• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жексенбi, 3 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысының әкімі қазақ-өзбек шекарасы аумағында арнайы бажсыз сауд...

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Туған өлке тарихын толғаған

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

Ақтауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті...

    Президенттен орден алған шопан: Ата кәсіпті жалғастырып жүргенімді мақтанамын

    [ 2019 ] 17 желтоқсан, 12:58  |  Жаңалықтар

    Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында ақтаулық шопан Есет Өтесов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденін алды. Орден берілетінін естігендегі әсері, Ақордадағы кездесуге қалай дайындалғаны және қасқырмен айқасы туралы ол ҚазАқпарат тілшісімен бөлісті. - Есет аға, сізді құттықтаймын! Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Ақорда төрінде Мемлекет басшысының қолынан марапат алғандар қатарында сіз де барсыз. Президенттен орден алатыныңызды естігенде қандай күйде болдыңыз? - Айналайын, сенбедім. Ақтауға барып, марапат алатын шығармын деп ойладым. Елордаға баратынымды естігенде бірінші кезде бас тарттым. Шынымды айтсам, қобалжыдым. Президенттің өзі табыстайды дегенді бір апта бұрын «Жайлау» ЖШС басшысы Амантай айтты. Оған мен түгілі отбасым да сенген жоқ. Әйелім күліп, «мүмкін емес, сонау елордадан сені шақырғаны қалай?» деп таңғалды. Туысқандарым естіп, бауырларым келді. Дереу костюм іздеуге кірісті. Галстук сатып алдық, оны тақпаймын дедім. Өмір бойы малдың артында жүрген адам аяқ астынан қалай үйрене қойсын оған?! Абдырап жүріп, жолға шықтық. 53 жасқа келгенде осылай болады деп үш ұйықтасам түсіме де кірмепті. Бұл да бір Тәңірдің сыйы шығар. Оның үстіне, Ақтаудан басқа қалаға барып көрмеген адаммын. - Демек, алғашқы сапарыңызды Нұр-Сұлтан қаласынан бастадыңыз. Сәні мен салтанаты жарасқан елордада 2 күніңізді қалай өткіздіңіз? Ақордадағы кездесу жайлы айтып берсеңіз. - Жалғыз өзім бара алмайтынымды білемін ғой, сосын басшым Амантайдан менімен бірге баруын сұрадым. Ұшақпен кеттік. Тіпті оны Ақордаға алып кірдім. Марапаттаған кезде де қасымда отырды (күлді). «Сен ішке кірмесең, мен бармаймын», дедім. Президент резиденциясы өте керемет ғимарат екен. Барлығы мәрмәрмен көмкерілген. Алдын ала жүріп-шығуымызды үйретті. Әп-сәтте өте шықты. Қобалжып едім, III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденін Президент кеудеме таққандағы қуанышымды жеткізе алмаймын. Ол қарапайым адам екен. Шыққан соң журналистер келіп, сұрақтарын жаудыра бастады. Тіптен абдырап қалдым. Ел алдында сөйлеп көрмеген соң не айтарымды білмедім. Кейін Ақордада Тамара Асар үйіне қонаққа шақырды. Екі күн бойы жиенім қыдыртып, «Бәйтерек» монументіне, «Хан Шатырға», «Думанға» апарды. Күн суық екен. Қалың қар. Енді елордаға баруым өмірімнің бір естен кетпес естелігі болар. - Есет аға, әңгіме барысын өзіңізге қарай бұрсақ. Отбасыңыз, шаруашылығыңыз жайлы айтып беріңізші. - Мен 1966 жылы Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Қызылөзен ауылында дүниеге келдім. Отбасымда 2 қарындасым, 5 бауырым бар. Сегіз жылдық мектепті бітірдім. 1985 жылдары 19 жасымда әскерге аттандым. Келген соң әкем Сираж Өтесов өз жанына қой бағуға алды. Сол уақыттан бері осы шаруашылықтың отымен кіріп, күлімен шығамын. Күн райының құбылғыш қасиетіне бой алдырмай, қиындығына қарамай, күні-түні малда жүреміз. Отауды кеш құрдым. Екі қыз, 2 ұлым бар. Қазір «Жайлау» ЖШС-де шопанмын. Өзімнің қойларым да, шарушылықтың қойлары да бар. Барлығы мыңға жуық қой, 20 түйе, 30 шақты жылқы бар. Қазір ең кіші інім Елғожа көмектеседі. 2000 жылы туған баламды да қасыма алып жүремін. Ол қазір колледжде. Бірақ, сенбі-жексенбі қыстауға алып кетемін. Өзі көмектескісі келеді, оған қызық. Қыстау Сайын ауылынан 33 шақырым жерде. Ал, жазда 50 шақырым қашықтыққа кетеміз. Қазір шөбіміз құнарсыз болып, малды қоректендіру қиындау болып тұр. Жалпы, бірнеше күн бойы ат үстінде өкпек желдің өтінде жүріп, қарлы боранға қарамастан отар қойды ұстасам да, ешқашан осы ісімді тастаймын деген ой болмаған. Бұл – менің міндетім деп білемін. Ата кәсіпті жалғастырып, шопан болғаныма мақтанамын. - Төрт мезгілде де тыным таппай, маңдайы күнге күйіп, табаны тасқа тиіп, тер төгетін нағыз еңбеккерлер – қойшылар ғой. Дала өрісіндегі шаруалардың өмірі жылжыған жылдармен жалғаса береді. Сол жылдардың ішінде сіздің басыңыздан алуан түрлі оқиға өткен шығар. Солардың біреуін еске түсірсеңіз. - Әрине, әрқашан қарбалас қимылдың қызу құшағында жүреміз. Бір күні отарымыз әудім жерге кетіп жоғалса, енді бірде қауіп өз басымызға төнеді. Бір естен кетпес оқиғаны айтып өтейін. Бұрындары Маңғыстауда қызыл қасқыр болды. Әкем тірі кезінде қасқыр қораға түнгі 3-те түсті. Итім үріп, оянып кеттім. Ол кезде жаспын. Қораға тұра жүгірдім. Барсам, қасқыр қойды қырып, жан-жаққа лақтырып, өлтіріп жатыр екен. Ойланбастан қасқырмен шайқаса кеттім. Қалғандары да оянып, көмекке келді. Иттің де көмегі тиді. Сол уақытта 10-ға жуық қой мен ешкіні жеп кетті. Енді, қой өлмей тұрмайды. Әсіресе, мал төлдейтін уақытта қиындық көп болады. Жаңбыр құйып, қар жауады. 