Боранқұл ауылындағы екі тұрғын үй шатыры ұшып кеткен. Қатты жел әсерінен келтірілген шығын қалпына келтіріледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Бейнеу ауданының әкімдігіне сілтеме жасап.
–Өткен жылғы келісім-шартқа сәйкес көпқабатты тұрғын үйлердің шатырын жөндеу жұмыстары «Бейнеугаз» ЖШС есебінен жасалады. Өйткені эксплуатацияға қабылданғаннан кейін 2 жылға кепілдік беріледі. Ал кепілдік мерзімі әлі аяқталмады,- деп хабарлады Бейнеу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, 20 қарашада қатты жел соғып, (ескі екпіні 9-16 м/с дейін) Боранқұл ауылындағы екі тұрғын үйдің шатыры жартылай ұшып кетті.