• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 4 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың артықшылықтары қандай?...

    Ақтау: құт қазаны қайнаған қала

    [ 2018 ] 21 қыркүйек, 05:20  |  Сұхбат

    ©

    Ақтау қаласының өткен тарихына қарап көрсек, қазіргі әкім Ғалымжан Мұқырұлы Ниязов шаһардың он алтыншы басшысы екен. Қызметке кіріскеніне енді он ай толатын қырық бес жастағы әкімнің бастан асатын көп шаруаны тындыру үшін білек сыбана кірісіп кеткені байқалады. Қала мерейтойы қарсаңындағы қарбаласқа қарамастан бізбен сұхбаттасуға уақыт тапқаны үшін абыройлы азаматқа сөз басынан алғыс айтып қоялық. Ашық әңгімелесіп, барлық сауалымызға жауап алдық. Қолға алынған игі істер де, жүріп жатқан жұмыстар да, кездесетін проблемалар да айтылды. Сырт адамға сыры беймәлім қаланың бүгінгі тыныс-тіршілігі мен болашағы туралы ой-жоспарларын шаһар иесінің өз аузынан естідік.

    - Ғалымжан Мұқырұлы! Биылғы жыл – шаһар үшін мерейлі жыл. Ақтау қаласының 55 жылдық мерекесі құтты болсын! Мереке­лі жыл берекелі жыл болды деп айта аласыз ба?

    – Берекесіз емеспіз. Бірақ береке болуы үшін әрекет етіп, бірталай тер төгуге тура келеді. Биыл тек қаламыз үшін ғана емес, еліміз үшін де мерейлі жыл болды. Елордамыздың 20 жылдығын атап өттік. Енді, міне, санаулы күндерден кейін ақ­маржан қаламыздың 55 жылдығы тойланғалы отыр. Өзіңізге белгілі тамыз айында қаламыз төрткүл дүние көз тіккен Бесінші Каспий саммитін абыроймен атқарды. Каспий теңізі­нің құқықтық мәрбесін анықтайтын конвенцияға қол қойылды. Бұл – біз үшін үлкен мәртебе. Ақтауымыз мәңгі тарихта қалды. Сол саммитті өткізуге тыңғылықты дайын болу үшін қалада күн-­түн демей қауырт жұмыстар жүргізілді. Басқосудың нәтижелі аяқталған абыройы өз алдына, саммиттің арқасында қала­мыз көріктеніп, жасарып, жаңғы­рып қалды. Күні кеше қаламызда түркі тектес елдер театрларының фестивалі аяқталды. Осы аптада қала күнін тойлаймыз. Мерекені халықтың көңілінен шығатындай етіп ұйымдастыру да, өткізу де берекелі іспен байланысты.

    Былтырғы 23 қарашада Ақтау қаласы әкімі болып тағайындалған кезімде облыс әкімі Е.Тоғжанов қаланың әлеуметтік-­экономикалық дамуын одан әрі күшейту керек деп тапсырма берген болатын. Содан қаланың даму стратегиясын жасауға кірісіп, соның нәтижесінде «Ақтау серпіні» деп аталатын жоба жасадық. Негізгі төрт бағытқа бөлінген сол жоба аясында жыл басында 55 игі іс бастама алған болатын. Шара аясында отбасы мен балаларды қолдау үшін қайырымдылық акцияларын, әлеуметтік маңызды жобаларды, мәдени­-көпшілік іс­-шараларды өткізу, сондай­-ақ әлеуметтік маңыз­ды нысандардың, ескерткіштердің, субұрқақтардың құрылысы мен жөндеуі, қала тұрғындарына ар­налған демалыс және спорт нысандары, қаланың абаттандырылуы бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.

    Алға қойған мақсатқа жету үшін өзіме де, өзгелерге де қатаң талап қойдым. Бәрін бітіру бір әкімнің қолынан келмейтіні белгілі. Сондықтан бүкіл команда құрамы мықты болуы керек. Артылған жүктің салмағын көтерісуге шыда­мағандар да болды. Ал атқаратын жұмыстар бастан асады.

