2020 жылдың 17-21 ақпан аралығында Түпқараған аудандық мәслихатының депутаттары өз округтерінің сайлаушыларымен кездесулер өткізді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Депутаттар 2019 жылдың қорытындысы бойынша өз өкілеттіктерін орындау барысы жөнінде және аудандық мәслихаттың қызметі туралы есеп берді. Кездесулер барысында депутаттар жергілікті тұрғындардың ұсыныстарын тыңдап, сұрақтарына жауап берді.
Есепті кездесулерге қала, ауыл әкімдіктерінің өкілдері, ауыл белсенділері, жастар, қала және ауыл тұрғындары қатысты.