• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жексенбi, 3 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысының әкімі қазақ-өзбек шекарасы аумағында арнайы бажсыз сауд...

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Туған өлке тарихын толғаған

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

Ақтауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті...

    МӘМС жайында не білеміз?

    [ 2019 ] 15 желтоқсан, 03:30  |  Жаңалықтар
    Шыны керек, әлемде медицина дамыған сайын дерттің де түрі көбейіп келеді. Аурушаң болып туып жатқан бала, бұрын естілмеген, «бәлен мың адамда бір кездесетін» кеселдерге шалдыққандар... Олар туралы естігенге ет үйреніп, селт етпейтін болып бара жатырмыз. Ал ауру меңдегендер денсаулығы үшін бар тапқанын аямай, мүмкін болса, қосымша қаржы да тауып, ақылы ем алады. Басқасын айтпағанда, компьютерлік томографияға түсу, ПЦР-талдама, жүрекке ота жасату секілді медициналық қызметтердің өзі қарапайым жанның қалтасын ойып барады. Денсаулық сақтау саласы ұсынатын қымбат ем-шаралар тізбегі қысқа да емес... Әрине, дерттің көбісі адамның өзіне де тікелей байланысты болатыны да бар. Мәселен, жаман әдеттермен әуестену, алкогольді ішімдіктер ішу, дұрыс тамақтанбау сияқты жайттар, яғни, салауатты өмір салтын ұстанбау — денсаулықтың қас жауы. Бірақ біз өзімізді ешқашан кінәламаймыз, «ауруымды емде» деп, дәрігердің алдына барамыз. Барамыз да, бір процедура немесе белгілі бір бейін дәрігеріне көріну үшін кассаға бірнеше мың төлейсің десе, айтар сөзіміз кеңірдекте кептеліп, тосылып қаламыз. Рас емес пе? Мемлекеттік әлеуметтік-медициналық сақтандыру (МӘМС) қорының Маңғыстау облысы бойынша филиалы жұмыс жүргізе бастаған екі жылдан бері өңірдің денсаулық сақтау саласында біраз өзгерістер болды десек, артық айтқандық емес. Қалтаны оңдырмай қағып алатын жекеменшік емханалардың кейбірі халыққа тегін қызметті «иіліп тұрып» көрсететін болған. Мысал үшін айтсам, бұрын қарапайым жұрт қымбаттығынан маңына жолай алмайтын Sofie Med Group көпбейінді емханасында көзіне күрделі ота жасатқан маңғыстаулықтар бар. Олар сапалы жасалған бұл қызметке дән риза. Ал бағасы арзан тұрмайтын мұндай отаның тегін жасалуы мүмкін емес. Оған басқа жақтан түсіп жатқан қаржының бар екендігі анық. Мұндай емдеу орындарын МӘМС қаржыландырып тұрғанын біреу білсе, білеу білмес. Ал білгендерінің өз денсаулығы қамқорлықта екенін сезінері анық. Нақтырақ айтсақ, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорын құрғандағы басты мақсат — халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту. Яғни, бұл қор дәрігерге қаралатындардың мүддесіне сай тиімді де сапалы медициналық көмекті сатып алып, сіз бен бізге көрсетілетін медициналық қызметтің ақысын төлеп қояды. Осы МӘМС қоры арқылы көптеген жекеменшік медициналық мекемелер халыққа тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге тартылады. Сосын, Қордан бөлінетін қаржы қызмет сапасына байланысты және бөлінетін ақша пациентке ілесіп жүретіндіктен, медициналық мекемелер арасында халыққа көрсетілетін медициналық көмек сапасын арттыру жолында бәсекелестік болады. Жасыратыны жоқ, өңірде кардиолог, невропатолог сияқты арнайы бейін мамандары тапшы. Оларға кіру үшін ұзын-сонар кезекте тұрған адамның жүйкесі жұқаратыны да шындық. Кейбірі дәрігерге тегін қаралудан үмітін үзіп, жекеменшік емдеу орындарына барып, ақылы түрде емделеді. Басқа лаж жоқ. Ал қалтасы жұқа адам амалсыз кезекте отыра беретін. Бүгін кезегі келмесе, ертеңіне ертерек барып тағы күтеді. Деректерге сенсек, дамыған елдерде тұрғындардың дәрігерге ақылы қаралуға шығаратын шығыны 20 пайыздан аспайды екен. Ал біздің елде бұл көрсеткіш 42 пайыздай екен. Қазақстандықтар ақылы ем үшін екі еседей артық шығынданатын көрінеді. Мұның себебі тегін медициналық көмек көрсететін емханаларда дәрігер мамандарының жетіспеуінен немесе мүлдем жоқтығынан. Сондай-ақ өткен жылдары науқастарды толыққанды қабылдауға мемлекеттік емханалардың күші жетпей бара жатқан еді. Енді