«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басқарма басшысының орынбасары болып Нұрпейіс Сәрсенбай тағайындалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жаңа лауазымға тағайындалған Нұрпейіс Сәрсенбай «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның «Қаламқасмұнайгаз» кенорнының басшысы қызметін атқарған. Ол енді компанияның әкімшілік және әлеуметтік бағытындағы басшылық міндетті атқарады.