30 шағынауданда орналасқан үйдің бірінде әйел 5-қабаттан секіріп кетпекші болған. Учаскелік полиция инспекторы тұрғынды «Қауіпсіз аула» бейнекамерасынан байқап, дереу жақын маңдағы бригаданы жіберген, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz деп хабарлайды облыстық ҚКО-ға сілтеме жасап.
Полицейлер тез арада пәтерге кіріп, әйелді бірден көтеріп әкетті. Осылайша, учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Ақылбек Амангелді мен патрульдік полиция батальонының инспекторы Ислам Амантаев 49 жастағы әйелдің өмірін аман алып қалды.
Мекенжайға жедел жәрдем шақырылды. Қазіргі таңда әйел мәжбүрлі түрде емдеу мекемесіне орналастырылды.