Оқиға 7 тамыз күні таңертең Бейнеу ауылындағы жанармай құю бекетінде болған. Екі ер адам ұйықтап жатқан азаматтың 80 мың теңге шамасында қолма-қол ақшасы бар сөмкесін ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілер анықталып, ұсталды.
Аталған факті бойынша Бейнеу аудандық полиция бөлімі ҚР ҚК 191-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуде. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жарияланбайды.