жағдай басқаша, тұрғындар мекен-жайына жақын маңдағы жекеменшік медициналық мекемелерге де тіркеліп, тегін қарала алады. Оның тексеріліп, емделу шығындарын МӘМС Қоры төлеп отырады. Ендігі жерде, бір емханадағы кардиологқа кіру үшін талон таба алмай сенделіп жүрген науқастар болмайды. Оларды жекеменшік емдеу мекемелеріндегі кардиологтарға бөліп жібереді. Осылайша, олардың мамандары тегін медициналық көмек көрсетуге тартылып, аппаратураларын да халық тегін пайдаланады. МӘМС жүйесінде пациенттің белгілі бір бейін маманын таңдауға құқы бар. Пациент өзі қалаған дәрігерге учаскелік дәрігердің жолдамасы бойынша бара алады. Сөйтіп, келесі жылдан бастап, сақтандырылғандар үшін қымбат тұратын медициналық қызметтер легі тегін болмақ. Тұрғындарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге жекеменшік емдеу мекемелері де мүдделі. Өйткені, мәселен, бір жекеменшік медициналық мекемеде УДЗ-ге түсудің құны 5000 теңге делік. Оларға осынша ақша төлеп, күнде науқастар келіп жатпасы белгілі. Ал МӘМС Қорынан қаржы түсіп тұрса, күніне бір емес, бірнеше адам қаралуы әбден мүмкін. Басқа дәрігерлерге де солай. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында медициналық қызмет бұрынғыша көрсетіліп жатыр. Ауруханаға шұғыл жатқызу, жедел жәрдем, санитарлық авиация қызметі тегін, оның шығынын мемлекет көтереді. Апатқа тап болу мүмкіндігі басым болып тұрған бүгінгі техногенді заманда қызметтің бұл түрлерінің маңызы өте зор. Аурудың алдын алу үшін егу тегін, әлеуметтік маңызы бар аурулар да мемлекет есебінен емделеді. Диагностикасынан бастап барлық емі мемлекеттің мойнында. 2015 жылы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заң қабылданып, оған бүгінге дейін 2 рет өзгеріс енгізілді. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» КЕАҚ Маңғыстау филиалының директоры Бақыт Исмаханбетовтен соңғы өзгеріс, жарна ставкалары туралы сұрағанымызда, ол біраз жаңалықтар жайында айтты. - Бізде жарнаны мемлекет төлейтін азаматтар бар, - деді Бақыт Торғайбайұлы. - Азаматтардың бұл тобы басында 12 еді, кейін 14 болды, енді 15-ке жетті. 2020 жылдан бастап бұл топтар үшін мемлекет тарапынан орташа еңбекақының 1,4 пайызын төлесе, 2022 жылға қарай ол 1,7 пайызға жететін болады. Ал жұмыс берушілер өз  жұмыскерлері үшін 2020 және 2021 жылдары еңбекақының 2 пайызын, ал 2022 жылы 3 пайыз  аударады. Жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары 2020 жылдан Ең төменгі жалақының (ЕТЖ) 5 пайызын төлейді. Мысалы, ЕТЖ мөлшері 42 мың 500 теңге десек, 1,4 еселенген ЕТЖ-ның 5 пайызы небәрі 2 975 теңге. Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізумен қатар бірқатар проблемалардың да беті ашылды. Мәселен, біздің арамызда өзін өзі қамтамасыз етіп жүрген азаматтар бар. Еш жерде ресми жұмыста жоқ, бірақ өз бетінше түрлі жұмыстарды атқарып, отбасын асырап жүргендер аз емес екен. Енді өзін-өзі жұмыспен қамтушылар үшін бірыңғай жиынтық төлем енгізілді. Бірыңғай жиынтық төлемнің көлемі қала тұрғындары үшін 1 АЕК және ауыл тұрғындары үшін 0,5 АЕК. 2 525 теңге төлеген қалада тұратын қазақстандық айына аударымды бірден төрт бағыт бойынша жүргізеді — жеке табыс салығы, БЗЖҚ-дағы өз шотына зейнетақы жарнасын аудару, әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорына және міндетті медициналық сақтандыру қорына аударым жасайды. Бұл биылғы 1-қаңтардан басталды. Сөйтіп, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар МӘМС енгізілгеннен кейін толық көлемде медициналық қамсыздандыруға қол жеткізеді. Бүгінде Қорды медициналық қызметтерді стратегиялық сатып алушы ұйым ретінде дамыту міндеті алда тұр десек, осы бағыттағы жұмыстар өңірімізде ойдағыдай жүріп жатыр. Бұған қараша айында Жаңаөзен қаласында өткен кездесуді мысал ретінде келтірсек, жетіп жатыр. Жақында ғана Жаңаөзенде «Нейрон-Өзен» медициналық клиникасы ашылып, тұрғындарды қабылдау басталып кетті. Аталған клиникада тұрғындарды МРТ-ға түсіру қолға алынбақ. Ал осы қаладағы көпбейінді аурухана жанында жеке кәсіпкердің қаржысына ангиограф аппараты сатып алынып, қымбат тұратын медициналық қызметті халыққа тегін  көрсету  үшін  жағдай жасалып жатыр.  