Ертілеуова Аида Балқашбайқызы жас болса да бас болып Ақтау қалалық мәслихат депутаттығына үміткер ретінде бірмандаттық жүйе бойынша сайлауға түсіп жатыр.
Қына тастан шығады, Өнер, білім жастан шығады-дегендей дана халқымыз. Еңбек жолын өзінің еңбекқор, алған жолынан қайтпайтын қайсарлығы мен істеген ісіне тиянақтылығының арқасында көзге түсті. Жастайынан өз еңбегімен бірнеше мемлекеттерде қызметте жұмыс жасай жүріп білім саласынан қол үзбей өзінің білімін жалғастыру үстінде болды. Ол Маңғыстау облыс әкім грантын жеңіп алып, Киелі Маңғыстау облысы, Ақтау қаласындағы Yessenov University-нің Жергілікті мемлекеттік басқару менеджмент мамандығы бойынша магистратураны өте жақсыға тамамдап, ҚРБЖҒМ мемлекеттік грантын жеңіп алып, қазіргі таңда доктарантура білімінің соңғы курсын жалғастыруда.
Тұрмыста. Жолдасы кəсіпкер. Екі баланың анасы. Жанұялық өмір мен қоғамдық саяси өмірді бірге ала жүріп Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан бірнеше алғыс хаттармен, облыстық әкімшілік пен «Аманат» париясының грамоталарымен марапатталып сый құрметке бөлініп жүр. Осындай қыйын да қызықты еңбек жолында қоғамдық жұмыстарға белсене араласып өзінің халықтың мұң мұқтажын да көңілінен тыс қалдырмай белсене араласып отырады.
Ол Әділдік Жолы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облысы бойынша қоғамдық кеңестің мүшесі және жауапты хатшысы. Аманат партиясының Ақтау қалалық филиалы жанындағы «Көктем» бастауыш ұйымының төрайымы ретінде белсенді қызмет атқарып келе жатыр.
Қазақта «Әйел-ана бір қолымен бесікті тербесе, бір қолымен әлемді тербейді»-деген қанатты сөз бар. Аида Балқашбайқызы да қоғамдық қызметі мен бірге қоғамдағы әйел азаматтардың мәселелерін де көңілден тыс қалдырмай қолынан келген құқықтық кеңестерімен бөлісіп отырады. Ол өзінің басты бағдарламасының да кредосы ретінде ұрпақ тәрбиесіндегі әйел-ананың орны мен балаларды қорғауды алады. Мәслихат депуттатығында осы ойларын жүзеге асырып қоғамдағы әйелдердің қоғамдағы бала тәрбиесі, отбасы құндылығына қатысты мәселелрімен тікелей айналысып өз көмегі мен қол ұшын созсам және пайдамды тигізсем деген мақсатты қойған.
Аида Балқашбайқызы қазақтың 7-санының киелі мәніне көңіл бөліп өз бағдарламасын 7-қадамға негіздеп ұсынып отыр. Бұл да оның қазақы тәрбиені бойына сіңіріп ұлтының салт-дәстүріне деген құрметінің бір көрінісі десе жаңылмаспыз.
1. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеумен ұдайы шұғылдану.
2. Жемқорлықсыз қоғам құру -кемел келешек кепілі.
3. Балалар мен жасөспірімдердің психологиялық тәрбиесімен айналысатын экожүйе құру.
4. Шешендік өнерді бойға сіңірудің ғылыми- тәжірибелік алаңын жасау.
5. Көшбасшы балаларды тәрбиелеу арқылы қоғамдық өмірдегі жаңа жетекші жас буын өкілдерін қалыптастыру.
6. Мүмкіндігі шектеулі балаларды мемлекеттік – әлеуметтік қорғаудың жүйесін құру.
7. Үкіметтік емес ұйымдармен жүйелі жұмыс жүргізу. Барлық қоғамдық істердің қозғаушылық қызметін атқаратын -ҮЕҰ болып табылады. Егер осы ұйымдарды қоғамдық шараларға тарта білсек үлкен шаруаларды шешуге болар еді.
Дей келе Аида Балқашбайқызы - өзінің еңбек жолындағы тәжрибесін халықпен бөліссем. Халқыма шамалы болсада қолқабысым тисе деген мақсатпен мәслихаттық депутаттыққа өзін ұсынып отыр.
Құрметпен,
Аида Балқашбайқызының Сенімді Өкілі, Yessenov University-нің Қазақстан тарих кафедрасының меңгерушісі саяси ғылымдарының докторы профессор Тарих жане қоғамдық ғылымдар академиясының Академигі Жаулин Кикбай Минбаевич
А. Балқашбайқызының сайлау қорының қаражатынан төленді.