбазға, өз ісінің нағыз кәсіби маманына айналдыру. Олар кейінгі ұрпаққа үлгі болуы керек. Олардың лайықты жалақысы болуы керек», - деп есептейді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар, қазіргі таңда әскери қызметкерлерді зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесі қаралуда. Сержанттар мен офицерлерді әлеуметтік қолдау жұмыстары жалғасуда.
Елбасы жас жігіттерді нағыз сарбазға, өз ісінің нағыз кәсіби маманына айналдыруды парыз санайды. Мемлекет басшысының айтуынша, сарбаздар ержүрек, жанқияр ғана емес, білімді де болуы керек.
Сондықтан ол әскери білім мен ғылым жүйесін дамыту туралы баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев әскери академиялар мен оқу орындары халықаралық стандарттарға сай болуы керектігін атап өтті.