36 жастағы көпбалалы ана Гульмира Хибасова Бейнеу ауданы тұрғындарын түрлі нан өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық Қоғамдық коммуникация орталығы.
Кәсіпкер өнімдерді табиғи ашытқымен(дрожсыз) дайындайды. Әрі жыл сайын ассортиментті көбейтіп отыр. Көпбаланы ананың айтуынша, бұл кәсіпті қолға алғанына бір жылдан асқан.
- Карантин уақытында жолдасым жұмыссыз қалды. Сосын кәсіп бастауды жоспарладым. Осылайша, Құлсарыдан шеберлік сабағына қатысып келдім. Алғаш рет үйден пісіріп бастадым. Бейнеу ауданы үлкен болғандықтан, сұраныс бола бастады. Сосын «Атамекенге» барып, наубайхана ашу үшін оқу оқыдым. Ғимарат тауып, бизнес-жоспар жасап, керек заттарымды жазып, грант ұтып алдым. Өнімдерінің басты ерекшелігі - табиғи, химиялық қоспасыз, - деді Гульмира Хибасова.
«Тәтті нан» наубайхасын ашып алған бес баланың анасы тек нан емес, тәтті бәліштер, жайма нан да дайындайды. Кәсіпкер алдағы уақытта наубайханасын кеңейтуді жоспарлап отыр. Қазір Бейнеу ауылының 2 адамын жұмыспен қамтып отыр. Олардың айлық жалақысы 70-90 мың теңге аралығында.