• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 16 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

"Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қау...

Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

Жаңашыл педагог

Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы...

  • USD: 480.61 ₸
  • EUR: 534.53 ₸
  • RUB: 5.28 ₸

Қазақстандық студент: "Мен Америкада қалай жұмыс істеп келдім?"

[ 2018 ] 24 қыркүйек, 06:10  |  Сұхбат

Жаз басталысымен-ақ бірқатар студенттің «Work and Travel» бағдарламасы арқылы шет елге шығып, жұмыс жасап жатқанына куәгер болып жүрміз. Сондай жастардың бірі – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің студенті жаңаөзендік Сымбат Ғаділбек. Бұл күнде 4-курсқа аяқ басқалы отырған Сымбат филология және әлем тілдері факультетіндегі шетел филологиясы мамандығында білім алады. Американың Делавэр штатындағы Бетани Бич қаласында студенттік бағдарламамен жұмыс жасап жатқан Сымбатпен болған сұқбатты назарларыңызға ұсынып отырмыз.

- Сәлем, Сымбат! Халің қалай? Америка қалай екен, ұнады ма?

- Сәлем! Мұхиттың арғы жағындағы елді де көрдік. Ұнап жатыр. Бастысы, менің арманым орындалды.

- Үш ай жазғы демалысты босқа өткізбеуге тырысып, өзге елдің тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетін тануға, таным мен табысты бірге жетілдіруге талпынған қазақ жастарын Америка қалай қарсы алды? Арнайы күтіп алғандар болды ма?

- Шынымен, мұнда қазақ жастары өте көп. Өкінішке орай, ешкім күтіп алмады. Дегенмен интернеттің заманы емес пе?! Ғаламтор арқылы сөйлесіп, өзіміз үй іздеп, қайда қандай жұмыс жасайтынымызды білдік. Бұл бағдарламаның жеке, дербес өмір сүруге ұмтылып келе жатқан студент жастарға тигізер пайдасы зор. Жұмыс істеп жүріп те көп жаңа дүниені көріп білесің. Тіпті Америкада ешкімнің күтіп алмауы, жатын орынды өзіңнің іздеп табуың да адамды дербес болуға, жауапкершілікті өз мойныңа алуға үйрететінін ұқтым.

- Бұл бағдарлама жастар арасында өте танымал. Жалпы ол жаққа бару туралы ой қайдан келді? Ата-анаң бұл шешіміңе қарсы болмады ма?

- Бұл бағдарламамен Америкаға бару бір оқпен екі қоянды атып алғанмен бірдей. Неге десең, өз маңдай теріңмен табыс табуды үйренесің әрі ел көріп, жер танып, сол елдің мәдениетімен танысу арқылы да ой-өрісіңді кеңейтесің. Жалпы бұл ой 1-ші курста оқып жүргенде келді. Болашақ мамандығым осы саламен байланысты болғандықтан ата-анам да келісті.

- Бағдарлама бойынша жұмысты өздері ұсынды ма әлде өзің таңдадың ба?

- Бұл бағдарлама бойынша әр түрлі орталық жұмыс жасайды. Мен соның ішінде Халықаралық алмасу орталығын (ЦМО) таңдадым. Онда екі қызмет түрі бар: бірі жұмысты өздері тауып береді, екіншісі өзің іздеп табасың. Досым екеуміз екіншісін таңдадық. Жұмысым - Америкаға танымал «Данкин Донатс» компаниясы. Бұл жерде мен сэндвич те, кофе де жасаймын, кассада да тұрамын. Жан-жақтылықты талап ететін жұмыс болғандықтан өзіме қатты ұнады.

- Кейбір студенттің айтуы бойынша, бұл бағдарламамен бару үшін ағылшын тілінен нан сұрай алар білімің болса жеткілікті. Ал құжат бойынша ағылшын тілін жақсы меңгерген сертификатың болуы керек. Анықтама алу үшін арнайы тест тапсырдың ба?