Бұл аппарат жүрек, ми, ішкі орган қан тамырларын тексеріп, диагноз анықтап, жүрекке стент қоюға, жүрек, ми және ішкі ағзалар қан тамырларын қалпына келтіру операцияларына жолдама беруге мүмкіндік тудырады. Осы оң өзгерістер арқылы Жаңаөзен қаласының тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету деңгейі артады деген үміт бар. 2020 жылы «Қазмұнайгаз» АҚ демеушілігімен Жаңаөзендегі жаңа клиникаға МРТ әкелінеді. Кездесу барысында МӘМС жүйесінің артықшылықтары, пациенттердің құқықтары мен мүмкіндіктері туралы жан-жақты түсінік берген Бақыт Исмаханбетов тұрғындарды толғандыратын ең басты мәселелер, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар жайында әңгімеледі. Бұл мәселелер жаңаөзендіктерді қызықтырып, олар өз сауалдарына тұшымды жауаптар алды. МӘМС жүйесі бойынша алдағы жылы болатын жаңалықтар жайына қаныққан тұрғындар мұнай мекемелері қызметкерлерінің Ерікті сақтандыру пакеті аясында жұмыс істейтін «Медикер» клиникасы төңірегінде де көптеген сұрақтар қойды. Дегенмен, ашығын айту керек, Медициналық сақтандыру дегенде кей адамдардың көңілі түсіп кететінін де жасыра алмаспыз. Өйткені, өткен ғасырдың соңғы жылдары енгізілген медициналық сақтандыру реформасының баянсыз болғандығын ұмыта алмағандар тағы да осындай реформаға тап болудан қауіптенеді. Алайда 1995-1996 жылдардағы ахуалды қазіргі жағ­даймен салыстыруға келмейді. Ол кезде Қазақстан нарықтық экономикаға жаңа бет бұра бастаған, халықтың әлеуметтік әл-ауқаты да сын көтермей тұрған кез еді. Сол уақытта эко­номикалық дағдарыс орын алып, еліміз басқа реформалармен қатар мін­детті медициналық сақтандыру жүйесін ен­гізуді де қолға алған болатын. Бұл жоба сол қиын-қыстау кезеңде міндетті медициналық сақтандыруды енгізу арқылы денсаулық саласын жоғары сатыға көтеруге деген ұмтылыс еді. Елдің экономикалық қауқары жеткенде, алғашқы медициналық сақтандыру қо­ры өзін-өзі ақтауы да мүмкін еді. Бірақ сол кезде қорға жұмыс берушілер аударған қаржы күллі республика азаматтарын емдеуге жұмсалды. Қарттар мен балалар секілді әлеу­меттік жағынан аз қорғалған тұрғындар үшін жарна төлеуге мемлекеттің шамасы келмеді. Жергілікті әкімдіктер, әсіресе, ауыл шаруа­шы­лығымен айналысатын облыстар бюд­жет­тің жұқалығынан қорға қаржы аудара ал­май, қаражаттың жетіспеушілігінен қор жабылып қалған-ды. Ал бүгінде әлеу­меттік жағынан аз қорғалған азаматтарды, соның ішінде зейнеткерлер мен 18 жасқа дейінгі балаларды, студенттерді, жүкті әйелдер мен бала күтімімен үйде отырған аналарды, көп балалы аналарды, 3-топтағы мүгедектерді, жазасын өтеушілерді, тағы басқа да санаттағы азаматтарды мемлекет өз қамқорлығына алып, олар үшін жарна тө­лей алады. Олардың жалпы саны – 11 миллионға жуық, яғни қазақстандықтардың 60 пайызы. Азаматтарды жаппай сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету міндеті қойылған МӘМС енгізілгеннен кейін, 2021 жылға қарай пациенттерге көрсетілетін жоғары технологиялық қызмет саны 30% артып, жылына 3,5 мың ота жасалады деген болжам бар. Сондай-ақ 2021 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы орта есеппен 30% өседі деп күтілуде. Қазір МӘМС қорының Маңғыстау облысы бойынша филиалымен 25 жекеменшік медициналық мекеме келісім-шартқа отырған. «Судың да сұрауы бар» демекші, әр мекемеге бөлінген қаржы қатаң бақылауда. Дәрігерлер әр науқасқа қажет кезінде тегін медициналық көмек жайында түсіндіріп, бағыт сілтеп отыруы тиіс. Ал тегін қабылдауға байланысты келіспеушіліктер туындап жатса, әр медициналық мекемеде жұмыс істеп тұрған пациенттерді қолдау қызметінің көмегіне жүгіну керек. Мұндағы мамандарға көңілі толмаған, не күмәнді болған жағдайда денсаулық сақтау басқармасына немесе МӘМС қорының Маңғыстау облысы бойынша филиалына хабарласа алады. Филиалдың телефон номірі — 8(7292) 46-25-79. Тәулік бойы жұмыс істеп тұрған Call Center-1406 нөмірі де азаматтардың игілігінде.

