Бултекова Гүлайым Тоқсанбайқызы осы ауылда дүниеге келіп, №1 қазақ орта мектебінде оқыған Құрықтың төл перзенті. Ол еңбек жолын балабақша тәрбиешісінен бастап, ұрпақ тәрбиесіне ден қойған қарапайым жан.
2008 жылдан бастап Құрық ауылындағы «Болашақ» балабақшасының директоры, 2022 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Құлыншақ» балабақшасының директоры қызметін мінсіз атқарып келе жатыр.
Білім саласында ұзақ жыл қызмет атқара жүріп қоғамдық-саяси шаруалардан да қол үзген жоқ.
Ел аманатын арқалап, «AMANAT» партиясы атынан Қарақия аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат ретінде тіркелді.
Ендігі мақсат — туған жерінің өсіп-өркендеуіне, халықтың әл-ауқатының ілгерлеуіне депутат ретінде, осы ауылда туып өскен ел жанашыры ретінде өз үлесін қосу.
Білім беру, ұрпақ тәрбиесі, ұлт саулығы, басқа да өзекті мәселелерді қолдау — оның басым бағыты.
Жаңа есім — жаңа серпін. Ең бастысы — жақсы маман, жаңашыл, білікті ұйымдастырушы.
Үміткердің сайдауалды бағдарламасындағы басты байлық – АДАМ.
Әрбір адам лайықты білім мен медициналық көмек алуға, жеке қауіпсіздігінің қорғалуына, ыңғайлы әлеуметтік орта мен жайлы үйде тұруға құқылы.
Қазақстан азаматы өз елі, өз жерінде алдағы болашағына алаңдамайтындай өмір сүруі керек, деп есептейді.
Екіншіден — білім мен ғылымға салынған инвестиция – болашаққа салынған инвестиция. Білім, ғылым саласын дамытуға басымдық беріп, қаржыландыруды ұлғайту қажет деп санайды.
Үшіншіден — АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ бағдарламасын қолдау.
Ауылдың әлеуметтік жағдайын жақсарту, ауыл шаруашылығын қолдауға ерекше басымдық беру.
Ауыл тұрғындарының табысын, біліктілігін арттыру.
Құрметті сайлаушылар!
Г .Бултекова Қарақия ауданы тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін сайлауға қатысуға бел буды.
Г.Бультекова үгіт-насихат жүргізу кезінде өзінің сайлаушыларымен кездесіп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды, тұрғындардың арыз-армандарын тыңдап, ұсыныс-пікірлерін қабылдады. Ары қарай осы мақсаттарды орындауға атсалыспақ.
Әрдайым әділ де іскер, елдің игілігі үшін ерінбей еңбек ете білген қарапайым жанды қолдайық!
Жаңа есім — жалпыға бірдей мүмкіндікке дауыс берейік!
Г. Тоқсанбайқызының сайлау қорының қаражатынан төленді.