«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдиннің айтуынша, қағазсыз қызмет көрсетуге көшу бірнеше кезеңмен жүзеге асады.
«Мемлекеттік аппаратты жалпы цифрландыру және бюрократиясыздандыру аясында миллиондаған тонна қағазды технологиялар мен онлайн-сервистерге ауыстыру қажет, осы бағытта жұмысты бастап та кеттік. Енді қазақстандықтарға құжаты дайын болғанда қай ХҚКО-ға жүгіну керектігі және уақыты көрсетілген sms-хабарлама келеді. ХҚКО операторына клиент электронды қолхатты көрсетсе болды», - дейді Әбділдин.
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандары қазақстандықтарға осы 8 қызмет бойынша жылына 6 млн-ға жуық қолхат береді (бұл қолхаттардың жалпы санының 40%-ын құрайды). Енді клиенттер құжаттарын алғанда қағаз қолхатты көрсетудің қажеті жоқ. Қағаздың 2022 жылы күрт қымбаттап кеткенін ескеретін болсақ, бұл шешім мемлекеттік корпорацияның қағазға жұмсалатын шығындарын қысқартуға да мүмкіндік береді.
Бюджетті оңтайландыру мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» жартылай ағартылған целлюлозадан жасалған эко-қағазды пайдалануға көшу туралы шешім қабылдады. Ол әдеттегі қолданатын қағаз түсінен сарғыш болғанымен, басылған мәтіннің сапасына әсер етпейді. Сонымен қатар, ол кез келген принтер мен көшіру құрылғысына жарамды. Қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың, университеттер мен банктердің көпшілігі осындай эко-қағазды пайдалануға көшті.
Қолхат берілмейтін қызметтер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін беру және кері қайтарып алу;
2. Қазақстан Республикасы халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу;
3. Қазақстан Республикасы халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару;
4. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру;
5. Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру;
6. Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың төлнұсқасын беру;
7. Жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру;
8. Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортының телнұсқасын беру.