Республикалық «Qazaqstan Project Management Awards 2021» жобалық менеджментті жетілдіру конкурсында Маңғыстау облысы әкімдігі жанындағы Жобалық офисі «Жылдың үздік жобалық офисі» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын иеленді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Байқауға аталған номинация бойынша орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың 27 жобалық офисі қатысқан.
Айта кетсек, мемлекеттік жоспарлау жүйесінде жобалық басқаруды құру туралы Маңғыстау облысының Жобалық офисі 2020 жылы облыс әкімінің «ҚР жергілікті және өзін-өзі басқару» туралы заңына сәйкес құрылды.
Офис – ұлттық және өзге де жобаларды әзірлеу, олардың іске асырылуының жедел мониторингін қамтамасыз ету мақсатында қызмет етеді.
Еске сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейнебайланыс режимінде қатысуымен «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының иегерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.
«Биыл салтанатты жиын Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның зор символдық мәні бар. Егемендік кезеңінде Қазақстанда бизнестің дамуына жан-жақты жағдай жасалды. Соның нәтижесінде жаңа заманға сай кәсіпкерлер шоғыры қалыптасты. Олар ұлттық экономиканың басты қозғаушы күшіне айналуда», – деді Мемлекет басшысы.
Бұған дейін 150-ден астам компания Президент сыйлығының иегері атанған.