• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 20 Қаңт. 2021

Қосымшалар

Редакция +7 (7292) 20 48 34 hat@mangystaumedia.kz
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтау қалалық мәслихатының І сессиясы өтті...

Қала тұрғындары сайлауда белсенділік танытып жатыр...

Теңіз жағалауынан өлі үйректер табылды (ФОТО)...

«Nur Оtan» партиясынан Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттарының тізімі жа...

Маңғыстау облыстық мәслихаттың алғашқы сессиясы өтті...

  • USD: 420.32 ₸
  • EUR: 509.34 ₸
  • RUB: 5.7 ₸

Таушыққа түскен бомба хақында...

[ 2020 ] 15 ақпан, 11:19  |  Түпқараған

Таушық – түбектегі киелі қоныс. Маңғыстау өлкесінің кәрі шаңырағы саналады. Жан-жағы қара таулармен, ақ таулармен қоршала отырып, шатқалды терең сайға айналып, бір шеті қарт Каспийге тіреледі. Табиғаттың қолайсыз жылдарында құтты қоныс болып, ел басы- на зобалаң әкелген жаугершіліктерде жұртына қорған болған ұлдарын өмірге әкелген әрбір тау-тасында қатпарлы тарихымыздың шежіресі шертіледі.

Жуырда киелі мекен Таушықтың 80 жылдық мерейтойы өз деңгейінде аталып өтілді. Менің де туып-өскен, білім алып, азамат болып жетілген құтты ордам.

Сол жылдары Таушықты тұрғызған жапон тұтқындары мен жер аударылып келген түрлі ұлт өкілдері болатын. Соғыс жылдары Таушықта көмір кен орны ашылған ең бірінші №8 шахта болды. 1–5 аралығындағы шахталар ашылғанымен көмір алынбады. Себебі шахтаның астын су басып кеткен. Сонысына қарағанда Таушықтың асты біз біле бермейтін құпияға толы дария болуы заңдылық болса керек-ті.

Бала кезімізде біздер №7 шахтадан, Таушық 7 жылдық мектебінен 5-6 шақырым жерден 5, 6, 7-сыныпты №7 шахтадан оқыған едік. Таушықтың орталығы Соцгородок ішінен 2-3 жерде және мектептің қасындағы жазғы клубтың, Таушықтың 7 жылдық мектебінің қасындағы 3-4 құлаштай құдықтар болатын. Қоңырау уақытында сол құдықтан малмен қабаттасып, астаудан жамыраса су ішетінбіз. Таушықтың айналасындағы Апажар, Төрорпа, Дәніспан тауының қасындағы фонтон, Доллы апа, кірпіш зауыттың фонтаны, Есекжар сайының ағып жатқан ащыағарының жан-жағы қаулап жыңғыл өсіп тұратын құдықтары бар, ол жер мал бағуға қолайлы болатын.

№6 шахтадан аздап көмір алынған. 6, 7, 8 шахтаның арақашықтығы 1 шақырымдай. Көмір беріп тұрған №7 шахтаға, №6 шахтаның көмірін түйемен, арбамен әкеліп, №7 шахтадан вагонеткаға тиеліп, тар-табанды темір жол арқылы Қапының ішімен Сартас айлағына жеткізіп тұрған. №7 шахта мен Сартастың арақашықтығы 40–45 шақырымдай.

№8 шахтаны су алып кетуіне байланысты көмір алынбаған. Бұл жерде мотовоз, вагонетка, рельстерді оңдайтын және көмір тиелген, көмірден босаған вагонеткалар тіркемелері қаз-қатар орын алып жатты. Ауа райына байланысты қысты күні күртік қардың астында, жазда жауын-шашында қарғын алып кетуіне байланысты жөндеу бригадалары болды.

Бала болсақ та көзімізбен көре қалған жайт, соғыс жылдары №7 шахтадан көмірмен бірге майдандағы жауынгерлерге киім-кешек, аяқ-киім, жылы шұлықтар мен байпақтар жөнелтіліп тұрды.

Менің анам Салқын – Москва қаласында 12 жыл тұрды. Москвада 1 жыл 3 ай тігіншілік курсын бітіріп, Крупская атындағы тігін фабрикасында тігінші болып жұмыс жасаған ең бірінші қазақ әйелдерінің бірі. Әкеміз Байбоз Қилыбайұлы да Москвада 1929-1934 ж.ж. сауда институтын қызыл дипломмен бітірген ең бірінші қазақ азаматы және ең бірінші түлектерінің қатарында болды.

Әкемізді 1936 жылы Англияға елшілікке жібермекші болып тұрғанда Қазақстаннан балық министрлігі ашылмақшы болып, сол министрлікке дайындап қойған екен. Кейін уақытша Гурьев балық комбинатының директоры қызметін атқарды. 5-6 айдан кейін халықты жаппай қызыл өкіметтің солақай саясаты қысып, «халық жауы» деген лақап атпен ұсталып, жазықсыз қамауға алынды.

Дәл қазір жадымда жоқ, 3-4 жылдықтың шамасында республикалық «Ана тілі» ұлттық газетінде «Ұлы Отан соғысында Қазақстан жеріне фашистердің бомба тастаған жері жоқ» деп жазылған мақалаға көзім түсіп кетті.

1942 жылы 7 қарашада Кеңес Одағының 15 жылдығына арналған митингтен кейін түс мезгілінде немістің самолеті ұшып, Таушықтағы кірпіш заводқа 2 бомба тасталды. Орыс халқының мақалы бар: «Слышно где-то звон, не знает где он» деген. Осы кірпіш заводқа тасталған бомба жөнінде әркім әр түрлі пікір айтып жүр. Дәлелді нақты жауаптары жоқ. Жау самолеті бірінші бомбаны кірпіш заводқа тастап, екіншісін Ембі тауының үстіне тастаған тұста бір боталы түйе өлген депті. Оны барып, кім көрген екен?! Таңым бар!