    Валентина ҚОЗЫБАҚОВА

    2911
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    жаңалықтар қоғам денсаулық
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    "Маңғыстау-Медианың" "Маңғыстау" газетінің бас редакторы "Ерен еңбегі үшін" марапатталды

    Келесі жаңалық

    Президенттен орден алған шопан: Ата кәсіпті жалғастырып жүргенімді мақтанамын

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Күйіп қалған бүлдіршіннің оқиғасына кінәлілер тәртіптік жазаға тартылды

      [ 2019 ] 20 желтоқсан, 06:32
      3238

      Облыста денсаулық сақтау саласына қазынадан 4 млрд теңге бөлінді

      [ 2019 ] 20 желтоқсан, 05:29
      3515

      МӘМС жайында не білеміз?

      [ 2019 ] 15 желтоқсан, 03:30
      2912

      АИТВ-ның алдын алуға болады

      [ 2019 ] 14 желтоқсан, 06:25
      2719

      Өңірге танымал хирург Намаз Ізімбергенов өмірден озды

      [ 2019 ] 5 желтоқсан, 11:25
      2224

      Маңғыстау облысында АИТВ жұқпасымен 359 адам тіркелген

      [ 2019 ] 26 қараша, 05:57
      1410

      Рубрикалар

        Қызық дерекӘдебиетАНТИКОРАшық қоғамСараптамаАнықтама бюросыҚарақияҚұқықТүпқараған

      Автордың басқа да жазбалары

      Сауат ашу курсын аяқтаған қыз-келіншектер сынақтан өтті  

      [ 2019 ] 23 желтоқсан, 11:06
      2364

      Жат ағым жетегінде болғандар сырымен бөлісті

      [ 2019 ] 23 желтоқсан, 09:17
      2498

      АИТВ-ның алдын алуға болады

      [ 2019 ] 14 желтоқсан, 06:25
      2719

      Маңғыстауда діни ахуалды жақсарта түсу жолдары талқыланды

      [ 2019 ] 13 желтоқсан, 11:54
      2295

      Ақтаулық шешен жігіті марапатталды

      [ 2019 ] 12 желтоқсан, 12:05
      2911

      Батыр ауылында тағы екі отбасы үйлі болды

      [ 2019 ] 9 желтоқсан, 10:35
      2926

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»