Маңғыстау облысында 2021-2025 жылдар аралығында орындалатын кешенді жоспар аясында жеке инвестициялар мен басқа көздерден 1,6 трлн.теңге тарту жоспарланып отыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚКО сілтеме жасап.
Маңғыстау облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Балжановтың айтуынша, кешенді жоспар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасына сәйкес бекітілген. Басты мақсат – өңір халқының әл-ауқаты мен өмір сапасын арттыру.
Жалпы бес жылда 227 шараны орындау жоспарланған. Оның ішінде биыл орындалуға тиіс 156 шара бар.
- 2025 жылға қарай облыстың жалпы ішкі өнімінің көлемін 3,1 трлн.теңгеден 4,1 трлн. теңгеге дейін ұлғайту, туризм саласында 2025 жылы өңірге келетін турист санын 740 мыңға дейін арттыру, халықтың нақты ақшалай табысын 144,2 мың теңгеден 176 мың. теңгеге арттыру, ауыл халқын орталықтандырылған ауыз сумен 100% қамту, үш ауысымды оқытуды жою және оқушы орны тапшылығын шешу, - деді Қуаныш Балжанов.