Ақтауда 12 ш/а «Ынтымақ» алаңындағы ту тұғырға орнатылған мемлекеттік ту қатты желдің салдарынан жыртылып қалды.
Маңғыстау облыстық Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, бүгін облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с солтүстік-батыстан жел соғады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан да аса күтіледі.
Жоғарыда көрсетілген мәліметтерге байланысты және қызмет көрсету регламентіне сәйкес Ақтау қаласындағы 12 ш/а «Ынтымақ» алаңындағы ту тұғырға орнатылған мемлекеттік ту уақытша алынды. Ауа-райы қолайлы болған кезде ту қайтадан көтеріледі.