Мұнайлы ауданының Қызылтөбе ауылында жер асты газ құбыры желілерін жер үстімен жүргізу жұмысы қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мұнайлы аудандық сәулет, құрылыс, қала құрылысы бөлімінің бас маманы Ислам Есенов былтыр бастау алған жоба аясында жалпы ұзындығы 31.6 шақырымды құрайтын құбыр төселеді.
Мереке, Наурыз, Арай, Атамекен, Сағыныш, Желтоқсан, Маусым, Иманов, Молдағұлова, Маметова, Әуезов, Уалиханов, Жабаев көшелеріне көгілдір отын Кеңес Одағы тұсында жүргізілген. Бүгінде болат құбырлардың тозығы жетіп, қауіпсіздік талаптарына сай келмей тұр.
-Аталған жоба 2020-2021 жылдары жасақталып, 2022 жылы республикалық бюджеттен қаржыландырылды. Тамыз айында құрылыс монтаждау жұмыстары басталды. Мердігер мекеме «Gas Energy Construction» ЖШС. Келісімшарт құны – 613,76 млн.теңге,- деді Мұнайлы аудандық сәулет, құрылыс, қала құрылысы бөлімінің бас маманы Ислам Есенов.
Құрылыс жұмыстары 2023 жылға өтпелі кезеңмен жалғасуда. Жоспарға сәйкес, биыл маусым айында халық игілігіне қолдануға берілмек.