Stan.kz сайты биыл екінші рет онлайн-диктант ұйымдастырып жатыр. Онлайн-диктантқа жоғарғы сынып оқушыларынан бастап зейнеткерлерге дейін қатыса алады. Ол үшін тұрғындардың интернеті мен телефоны немесе компьютері болса болғаны. Диктант мәтінін журналист, тележүргізуші Мақсат Толықбай, филолог, тележүргізуші Жанат Бақыт, филолог, тележүргізуші Анна Данченко оқиды. Қатысушы, анық, әдемі оқылған мәтінді тыныс белгілерін дұрыс қойып, қатесіз жазады. Соңында жазылған мәтінді оқып, бір тексеріп алуға уақыт беріледі. Диктант аяқталғаннан кейін сайт автоматты түрде қатысушының қай сөзді немесе қай тыныс белгіні дұрыс қоймағанын көрсетеді, сауаттылық дәрежесін процентпен көрсетеді.
Диктантты үздік бағаға жазғандар арасында 5 смартфон ойнатылады. Яғни 5 адамға бағалы сыйлық бар.
Онлайн-диктантты ұйымдастырудағы басты мақсат, қазақ тіліне деген құрмет. Мемлекеттік тілді әр Қазақстан азаматы білгені жөн. Ал, әр қазақ өз тілінде сауатты болғаны дұрыс. Көпшілікті заманға сай тіпті әлеуметтік желіде сауатты жазуға шақыру.