Түпқарағандық 14 жастағы спортшы Бейбарыс Жұмабай каратэден Ресейде өткен «Всеросийский Фестиваль» турнирінде ІІ орын алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚКО сілтеме жасап.
Турнир 16-17 сәуір аралығында Мәскеу облысының Одинцовский ауданында өткен. Жарысқа барлығы 400-ге жуық спортшы қатысты.
Бейбарыс Жұмабай 60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.
- Биыл алғаш рет турнирге қатысуға елімізден спортшылар шақырылды. Алғашқы қатысуымыздың өзінде спортшымыздың тұғырдан көрінуі үлкен жетістік. Бұл жарысқа дейін Бейбарыс Жұмабай каратэдан облыстық турнирде І орын алып, кейін Қазақстан біріншілігінен ІІ орынға іліккен болатын, - деді спортшының жеке бапкері Бекжан Сайлау.
Айта кетейік, «Всеросийский Фестиваль» турнирі осы уақытқа дейін ресейішілік турнир болған.