Маңғыстау бойынша 6 ауылда су құбырлары жүргізіліп, 6 ауылда тұшыту қондырғысы орнатылды. Нәтижесінде 12 ауыл таза ауыз сумен қамтамасыз етілді. Бұл ауыл халқының ауыз суға қолжетімділігінің 100%-ын құрайды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Ел Президенті 2022 жылдың соңына дейін 12 ауылды таза ауыз сумен қамтамасыз ету тапсырмасын берген болатын.
- 2022 жылы Маңғыстау облысының 12 ауылында, атап айтқанда Боздақ, Тиген, Тасмұрын, Қияқты, Қарақия ауданының 15 разъезі, Бекі, Басқұдық, Аққұдық, Бейнеу ауданының өзі, Тұрыш, Ноғайты, Түпқараған ауданының Қызылөзен ауылында таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді. 6 ауылда Бекі, Басқұдық, Сам, Тұрыш, Ноғайты, Қызылөзен орталықтандырылған су құбырлары салынды. 6 ауылда, Боздақ, Тиген, Тасмұрын, Қияқты, 15 разъезд, Аққұдықта кешенді блок-модульді тұщыландыру қондырғылары орнатылды,-деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Әбдеш Түркменбаев.