• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 4 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Маңғыстау облысының әкімі қазақ-өзбек шекарасы аумағында арнайы бажсыз сауд...

Туған өлке тарихын толғаған

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

Ақтауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті...

    Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы жаңа Бас консулы журналистермен танысты

    [ 2019 ] 22 қазан, 11:44  |  Қоғам

    Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Мұзаффер Ақйылдырым журналистермен баспасөз мәслихатын өткізді. Бұған дейін НАТО жанындағы Түркия Республикасының тұрақты өкілдігінде, НАТО және Еуропалық қауіпсіздік және қорғаныс істері жөніндегі, НАТО және Еуропалық қауіпсіздік және қорғаныс істері жөніндегі басқармаларда, Түркия Республикасының Ауғанстандағы Елшілігінде, Иракпен екі жақты қарым-қатынастар басқармасында және басқа сыртқы қауіпсіздік ұйымдарында жауапты қызметтер атқарған жаңа Бас консул құрлық әскерлерінің қолбасшысы, майор, аға майор шенінде әскери қызметкер ретінде запасқа шыққан. - Түркия ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін бірқатар лаңкестік ұйымдармен белін бекем буып күресуін жалғастырып келеді, - деді ол. - Халықаралық аренада терроризммен күрес үшін алға қойылған бастамаларға үнемі қолдау көрсетіп келеміз. Түркия 2017 және 2018 жылдары жүзеге асырған екі жемісті әскери операциялары—«Евфрат қалқаны», «Зәйтүн бұтағы» арқылы 4000 км²-ден астам аумақты қамтитын аймақты ДАИШ және PYD («Демократиялық бірлік партиясы») YPG («Халықтық қорғаныс жасақтары») атты лаңкестік ұйымдардың террорлық әрекеттерінен тазартты. 360 мыңнан аса сириялық осы аймақтардағы үйлеріне қайта оралу мүмкіндігіне ие болды. Дегенмен, бұл сириялық лаңкестік ұйымдардан шекараларымызға бағытталған террор қаупі әлі де сейілмей тұр. Атап айтқанда, Евфрат өзенінің шығыс жағалауындағы шекараға орныққан PYD/YPG лаңкестік ұйымының мүшелері тарапынан соңғы екі жыл ішінде 100-ден астам зорлық-зомбылық пен қастық әрекеттерге душар болдық. PYD/YPG - НАТО мен Еуропа кеңесінің лаңкестік ұйымдары тізімінде көрсетілген PKK («Күрдістан жұмысшы партиясы») ұйымының Сириядағы қанаты. Сонымен қатар, PYD/YPG қолындағы кейбір ДАИШ содырлардың Түркияға барып лаңкестік актілер жасағаны үшін босатылғандығы туралы нақты деректер бар. PYD/YPG ұйымдары Сирияда және сириялықтарға қарсы лаңкестік әрекеттерді де жүзеге асырады. PYD/YPG-нің балаларды әскерге алу, оппозицияны қорқыту, демографиялық құрылымды өзгерту және бақылауындағы аудандарда адамдарды қатарына мәжбүрлеп тарту сияқты адам құқығын бұзушылық фактілері тіркелген әрі дәлелденген. Жергілікті халықтың PYD/YPG тарапынан жаппай қысым көрсетуге жергілікті халықтың шағымдары мен наразылықтары күн санап артуда. PYD/YPG ұйымдары Сирияда және сириялықтарға қарсы лаңкестік әрекеттерді де жүзеге асырады. PYD/YPG-нің балаларды әскерге алу, оппозицияны қорқыту, демографиялық құрылымды өзгерту және бақылауындағы аудандарда адамдарды қатарына мәжбүрлеп тарту сияқты адам құқығын бұзушылық фактілері тіркелген әрі дәлелденген. Жергілікті халықтың PYD/YPG тарапынан жаппай қысым көрсетуге жергілікті халықтың шағымдары мен наразылықтары күн санап артуда. Түркия халықаралық құқықтан туындайтын өзін-өзі қорғау құқығын қажет болған жағдайда ойланбастан пайдаланатынын жеткізген болатын. Түркияның өз шекараларының жанында лаңкестердің болуына көз жұма қарауы мүмкін емес. Сепаратистік мақсаттары бар лаңкестік топтардың болуы Сирияның аумақтық тұтастығы мен бірлігіне қауіп төндіруде. Жоғарыда аталған барлық мәселелерді ескере отырып, Түркия қарулы күштері 9 қазан күні «Бейбітшілік қайнары» атты әскери операция бастады. Бұл операцияның негізгі мақсаты—Түркия шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, аймақтағы лаңкестерді бейтараптандыру және Сирия халқын осы лаңкестердің басқыншылығы мен зұлматынан құтқару. Бұл операция сондай-ақ, халықаралық құқық негізінде БҰҰ жарғысының 51-бабына сай өзін-өзі қорғау құқығы аясында және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің терроризммен күреске қатысты қаулыларына сәйкес Сирияның аумақтық тұтастығын мен бірлігін сақтай отырып жүргізілуде. Бұдан бұрын жүзеге асырған операциялар кезінде болғандай, осы операция да аталған террорлық құрылымдарға қарсы бағытталған. Бейбіт тұрғындардың зардап шекпеуі үшін барлық тиісті шаралар қолға алынуда. Аймақ террорлық элементтерден тазаланғанға дейін, шекаралық қауіпсіздігіміздің орнықтырылып, Сирия халқы PYD/YPG және ДАИШ зұлматынан құтылғанға дейін оперциямызды жалғастыра беруге ниеттіміз. Сондай-ақ бұл операция халықаралық құқыққа сәйкес және БҰҰ-ның тиісті агенттіктердің үйлестіруі арқылы далада қалған сириялықтардың қауіпсіз және ерікті түрде үйлеріне қайта оралуына немесе Сирияның басқа бөлігінде қалаған жерлеріне қоныс аударуына жәрдемдесу жөніндегі халықаралық күш-жігерді қолдауға бағытталған. Түркияда операция аймағындағы демографиялық құрылымды өзгерту сияқты мақсаты жоқ. Керісінше, бұл лаңкестікке қарсы операция—этникалық тазалауды қоса алғанда адамзатқа қарсы PYD/YPG лаңксетік ұйымдардың қылмыстық іс-әрекеттері салдарынан орын ауыстырған сириялықтардың үйлеріне қайтуына жол ашады. Түркияның лаңкестікпен күрес жөніндегі күш-жігері Сирияның аумақтық тұтастығы мен бірлігін сақтауға ықпал етеді. Осымен тоғызыншы жыл жалғасып келе жатқан Сирия қақтығысының бейбіт жолмен шешілуі үшін Түркия жоғары деңгейдегі Астана кездесулері сынды барлық халықаралық бастамаларда белсенділік танытып жүр. Сириядағы соғыс пен зорлық-зомбылықтан қашып, елімізді паналап келген 3,6 миллион сириялықтар 9 жылдан бері Түркияның шаңырағы астында. Оларды қолда бар мүмкіндігімізбен асырап отырмыз және Түркия бұл орайда халықаралық қоғамдастықтан күткен қолдауды көре алмады. Сирияда ДАИШ-пен қарсы күресте маңдай тіресіп күрескен жалғыз ел—Түркия үшін ДАИШ-тың тұтқындалған мүшелерінің тағдыры аса маңызды. Біздің ойымызша, барлық шетелдік лаңкес-содырларды олардың шыққан елдеріне қайтару жалғыз тұрақты шешім болып табылады. Шетелдік лаңкестердің мәселесі халықаралық қауымдастықтың ортақ күш жұмылдырылуы негізінде ғана тиімді шешілуі мүмкін. БҰҰ Бас хатшысына, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің іс басындағы төрағасына және НАТО-ның Бас хатшысына операцияның басталуы жөнінде шұғыл хаттар жіберілді. Сирияның Ыстамбұл қаласындағы Бас консулдығына дипломатиялық нотамен қоса ақпарат жолданды. Бас консулдың айтуынша, әлемдік БАҚтарда осынау әскери операциянының мақсаты мен барысын әр түрлі етіп бұрмалар жеткізу жайттары байқалып жатқанын да жасырмады. Ал журналистердің әскери операция кезінде Түркия әскерлерінен шығын болғаны бар-жоғын сұраған сауалына: - Өкінішке орай, әскерилер шығыны болды, - деп жауап берді. - Күні бүгінге дейін 17 адам қаза тауып, 100-ге жуық әскерилер жараланды. Cондай-ақ Мұзаффер Ақйылдырым журналистердің екі ел арасындағы қарым-қатынас, экономикалық байланыс, бизес мәселесіне орай қойылған сұрақтарына да тұшымды жауап берді.