Тағы бір жел сөзді ақпаратта «Қапының ішіндегі рельске тастап, ойрандап кеткен» дейді. Бәрі де шындыққа жанаспайды. Таушықта жарықтық Қалабай Аманиязов деген марқұм жездеміз болды. Зайыбы апамыз Балтекеш Боранбаева. Сол жездеміздің Таушықта «Қалабай айтқан» деген әзіл әңгімелері ел арасында әлі күнге айтылып жүр. Жарықтық жездеміз бірде: «Гитлер пяти минуткісінде штаб бастықтарын жинап алып, ұшына жынданып, Совет одағының көмір шығатын Кузбасс, Донбасты біз жаулап алдық, бұлардың көмірмен жүретін техникасы чем питается десе, жанындағы барлаушылары Таушық деген жерден екі таудың ортасынан түтіні будақтап мотовоз шығады дегеніне әлгі Гитлер жынданып, бірінші Таушықты алу керек, тогда Москва никуда не денется» деген екен деп әзіл-шынын араластырып айтып отырушы еді.

Фашист жауынгерлерінің бомбалаушылардың тапсырмасының негізгі нысаны №7 шахтаның көмір шығаратын шахтасы болуы керек. Кірпіш зауытта сол уақытта күні-түні 2 факель лаулап жердегі №7 шахтаның, түнде сол факельдің сәулесімен үй-үйдің арасы жап-жарық болып көрінетін. Бірінші алау промкомбинаттың иленген сазбалшығымен қалыпқа салып шығаратын кірпішін шамда күйдіріп, ыссыға шыдамды болсын деп өртейтін. Цемент ол уақытта атымен жоқтың қасы. Екінші алау таудың қара тасын өртеп, үй әктейтін әк шығаратын. Осы екі алау жау самолетінің тап- сырмасын өзіне аударған нысан еді. Бірақ бомбалары нысанаға тимей, алшақ-алшақ түскен екен. Сол бомба түскен 2 жерде әлі күнге дейін алып шұңқыр жатыр. Бүгінде сол бомба түскен жерде «Тыныштық» деп аталатын ескерткіш қойылған. Ескерткіш жазуында «1942 жылы 7 қараша неміс фашистерінің бомба тастаған жері» делінген.

Тапсырма орындаушы фашист жауынгері самолетінен №7 шахтаның көмір шығаратын шахтасын аман алып қалған кірпіш зауыттың екі алауы деп түсінген абзал.

Бұрындары әр түрлі жазылған ақпараттарда кірпіш зауытының күні-түні лаулап жанып тұратын екі факелі жөнінде ешкім жазбаған. Бүгіндері ол хақында білетін адамдар жоқтың қасы. Тарихтың аты тарих қой. Өз білгенімді, білмейтіндер білсе, келешек ұрпақтарымызға тарих болып қалар деген оймен қолыма қалам алғаным осы еді.

Сәрсен ҚИЛЫБАЙ,
мұнай-газ саласының ардагері, зейнеткер.
Ақтау қаласы

2830
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Аудан тынысы Түпқараған Қоғам
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Қоғам белсенділері Форт-Шевченко атауын ауыстыруды ұсынды

Келесі жаңалық

Аудандық мәслихаттың депутаттары сайлаушылармен кездесті

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Мұрын жырау музейінің қоры құнды жәдігерлермен толықты

    12 қаңтар, 11:44
    331

    Түпқарағанда Мұрын жырау музейі ашылды

    [ 2020 ] 15 желтоқсан, 09:40
    586

    Таушыққа түскен бомба хақында...

    [ 2020 ] 15 ақпан, 11:19
    2831

    Таушық ауылдық емханасына көлік сыйға тартылды

    [ 2020 ] 5 ақпан, 10:03
    1482

    Форт-Шевченко қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2019 жылғы есебі тыңдалды

    [ 2020 ] 29 қаңтар, 09:42
    1521

    Қызылөзенде ашық спорт алаңы пайдалануға берілді

    [ 2020 ] 27 қаңтар, 09:53
    1484

    Рубрикалар

      Сұхбат Құқық Редакция Қоғам Астана - 20 Экономика Редакция газеттері Редакция туралы Анықтама бюросы Сараптама Ауыл өмірі EXPO - 2017

    Автордың басқа да жазбалары

    Жемқорлықтың алдын алу шаралары маңызды

    Бүгін 18:16
    6

    COVID-19-дың симптомсыз түріне шалдыққандар қауіпті – маман пікірі

    Бүгін 17:22
    20

    Облыста кеше 4 адам коронавирус инфекциясынан жазылды

    Бүгін 16:02
    24

    Зейнетақы жинақтарын қалай тексеруге болады

    Бүгін 15:21
    47

    Ақтауда дүниеге келген төртем үйге шығарылды

    Бүгін 14:12
    79

    Мұнайлыда шақпақ қант шығаратын цех жұмыс істейді

    Бүгін 11:55
    78

    Paragraph

    Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Ducimus itaque, autem necessitatibus voluptate quod mollitia delectus aut, sunt placeat nam vero culpa sapiente consectetur similique, inventore eos fugit cupiditate numquam!

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    mangystaumedia.kz сайтында «Маңғыстау Медиа» ЖШС аясында шығатын облыстық «Маңғыстау» газеті, сондай-ақ қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттерінде жарияланған материалдар беріліп отырады.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Яндекс.Метрика

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»