14 сәуір күні таңғы сағат 04.30 шамасында 102 кезекшінің пультіне Ақшұқыр ауылындағы үйлердің бірінде пышақпен жарақат салған туралы шақыру түсті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz МО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барған. Жедел тергеу тобы 11 жасар кәмелетке толмаған баланың 19 және 12 жастағы әпкелеріне пышақпен лунатизм жағдайында жарақат салғанын анықтаған.
- Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Біреуі медициналық көмек көрсеткеннен кейін үйіне жіберілді, екіншісі әлі ауруханада. Бұл факт ҚР ҚК 106-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелген. Тергеу жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді, - делінген полиция хабарламасында.