1996 жылдары нөсер болып, 400-дей қойым балшыққа батып, қырылып қалды. Сағым сынбады. Қайтадан малдың басын көбейттім. Маңғыстауда қалың қар түспейді. Бірақ, 2000 жылдары қардың қалыңдығы 1 метрден асты да, қойымыз айдалаға ығып кетті. Ауылдың маңында күртік қардан жүре алмай, тұрып қалған. Бір күн дегенде әзер таптық. Бірнеше күн таба алмай қалған кезім болмады. Бір сәт болса да алыстамаймыз. - Өзіңіз айтқандай, сізге қазіргі таңда ініңіз бен балаңыз көмектесіп жүр. Жалпы, жастар мал бағуға неге қызықпайды деп ойлайсыз? Жалақыға жалтақтағаннан гөрі, өз кәсібінің иесі болған жақсы емес пе? - Қазіргі жастар ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүргісі келеді. Мал ұстаудың қызығынан қиындығы көп қой. Күн демейсің, түн демейсің, 24 сағат малдың артындамыз. Шөбі мен суы, жемі бар. Ауа райының қолайсыздығынан, жыртқыштардан қорғау керек. Алайда, әр кәсіптің өз несібесі бар. Мысалы, малың болса еті – азық, жүні – киім, төсек-көрпе, сүтін де сатуға шығарып жүрміз. Көктемге қарай қойды базарға сатуға апарамыз. Еңбек етсең – пайда шаш етектен. Бастысы, осы уақытқа дейін несие алып көрген жоқпын. Кәсібімнің арқасында ешкімге қарыздар болмадым. Жастар қазір еңбектен қашпау керек. Енді соңғы кезде Үкімет те мал шаруашылығына көңіл бөліп, түрлі бағдарламалар шығаруда. Осы Маңғыстауда жас шаруалар барын естіп жүрмін. Түпқарағандағы жылқы өсіретін фермер жігіт бар. Төрт түлікті өсірудің қыр-сырын меңгеріп, еңбектің дәмін татса, зейнетін көреді ғой. - Береке мен байлық Шопан ата, Зеңгі бабалардың ізін жалғағандардың шаңырағында дейсіз ғой. Мал баққан кезде қандай да бір жаңа технологияны, мысалы гаджеттерді қолданып көрмедіңіз бе? - Ондай зат қолданып көрмедім. Табиғи жол ғой (күлді). Атымды мініп алып жүре береміз. Теледидардан кейде көріп жүремін. Ұшатын кішкене құрылғымен қойды қарап отырады екен. Қызығып қоямын... - Ал, енді алдағы жоспарларыңыз туралы айтып өтсеңіз. - Енді болашақта мал санын 800-ге жеткізу жоспарымда бар. Алдағы уақытта жылқы мен түйе сүтін сатылымға шығаруды да көздеп отырмын. Айтпақшы, енді отбасымды Қазақстан ішін аралатуды, елді, жерді көрсетуді армандаймын. - Оқырмандарға айтар тілегіңіз бар ма? - Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Бейбітшіліктен артық бақыт бар ма?! Барша қазақстандықтарды тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! - Марапатыңыз тағы құтты болсын, сұхбатыңызға рахмет!
    1316
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    жаңалықтар анонс
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    МӘМС жайында не білеміз?

    Келесі жаңалық

    Маңғыстау: Тәуелсіздік мерекесіне орай турнир өтті

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Облыс әкімі маңғыстаулықтарды жаңа жылмен құттықтады

      [ 2019 ] 31 желтоқсан, 11:44
      4256

      Маңғыстау туу көрсеткіші бойынша республикада көш бастап тұр

      [ 2019 ] 30 желтоқсан, 16:50
      4419

      Азамат Батырқожа вице-министр болып тағайындалды

      [ 2019 ] 30 желтоқсан, 10:58
      2450

      Bek Air ұшағының қара жәшігі жақсы сақталған - вице-премьер

      [ 2019 ] 30 желтоқсан, 10:18
      1873

      ҚР Білім және ғылым вице-министрі тағайындалды

      [ 2019 ] 30 желтоқсан, 10:01
      1917

      Трансформация "Маңғыстау Медиа": Жаңа жылға - жаңа сайтпен

      [ 2019 ] 23 желтоқсан, 12:05
      2332

      Рубрикалар

        Әлем жаңалықтарыҚарақияДенсаулықТағайындауҚоғамАуыл өміріРедакция туралыМұнайлыРухани жаңғыру

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3193

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2946

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2784

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3247

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      3054

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      3024

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»