Маңғыстау: Тәуелсіздік мерекесіне орай турнир өтті
[ 2019 ] 17 желтоқсан, 13:08 | Жаңалықтар
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен Тәуелсіздік мерекесіне орай мешіт жамағаты арасында волейболдан турнир өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚМДБ-ға сілтеме жасай отырып. Спорт шарасының ашылу рәсіміне Республикалық Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, академик Өмірзақ Озғанбаев, Маңғыстау облыстық волейбол федерациясының президенті Қуанышбек Әбдірахманов, Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы қатысып, жарысқа қатысушы жамағатқа сәттілік тілеп, игі ниетін жеткізді. Бірлік пен игілікке бастаған сауапты һәм салауатты шараның қорытындысы бойынша, жүлделі бірінші орынды Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы "Миғраж" мешіті қанжығасына байлады. Ал екінші орын Түпқараған ауданы "Ақшұқыр" мешітіне бұйырса, үшінші орынды Мұнайлы ауданындағы "әл-Хаким" мешітінің жамағаты иеленді. Спорт шарасынан кейін жайылған дастарханда Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы жамағатқа спортпен шұғылданудың маңызы, денсаулықтың аманаты, бірлік пен ізгілік жайлы уағыз айтып, жеңімпаздарды құттықтады. Сонымен қатар, турнирді ұйымдастырған облыстық Жастар ісі секторының меңгерушісі Жаңабай Серікұлына алғыс білдірді.
1151
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте
WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.