Кеше Жаңаөзенде Маңғыстауға белгілі журналист Закария Исағұлов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды, - деп хабарлады mangystaumedia.kz.
Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Ж. Аймағанбетов, «Маңғыстау- Медиа» ЖШС директоры Г. Әбішева, «Маңғыстау» облыстық газетінің бас редакторы Ғ. Әріп, ардагер журналистер А. Айдаров, Б. Ботабаев, Закария ағаның отбасы мен туыстары қатысты. «Маңғыстау» газетінің 50 және «Маңғыстау-Медиа» ЖШС –нің 10 жылдығы аясында ұйымдастырылған шарада Закария Исағұловтың замандастары, тізе қоса еңбек еткен аға буын өкілдері өткен күндерден естелік айтып, өнегелі өмір жолынан сыр шертіп, оның журналистік болмысын тілге тиек етті.
Шара соңында қаламгердің жұбайы ҚР білім беру саласының үздігі Оразгүл Жұмағалиқызы сөз алып, игілікті шараға ұйытқы болған ел ағаларына, басшы-қосшы азаматтарға алғысын білдірді.
Ескерткіш тақта бір кездері Закария Исағұлов тұрған «Самал» шағын ауданы, 20-үйіне қойылды.