    – Қала  әкімінің  өткен  жылда атқарған жұмыстары туралы есепті бұдан бұрын өз аузыңыздан естідік, халық та хабардар. Биылғы жылды табысты аяқтаудың мүмкіндігі қандай?

    – Жылды нәтижелі қорытынды­лау мүмкіндігіміз мол. Ағымдағы жылдың жарты жылында қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары 112 млрд. 307 млн. теңгенің өнімін өндірді. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 91,4 млрд. теңгені құрады, яғни былтырғыдан 2,2 есе жоғары көрсеткішке жетті. Осы кезең ішінде 319 мың 400 шаршы метр тұрғын үй (56 үй) пайдалануға берілді (3156 пәтер). Бұл былтырғымен салыстырғанда 62,3%­-ға жоғары. Ауыл шаруашылығы өнімінің көле­мі былтырғы жылмен салыстырған­ да 15,9%-­ға өсіп, 101,8 млн. теңгені құрады.

    Ойлаған жоспарыңды толыққан­ды жүзеге асыру үшін қала қазы­насында жеткілікті қаржы болуы қажет. Қызметке келгенде қала бюджеті 21 млрд. теңге еді, қазір 34 млрд. теңгеге жетті. Негізгі кірістің көзі саналатын салықтық түсімді көбейту үшін көп жұмыстануға, туралап айтқанда, табысын тауып, салығын төлегісі келмейтін «шығайбайлармен» шындап күр­сеуге тура келді. Соның нәти­жесінде салықтық түсім көлемі екі еседей өсті. 2018 жылдың 6 айын­ да қаладағы өндірістік мекемелерден бюджетке барлығы 153 млрд. 911 млн. теңге салық түсті. Ол былтырғы осы кезеңдегіден 26%­-ға артық. Жалпы сомадан рес­публикалық бюджетке – 116 млрд. 597 млн. теңге, жергілікті бюджетке – 37 млрд. 314 млн. теңге, соның ішінде Ақтау қаласына 13 млрд. 714 млн. теңге салық түсті. Бұдан бөлек, «МАЭК­-Қазатомөнеркәсіп» мекемесінің мәліметінше Ақтау қаласында су мен электр энергиясын тұтынушы жеке тұлғалардың саны 62 768-­ді құрады. Алайда мемлекеттік кірістер басқармасының дерегінше, жер телімдері мен мүл­кі бар жеке тұлғалардың саны – 58 320. Айырмашылығы – 4 448. 06.06.2018 жылғы Маңғыстау облысы әділет департаменті ұсынған тапсыру­-қабылдау актісіне сәйкес нысандардың саны 66 200 құрады. Осылайша 6 айда тағы 8 мың салық төлеуші анықталды.

    Қалада жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіп­керлік субъектілерінің са­ны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,2%-­ға өсіп, 27900 бірлікті құраған. Ондағы жұмыспен қамтылғандар саны 78 822 адамды құрайды. Жарты жылда шағын жә­не орта кәсіпкерлік субъектілерінің шығарған өнімі 143,5 млрд. теңгені құрады. «Еңбек» бағдарламасы аясында биыл құны 46,9 млн. теңге болатын 6 жобаға несие берілген болатын. Оның ішінде: «Даму» АҚ арқылы 4 жобаға 38,9 млн. теңге жә­не «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 2 жобаға 8 млн. теңге берілді. Күтілетін жаңа жұмыс орындарының саны – 12. Қазіргі таң­да қала әкімдігі кәсіпкерлерге ар­налған мобильді павильонның 87 орнын белгілеп, оны «Атамекен» ҰКП арқылы жүзеге асыру жұмыстарын жүргізуде.

    – Қала жылдам өсіп, бір жыл­ да бүтін бір шағынаудан салы­натын қарқын алды. Инже­нерлік коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы бұл қарқынға ілесіп жатыр ма?

    – Қаланың тыныс-­тіршілігін кешенді қамтамасыз етуде су, жылу, кәріз, электр жүйелерінің үздіксіз жұмыс жасауы өте маңызды.

