Бейнеу ауданы бойынша ауа-райының күрт нашарлап, шаңды дауыл болуына байланысты түстен кейінгі ауысымда оқитын 8 451 мектеп оқушы онлайн форматқа ауысты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мектеп оқушыларының үйден шықпауын қадағалауды сұраймыз.
Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары! Ауа райының қолайсыздығына байланысты аудан аумағынан өтетін республикалық маңыздағы автожолдарда аудандық полиция бөлімінің экипаждары күшейтілген жұмыс режиміне кірісті, делінген Бейнеу ауданының әкімдігі таратқан ақпаратта.