Ақтауда екі адам ресейлік азаматтан 200 еуроны ұрлап кеткен. Оқиға 11 ықшамаудан №39 үйдің жанында болған. Зардап шегуші бұл туралы Ақтау қаласының ІІБ-не өтініш жазып, шара қолдануын сұраған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz аймақтық ПД-ға сілтеме жасап.
Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігімен Ақтау қаласы ТЖД ЕРД-да тіркелді.
Жедел іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 26 және 31 жастағы екі күдіктіні анықтап, ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Мойындаулар алынды.