- Ешқандай тест тапсырудың, я болмаса сертификаттың қажеті жоқ. Бұл бағдарламамен Америкаға бару үшін жылдың басында құжат жинап дайындалу керек. Іріктеу үш кезеңнен тұрады: біріншісі – өзің оқып жатқан қалаңдағы офисте кішігірім тілдесу. Содан кейін камера арқылы Америкадағы жұмыс орынның басшысымен сөйлесу, ең соңғы әрі маңыздысы – Қазақстандағы Америка елшісімен сұқбаттасу. Өйткені құжат дайындап, Америкадағы жұмыс берушімен сөйлесіп, ақшаңды төлеп қойсаң да, елші – Америкаға бару-бармауыңды бар болғаны 3-4 минуттың ішінде сенімен ағылшынша сөйлесу арқылы шешетін адам.

- Жұмыс қиын емес пе? Шет елдіктермен таза ағылшынша сөйлесу мен қызмет көрсету барысында қандай да бір қиындық кездеспеді ме?

- Әрине, басында болды, бірақ тез үйреніп кеттік. Дегенмен Америкада ағылшын тілінің грамматикасын үйренуге мүмкіндік аз. Сөйлеу тілін дамытасың, америкалықтар үшін бастысы не айтқың келетінін түсіну, грамматикалық қатең маңызды емес.

- Бұл бағдарлама аты айтып тұрғандай «Жұмыс істеу және саяхаттау» дегенді білдіреді. Қайда саяхаттап үлгердің?

- Американың астанасы Вашингтонда болдым. Өте керемет қала. Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Тұрғындарына келсек, Америка халқы, әсіресе, мен тұрып жатқан Делавэр штатындағы Бетани Бич қаласының адамдары – өте қарапайым, ашық-жарқын жандар. Көмектесуге дайын тұрады.

- Бұл бағдарламамен шет елге барғысы келетін елдегі жастарға қандай кеңес бересің?

- Бұл – студент жастарға мол мүмкіндік беретін бағдарлама. Ел көріп, жер көріп, өзге елдің мәдениетімен танысып, жаңа дүниеге қанық боласыз. Бағдарламаның тағы бір мүмкіндігі бизнес бастауға жол ашады. Шет елде жұмыс жасап үйренсеңіз, еш ұтылмайсыз. Ал жұмсаған қаражатыңызды жұмыс жасау арқылы қайтарып әрі қыдырып үлгересіз. Бастысы таным көкжиегіңіз кеңейеді.

- Сұқбатыңа рақмет!

Сұқбаттасқан Зияда ТІНІҚҰЛ

1515
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
сұхбат жастар беті анонс
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Ақтау: құт қазаны қайнаған қала

Келесі жаңалық

Медициналық сақтандыру: көптің көкейінде жүрген сұрақтар

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Бауыржан Тұяқов: «Басты мақсат – жастарды шыңдау»

    [ 2019 ] 12 тамыз, 11:17
    2644

    Вефа Салман: "Әкім мен журналистің ұқсас тұстары көп"

    [ 2019 ] 26 шілде, 05:58
    2002

    Қазақстандық студент: "Мен Америкада қалай жұмыс істеп келдім?"

    [ 2018 ] 24 қыркүйек, 06:10
    1516

    Қазақстанда әлеуметтік саладағы волонтерлерге сұраныс жоғары - Азамат Жұмағазы

    [ 2020 ] 7 желтоқсан, 10:40
    1844

    Ақтаулық жас маман Лондондағы Huawei компаниясына қалай шақырту алды

    [ 2020 ] 13 қаңтар, 09:44
    2442

    Өжет те өткір тергеуші қыз

    [ 2019 ] 7 наурыз, 07:04
    2513

    Рубрикалар

      СаясатМаңғыстау жаңалықтарыФотоКомплаенсЭкономикаАуыл өміріРедакция ұжымыБіле жүріңізанонсСұхбат

    Автордың басқа да жазбалары

    Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

    [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
    2725

    Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

    [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
    2453

    Теміржолдағы апат азаймай тұр

    [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
    2291

    Бағзы дәуірден үн қатқан...

    [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
    2954

    Зейнетақы жинағын алу жолдары

    [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
    2596

    Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

    [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
    2491

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»