      Валентина ҚОЗЫБАҚОВА

    1213
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам маңғыстау жаңалықтары
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Ырзығы мол Қызылсай

    Келесі жаңалық

    «Чхусок»—корей халқының мейрамы

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Ақтауда «Халықты аулада қабылдау», «Жолда қабылдау» акциялары өтті

      [ 2019 ] 16 қыркүйек, 13:05
      2685

      Ақтауда 2 адамды өлтірген ер адам өмір бойына сотталды

      [ 2023 ] 24 шілде, 13:46
      879

      Шешімін таппаған салық мәселелері

      [ 2019 ] 18 қазан, 06:36
      2656

      Кәлетаев: Қоғамдық кеңестер «ақсақалдар жиналысы» болып кетті

      [ 2019 ] 8 ақпан, 06:42
      2107

      Карантинде той ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды

      [ 2020 ] 11 тамыз, 12:01
      3011

      Шетпе карьерлерінің қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы 13 млн теңгеден асады

      [ 2020 ] 16 қаңтар, 11:25
      5885

      Рубрикалар

        БайқауБайланыс мәліметтеріМәдениетЖаңалықтарҚазақстан жаңалықтарыАшық қоғамӘдебиетҚоғамРедакция газеттеріЭкономика

      Автордың басқа да жазбалары

      Сауат ашу курсын аяқтаған қыз-келіншектер сынақтан өтті  

      [ 2019 ] 23 желтоқсан, 11:06
      2367

      Жат ағым жетегінде болғандар сырымен бөлісті

      [ 2019 ] 23 желтоқсан, 09:17
      2501

      МӘМС жайында не білеміз?

      [ 2019 ] 15 желтоқсан, 03:30
      2915

      АИТВ-ның алдын алуға болады

      [ 2019 ] 14 желтоқсан, 06:25
      2719

      Маңғыстауда діни ахуалды жақсарта түсу жолдары талқыланды

      [ 2019 ] 13 желтоқсан, 11:54
      2300

      Ақтаулық шешен жігіті марапатталды

      [ 2019 ] 12 желтоқсан, 12:05
      2916

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»