“Толық емес отбасы" санаты бойынша жеңілдетілген ипотекалық несие алу Қазақстандағы жалған ажырасулардың бір себебі болып отыр. Мұндай пікірді "Отбасы банк" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме бере отырып.
Оның айтуынша, банк несие беру бойынша үш жылдық кезеңнің қорытындысына талдау жүргізген. Сараптамаға сәйкес, "толық емес отбасылар" санаты соңғы төрт жылда жылдам қарқынмен өсіп келеді.
Оның айтуынша, 23 қыркүйекте Үкімет қаулысы аясында толық емес отбасыларға "Шаңырақ – 5-10-20" бағдарламасы бойынша несие беріледі деген ұсыныс қолдау тапты.