Тамыз айының 8-18 аралығында Қытай мемлекеті, Чэнду қаласы, Сычуань провинциясында полиция және өрт сөндірушілер қызметкерлері арасындағы бүкіләлемдік спорттық ойындар өтті. Жарысқа 102 мемлекеттен 12000-ға жуық спортшы қатысқан. Додаға Қазақстанның намысын қорғауға барған 4 спортшының бірі - Түпқараған аудандық полиция бөлімінің табиғатты қорғау бөлімшесі бастығы, полиция капитаны Қайрат Ургешбаев. Ол зілтемірді сығымдап көтеру бағыты бойынша бақ сынап, алтыннан алқа тағып оралды. Қытай төрінде әнұранымызды асқақтатып, көк туымызды желбіретіп, Қазақстан Республикасының намысын қорғаған жеңісімен құттықтау үшін аудан әкімі Айдос Таңғалиұлы чемпионды арнайы қабылдап, спортта және қызметте табыстар тіледі.
Өз тілшіміз