Әбіш Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи өлкетану музейі Түркияның Изник қаласында өтіп жатқан IV дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясындағы қолданбалы өнер көрмесіне қатысты, деп хабарлайды хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Изник қаласы – 2022 жылғы түркі дүниесінің мәдени астанасы болып бекітілген. 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өткен шараға Қазақстан, Өзбекстан, Түркменстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түркия елінің спортшылары, өнерпаздары мен қолөнершілері қатысты.
Халықаралық шараға Мұрат Өскінбаев атындағы облыстық филармонияның Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрі де қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
Маңғыстау облысының делегациясын облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Пәния Сармурзина бастап барды.