• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 16 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

"Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қау...

Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

Жаңашыл педагог

Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы...

  • USD: 479.38 ₸
  • EUR: 531.63 ₸
  • RUB: 5.27 ₸

Роза Рымбаева: Ақтаулықтардың қолдауымен мәслихат депутаты атандым

[ 2023 ] 4 тамыз, 11:30  |  Маңғыстау жаңалықтары

Наурыз айында еліміз бойынша өткен Парламент және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы кезінде Ақтау қаласынан Роза Рымбаева халық қалаулысы атанды. Көпшілік белгілі әншімен шатастырған ақтаулық депутат Роза Рымбайқызының өнерге еш қатысы жоқ. Он жылдан бері кәсіпкерліктің тасын өрге домалатып, бірнеше адамға жұмыс ұсынып отырған кейіпкеріміз бүгінде мәслихат мінберінен мәселелерді көтеріп жүр. Осы ретте mangystaumedia.kz тілшісі Ақтау қалалық мәслихатының депутатымен аз-кем сұхбаттасқан болатын.

- Роза Рымбайқызы, сізді көпшілік депутат ретінде атыңызды атағанда елімізге белгілі әншінің Маңғыстауда депутат болды деп ойлап қалған сәттер болды. Осы ретте өзіңіз туралы айта отырсаңыз?

- Менің аты-жөнім белгілі өнер жұлдызымен бірдей болғаны расымен де кездейсоқтық. Туған күніміздің арасы 4 күн екен. Алайда әке-шешім әншіге ұқсасын деп азан шақырып, Роза деп қойыпты. Өзім 1993 жылдың 24 қазанында Ақтау қаласында жарық дүние есігін аштым.

- Атыңызға сай әу баста әнші боламын деген арман-мақсатыңыз болған шығар?

- Осы орайда бірі қызық жайтты кеңірек айта кеткім келіп тұр. Менің атымды әдейі̆леп атақты әншімізге ұқсасын деп қойды ғой. Сонымен бірге, Роза апамыз екеуіміз де тауық жылы туыппыз. Ол кісі 1957 жылы дүниеге келсе, мен араға 36 жыл салып дүние есігін ашыппын. Жұлдыз белгіміз де сарышаян. Егер мен 1-2 күн өмірге ерте келгенде жұлдыз белгім таразы болар ма еді... Бұл ұқсастықтарды өзім кейін байқадым. Ата-анам да ол жөнінде менен естіді. Кейде әншімен мінезіміз де ұқсастық бар ма екен деген сауал туындайды. Бірақ мен өнер жолын емес, кәсіпкерлік бағытты таңдадым. Роза апамыз секілді еліміздің дамуы жолында өз үлесімді азды-көпті қосып жүрмін деп есептеймін. Ән айту туралы түрлі мақсат болғанымен, кейін таңдау басқа арнаға бұрылды.

- Биыл депутат ретінде мәслихат мандатын иелендіңіз? Депутат болуға неліктен бекіндіңіз?

- Бұл жауапты жұмысқа елдің қолдауы арқылы келдім. Блогер болғаным рас. Халық демеп, мәселені мінберден айтсаңыз деген соң ойлана келе, Ақтау қаласында №20 сайлау округ бойынша саяси додада бақ сынадық. Тұрғындардың дауыс беруі нәтижесінде халық қалаулысы атандық. Енді соның жауапкершілігін сезініп, үмітті ақтап, тұрғындар мәселесін шешуге білек сыбана кіріскен жайымыз бар.

- Негізінен қандай мәселелерді көтеріп жүрсіз?

- Кәсіпкерлікті қолдау туралы мәселелерді айтып жүрмін. Елімізде жастар мәселесі, оларға қолдау көрсету кезек күттірмейтін мәселе. Мүмкіндігінше, тұрғындардың да арыз-шағымына назар аударып, оңтайлы шешілуі ат салысып жатқан жайым бар. Депутат ретінде алда көптеген жоспарларым бар. Сол бағытта табанды еңбек етіп, айтулы нәтижеге қол жеткіземін деген ойдамын.

- Сіз облыс бойынша ең жас депутат екенсіз? Жалпы, 29 жаста депутат болудың жүгі қандай?

- Енді бұған дейін Мәжілісте менен де кіші жастар депутат болды ғой. Ал Ақтау қалалық мәслихатының бұл жолғы шақырылымында мен жас депутат ретінде сайлаушылардың жоғары дауысына ие болыппын. Бұның жүгі әрине, жеңіл емес. Халықпен әрдайым кездесіп, тұрғындар айтқан мәселеге бей-жай қарамау керек деп санаймын.

- Әңгімеңізге рахмет!

864
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау жаңалықтары Сұхбат
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Маңғыстаулық қазақ жастары Италияда өнер көрсетті

Келесі жаңалық

Ақшұқыр ауылында сорғы станциясы мен сумен жабдықтау желілері пайдалануға берілді

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілер қалай іріктелініп алынды?

    [ 2017 ] 14 маусым, 05:26
    4230

    Маңғыстау туризмінің басты түйткілі - инфрақұрылым

    24 мамыр, 09:20
    381

    Заңсыз құрылыстың зардабы екі тарапқа бірдей

    21 мамыр, 13:40
    398

    Маңғыстауда қандай ірі инвестициялық жобалар іске асады?

    20 мамыр, 15:51
    694

    Роза Рымбаева: Ақтаулықтардың қолдауымен мәслихат депутаты атандым

    [ 2023 ] 4 тамыз, 11:30
    865

    Н. ЖАРЫЛҒАПОВ, әлем чемпионы: Дзюдода олжа салғым келеді

    [ 2022 ] 27 желтоқсан, 10:50
    838

    Рубрикалар

      МұнайлыФотоМаңғыстауЖастар бетіТүпқарағанДенсаулықАуыл өміріӘлем жаңалықтарыРедакция газеттері

    Автордың басқа да жазбалары

    Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайындалды

    5 қыркүйек, 15:39
    2256

    Маңғыстауда «Қолдан қолға» жобасы аясында 11 отбасыға қаржылай көмек берілді

    27 тамыз, 09:38
    2967

    Ұйымдастырушылар: Психолог мамандардың білімі мен білігі көп мәселені шешеді

    26 тамыз, 09:57
    1019

    Жармыш ауылында 153 үйге газ желісі тартылды

    25 тамыз, 14:47
    1081

    Нұрдәулет Қилыбай “Онды бағының” жай-күйімен танысты

    25 тамыз, 13:10
    2948

    Үштаған ауылында полиция пункті ашылды

    25 тамыз, 13:09
    1072

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»