    Биыл қаланың 3-­шағынауданын­дағы ауданішілік желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Оның ішінде су, жылу, кәріз және электрмен жабдықтау бойынша бар­лығы 7722 метр желілерге жұмыс­тар жүргізілуде. Аталған мақсатқа бюджеттен 50,0 млн. теңге бөлінді. Сондай-­ақ  Приморский  тұрғын үй массивінің үйлерін су, кәріз және электрмен жабдықтау бойынша барлығы 7554 метр желілерге жұмыстар жүргізілуде. Қаланың 17­-шағынауданы желілерінің де құрылыс жұмыстары жалғасуда. Аталған жобада су, жылу, кәріз жә­не электрмен жабдықтау бойынша барлығы 18748 метр желілер және 3,8 шм автокөлік жолының құрылысы қарастырылған. Соның ішінде жыл аяғына дейін «Айрақты» тұрғын үй кешеніндегі су, жылу, электр және газбен жабдықтау, барлығы 3222 метр инженерлік желілерін аяқтау жоспарланып отыр.

    Сонымен қатар 5665 метр электр желісімен қамтуға мүмкіндік бере­тін былтыр басталған «Хазар» ГПП құрылысы жалғасуда. Шығыс­-3 ша­ғынауданын 5001 метр газ желісі­ мен жабдықтау жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. 34­-шағынауданның ішкі инженерлік желілерінің (су, кәріз, электр, газ, байланыс, авто­ көлік жолдары) құрылысын және абаттандыру жұмыстарын да жыл аяғына дейін бітіруді жоспарлап отырмыз. Шығыс­-2 ш/а су және кәріз құбырларына 10,1 шм желісін жүргізу үшін құжаттар сараптамаға жолданып, аяқталуы қыркүйек айы­на жоспарлануда. Шығыс­-3 ш/а ішкі шағынаудандық инженерлік инфрақұрылым бойынша газбен жабдықтау құрылысы жұмыстары жылыту маусымына дейін аяқта­латын болады.

    Cонымен бірге жаңа ша­ғынаудандарды дамыту бойынша жобалық-­сметалық құжаттамасы дайын инже­нерлік желілердің құрылысына биыл республикалық бюджеттен қаржы бөлініп отыр. Атап айтсақ 16, 18, 18а, 19, 19а шағынаудандарды электрмен жабдықтау (жобаның құ­ны 2 744 366,0 теңге, биылға бөлінге­ні 508 395 мың); 18-­шағынауданның ішкі желілері су, жылу, канализация, телефонизация және автомобиль жолдарын, өту аймақтарын, тротуар­ларды салу, жол маңындағы аумақты абаттандыру. Жобаның құны 1699 093 теңге, биылға бөлінгені 500 млн. теңге. 18а, 19а шағынаудандарының инфрақұрылымы: су, жылу, канали­зацияның сыртқы желілері, автожол салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қалаға қарасты екі ауылдың бірі Рауан тұрғын массивінде инженерлік желілердің құрылысын салу қолға алынды.

    – Шаһарды абаттандыру, таза­лығын сақтау, көгалдандыру жұ­мыстарының жағдайы қалай?

    – Ақтаудың тазалығы пен көгал­дандыру, абаттандыру жұмыстарын атқарып келген «Қала жолдары» мекемесінің былтыр қарызға батып, жұмысшыларының айлығын айлап төлей алмайтын жағдайға жеткені біраз қиындық туғызғаны шындық. Мекемеге өткен жылы жергілікті бюджет тарапынан 2 млрд. 43 млн. теңге қаражат бөлінген. Оның ішін­ де: көгалдандыру жұмыстарына – 596 млн. теңге, санитарлық тазалау қызметіне – 839 млн. теңге, қалалық автомобиль жолдарын күтіп ұстау қызметіне – 537 млн. 267 мың теңге, абаттандыру қызметіне – 70 млн. 512 мың теңге. Биыл аталмыш мекеме тек қана екі бағытта жұмыстарды (санитарлық тазалығын қамтамасыз ету және автомобиль жолдарын кү­тіп ұстау) атқарып келеді. Жергілікті бюджет тарапынан жалпы бөлінген қаражат 1 млрд. 480 млн. теңгені (868,4 млн. теңге – санитарлық та­залау; 611,7 млн. теңге – автомо­биль жолдарын күтіп ұстау) құрады. Былтыр мекеменің кредиторлық қоры – 420 млн. теңгеге, оның ішін­де: кредиторлық қарызы – 169 млн. теңгеге, салықтық қарызы – 251 млн. теңгеге жеткен. Бүгінгі күні кредиторлық қордың 107,122 млн. теңгесі төленді. Биыл қаладағы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын конкурста жеңімпаз атанған басқа мекеме атқаруда.

