Кеше қала бойынша 12 арнайы техника жұмылдырылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жауын-шашын аяқталғаннан кейін «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның 19 техникасы мен «Өзенмұнай инвест» 2 техникасы, «Өзенмұнай сервис» 6 бірлігі, «Бұрғылау» 3 техникасы және 4 арнайы апаттық техника жұмылдырылған. Ең алдымен, су басқан әлеуметтік нысандар мен аулаларға су сору жұмыстары жүргізілді. Содан кейін көше арықтарын тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Одан бөлек даладан ағып келетін сулар үшін кейбір жерлерге топырақ үйіп жолын бөгеу бағытындағы жұмыстар жүргізілуде