Менің басты мақсатым – «Ақ жол» демократиялық партиясының «ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРІСТЕР ҚАЖЕТ» саяси бағдарламасын іске асырып, сайлау округінің аумағында тұратын азаматтарға олардың әлеуметтік және өмірлік маңызды мәселелерін шешуге жәрдемдесу.
Өмірбаяным
Мен, Кенған Ерұлан Есболатұлы, 1986 жылы 9 тамызда Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Ұштаған ауылында мұғалімдер отбасында дүниеге келдім.
1992 жылы Ұштаған орта мектебінің табалдырығын аттадым. Мектеп қабырғасында белсенді оқушы болып, шыңдалдым. 2003 жылы Ұштаған орта мектебін үздік бітіріп, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің жерге орналастырушы инженері мамандығына оқуға түсіп, 2008 жылы университетті бітірдім. 2013 жылы Маңғыстау гуманитарлық-техникалық университетінің заңгер мамандығына оқуға түсіп, 2015 жылы аяқтадым.
Алғаш еңбек жолымды 2008 жылы Мұнайлы аудандық жер қатынастары бөлімінде маман болып бастадым. 2011-2018 жылдар аралығында Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы, Қарақия аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы қызметтерін атқарып, 2018 жылдан бері мұнай өндіріс саласында Маңғыстау ауданының аумағында орналасқан Қаламқас кен орнында технологиялық көліктермен қызмет көрсететін «БозашыТрансҚұрылыс» ЖШС-нің директоры қызметін атқарамын.
Маңғыстау облысы, соның ішінде Маңғыстау ауданының әлеуметтік экономикалық дамуына қолымнан келгенше өз үлесімді қосып келемін.
Мемлекет пен жергілікті билік тұрғындар үшін сапалы өмір сүруге жағдай жасауы керек:
Қала тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындарын қарастыру;
Автомобиль жолдарын қалыпқа келтіру және жаңа шағын аудандарға автомобиль жолдарын салуға ықпал ету;
Жұмыспен қамту және әлеуметтік көмекті ұйымдастыруға ықпал ету;
Жылу, су, электрмен үзіліссіз қамтамасыз ету;
Мүгедектер мен қарттарға әлеуметтік көмектер ұйымдастыру;
Мемлекет пен жергілікті билік аграрлық шаруашылық пен кәсіпкерліктің өсуіне жағдай жасауы керек:
Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға ықпал ету
Туризм бағыты бойынша азаматтардың ішкі туризмге деген қызығушылығын арттыру.
Көлік және логистика бағытының дамуына үлес қосу.
Жергілікті кәсіпкерлікті қолдау, олардың дамуына үлес қосу;
Мемлекеттен көрсетілетін кәсіпкерлік қолдауларды кеңінен насихаттау, олардың алу жолындағы шараларды ұйымдастыру;
Жергілікті мекемелердің шетел компанияларымен тең дәрежеде жұмыс жасауына ықпал ету;
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!!! СЕНІМ БІЛДІРГЕН, СӘТТІЛІК ТІЛЕГЕН АУЫЛДАСТАРДЫҢ АМАНАТЫН АДАЛ АРҚАЛАУҒА НИЕТТІМІН! МАҒАН ДАУЫС БЕРУГЕ ШАҚЫРАМЫН!
Кенған Ерұлан Есболатұлының сайлау қорының қаражатынан төленді.