    Ағымдағы жылы ұзындығы 200 шм автомобиль жолдарын күтіп ұстау­ға жергілікті бюджеттен барлығы 611,7 млн. теңге қарастырылған. Қалада 16,6 шақырым жол орташа жөндеуден өтті. Қаланы абаттандыру жұмыстарына  бюджеттен барлығы 215 млн. теңге көлемінде қаржы қарастырылып, оған халықтың де­малуына, жүріп­-тұруына қолайлы жағдай жасау бағытында бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қала­ның 15 мың шаршы метріне шағын­ ауданішілік жолдарын ағымдық және шұңқырлы жөндеу жұмыстары жүр­гізілуде. 10 шақырым жол бойына 7 млн.­-нан астам гүл егілді.

    ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Дәрігер: «Баланы бесікке бөлегеннен жамбас қуысы дамымай қалуы мүмкін»

    Бүгінгі күні Ақтау қаласы бойын­ша 244 балалар алаңқайы бар. Оның 120-­сы жақсы жағдайда. Төрт бала­лар ойын алаңы жергілікті бюджет қаржысынан қайта қалпына кел­тірілді. Жыл аяғына дейін тағы 2 балалар ойын алаңын салу жоспарда тұр. Сондай­ақ қалада 102 балалар спорт алаңы бар. Онын ішінде 94 футбол алаңы, 6 воркаут, 1 көше тре­нажерлары, 1 скейтпарк. 102 спорт алаңының 25­-і жаңадан салынған, 17-­сі жөндеуден өтті. Тағы 2­-еуі осы жылдың аяғына дейін қайта қалпына келтірілмек.

    – Қалада тұрғындарды мек­теп, балабақшамен қамтамасыз ету мәселесі толықтай шешімін тапқан ба? Әлеуметтік қорғау, білім беру, медицина саласында шешілмеген түйінді мәселелер бар ма? 

    – Қала бюджетінің ең көп бөлігі білім саласына жұмсалатыны белгілі. Қазіргі таңда қаладағы 25 мектеп түгел WI­FI желісі бар кең жолақты интернетпен 100% қамтылды. Бі­лім беру ұйымдарында «Egov.kz» порталы арқылы «Балабақшаға ке­зекке қою», «Оқушыларды мектеп­ке қабылдау», «Электронды жур­нал» автоматтандырылған жүйесі толық енгізілді. Барлық мектептер mektep.edu.kz ақпараттық жүйесі­не қосылған. Ақпараттық жүйенің педагогтарға және ата-­аналарға арналған мобильдік қосымшалары жұмыс жасайды. Сондай-­ақ «Смарт сити» элементтерін енгізу жұмыс­тары басталды. Екі мектепте (№23, 29) «SMART­-мектеп» пилот­тық жобасы енгізілді. Үш мектеп­те (№8, 23, «Оқушы» орталығы) IТ сыныптары ашылды. Нәтижесінде білім саласын цифрландыру арқы­лы еңбек өнімділігі 30%-­ға артып, қызмет көрсету уақыты 5 сағаттан 15 минутқа дейін қысқарды.

    Жақында білім саласының қызметкерлерімен жи­налыс өткіздік. Он бір зейнет жасындағы мектеп директо­рын қызметінен ауыстырдық. Қа­лада он екі жылдан бері мектеп са­лынбапты. Биыл 29­-шағынауданда ашылған жаңа мектеп Smart мектеп болады. Қазірде қаладағы мектептер­ де 35033 балаға 4400 мұғалім білім беріп жатыр. Ал бар мектептердің мүмкіндігі 30 мың балаға арналған. 31-­шағынауданынан мектеп салу үшін келісу арқылы кәсіпкердің жеке­меншік иелігіндегі жер телімін алып рәсімдедік. Басқа да қала аумағынан 6 мектеп салу үшін жобалық­-сметалық құжаттамалар жасақталды. Қазіргі уақытта қала мектептерінде орыс тілі пәні мұғалімдерінің жетпеушілігі байқалып отыр. Қала бойынша 79 (34 мемлекеттік, 5 мемлекеттік шағын орталық, 40 жекеменшік балабақша) мектепке дейінгі мекеме бар. Қазіргі таңда балабақшаларға кезекте тұрған 0–6 жастағы бала саны 13 365 (3–6 жастағы 1400). Қала бойынша мек­тепке дейінгі білім және тәрбиемен қамтылған бала саны 13 371 құрап, мектепке дейінгі оқытумен қам­тылған 3–6 жастағылардың үлесі 84%-­ға жетті.

    Медицина саласына қатысты айтсақ, негізінде барлық денсаулық сақтау мекемелері облыстық бас­қармаға қарайды. Қызметке кіріс­кеннен кейін қала бойынша бір жылда неше бала дүниеге келді де­ген сауалыма жауап беретін адам таппай қиналғанмын. Содан соң бұл саладағы жұмысты үйлестіретін ар­найы инспектор белгіледік. Қазірде қаладағы ахуал қалыпты, жағдай бақылауда деп айта аламын.

    – Теңіз жағалауынан салынған амфитеатр қала тұрғындары мен қонақтары үшін жақсы жа­ңалық болып, адамдар жиі бара­тын орынға айналды. Ондағы құрылыс жұмыстары толық бітті ме?

    – Құрылыс жұмыстары қазан айында толық аяқталады. Мәдени іс­-шаралар өтетін заманауи үлгідегі амфитеатрда бүгінге дейін бірнеше ірі мәдени шаралар өтті. Бұған дейін мерекелік шаралар қалалық әкімдік алдында немесе Ынтымақ алаңында өткізіліп келді. Ол жол қозғалысын бөгеп, қосымша қиындықтар ту­дыратын. Бұдан былай барлық мәдени көпшілік шаралар амфитеатр алаңында өтеді. Жаңажылдық шыр­шаны да сонда құрамыз деп отыр­мыз.

    – Қала тұрғындары демалатын, серуендейтін теңіз жағалауын абаттандыру жұмыстары жандан­ған сияқты.

    – Каспий теңізі жағалауының туристік әлеуетін арттыру үшін бірқатар ауқымды шаралар қолға алынды. Мәселен, Каспий жаға­лауында жартастарды жағалай 1450 метр жерге жаяу жүргіншілер жолы салынды. Жартас бойындағы үңгірлер абаттандырылып, табиғи мұражайға айналды. Келешекте жалпы ұзындығы 9 шақырымдай болатын, 15­-шағынауданнан бастап 1-­шағынауданға дейінгі аралыққа жағалаумен жаяу жүретін жол салуды жоспарлап отырмыз. Кей тұстарында кезінде жекеменшікке сатылып кет­кен нысандардың кедергі келтіргені­не қарамастан бұл жұмысты аяғына дейін жеткіземіз. Қазірде 33 кәсіпкер велосипедті жалға берумен айна­лысып отыр. Қала үшін бұл да бір жаңалық болды.

    – Тамыз айында Елбасымыз Ақтау қаласы маңындағы теңіз жағалауында орналасқан демалыс орнында болғанында болашақта Ақтауды Анталия сияқты дема­лыс орталығына айналдыру ту­ралы ойын айтты. Бұл бағытта қолға алынған нақты жобалар бар ма?

    – Бұл мәселеге үкіметтік деңгей­де мән беріліп отыр. Қала сыртын­дағы «Жылы жағажайдан» бастап «Алау» демалыс орнына дейінгі демалыс орындары шоғырланған 25 шақырымдық жағалау аймағына инфрақұрылым құрылысын жүргізу жобасы жасақталды. Кезінде 88 адамға берілген жер телімдерінде бүгінде 443 қожайын пайда болған. Соның ішінде 52 гектар жер игеріл­мей жатыр. Олардың иелеріне егер жер телімі мақсатқа сай пай­даланылмаса заң бойынша тиісті шара қолданылатындығы ескер­тіліп, жұмыстар жүргізілуде. Жоба бойынша 2020 жылға дейін демалыс аймағына толық инфрақұрылым тар­тылып, алғашқы 2, 3 жұлдызды қо­нақ үйлер салынып басталуы керек. Болашақта жағалаудағы демалыс орындарының тізбегі Құрыққа дейін созылады деген болжам бар. Реті келгенде айта кетейін, осы жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында қаламызға 83 875 турист келген. Ту­ризм саласын дамыту – болашақ ба­сым бағыттардың бірі болады.

    – Әңгімеңізге рақмет!

     * * *

    «Ақтауды «ақылды қа­ла» қатарына қос­сам!» деген арманын жасырмай айтқан қала басшысы­мен әңгіме барысында басқа да талай мәселелер қозғалды. Қала іргесінен агроаймақ құру, 22­-ша­ғынаудандағы базарларды модер­низациялау, көшедегі талдар мен көгалдарды суаруға жаңадан іске қосылған КОС­-2-­нің тазартыл­ған суын пайдалану, тамшылата суару жүйесін енгізу жайы да айтылды. «Алтықұлаш әулие» аумағынан жаңа мешіт салу, 3­шағынаудандағы ескі екі қабат­ты үйлердің орнына көп қабат­ты үйлер тұрғызудың егжей­-тег­жей жоспарын жасау, болашақта бір бөлігінде жергілікті өнім өндірушілер өз өнімдерін артық ақы төлемей саудалайтын жаңа базар ашу жоспары барын естіп білдік. Айтпақшы, күмпіл сөзге күмәнмен  қарайтын  әдетімізбен «Экоқала» мегажобасының жүзеге асуы қаншалықты шындық екен­дігін сұрадық. Әкім сол жоба үшін 535 гектар жер бөлініп қойғанын және қазірде жобалық-­сметалық құжаттамаларын жасақтау жұ­мыстары басталғандығын айтты. Шұғыл шара қолдану үшін қала тұрғындары ахуалды хабардар ететін ватцап желісіндегі «Об­становка» чаты жұмыс істейді екен. Энергиямен жабдықтаушы мекемелерді ірілендіру туралы талапқа сай алдағы уақытта АУЭС мекемесін «МРЭК» ком­паниясына қосу арқылы тариф бағасын төмендету жоспарланып отырғандығын, сондай-­ақ қазірде облысқа қарасты «Каспий жылу, су арнасы» (КЖСА) серіктестігін қала әкімдігінің қарамағына алу жоспары бар екендігін де әкімнің аузынан естідік.

    Тынымсыз тіршілігі қазандай қайнаған қаланың «жыры» оны­мен де таусылмайды­-ау...

    Мұрат ЖЕТЕКБАЙ

    1390
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    сұхбат маңғыстау жаңалықтары
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Сәби шетінеді. Себебі не?

    Келесі жаңалық

    Қазақстандық студент: "Мен Америкада қалай жұмыс істеп келдім?"

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілер қалай іріктелініп алынды?

      [ 2017 ] 14 маусым, 05:26
      4528

      Маңғыстау туризмінің басты түйткілі - инфрақұрылым

      24 мамыр, 09:20
      400

      Заңсыз құрылыстың зардабы екі тарапқа бірдей

      21 мамыр, 13:40
      413

      Маңғыстауда қандай ірі инвестициялық жобалар іске асады?

      20 мамыр, 15:51
      712

      Роза Рымбаева: Ақтаулықтардың қолдауымен мәслихат депутаты атандым

      [ 2023 ] 4 тамыз, 11:30
      884

      Н. ЖАРЫЛҒАПОВ, әлем чемпионы: Дзюдода олжа салғым келеді

      [ 2022 ] 27 желтоқсан, 10:50
      866

      Рубрикалар

        Анықтама бюросыБіле жүріңізЖаңалықтарРухани жаңғыруҚұқықАуыл өміріҚызық дерекТағайындауСаясатКомплаенс

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3004

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2752

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2587

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3073

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      2869

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      2804

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»