• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 16 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

"Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қау...

Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

Жаңашыл педагог

Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы...

  • USD: 479.38 ₸
  • EUR: 531.63 ₸
  • RUB: 5.27 ₸

Н. ЖАРЫЛҒАПОВ, әлем чемпионы: Дзюдода олжа салғым келеді

[ 2022 ] 27 желтоқсан, 10:50  |  Маңғыстау жаңалықтары

Маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғаповты білмейтін спорт жанкүйерлері кемде-кем. Қазақ күресінен дүбірлі жарыстарда қарсылас шақ келтірмей жүрген балуан үшін биылғы жыл аса табысты болды. «Қазақстан Барысы» турнирінде екінші жыл қатарынан жүлде алған оғлан ауқымды жарыс саналатын «Дала қыраны» бәсекесінде жеңімпаз атанды. Араға уақыт салып Астанада өткен әлем біріншілігінде топ жарды. Осы орайда ел спортының дамуына айтулы үлес қосып жүрген Нұрдәулет Жарылғаповпен сұхбаттасқан болатынбыз.

- Нұрдәулет, сіз үшін биыл бозкілемде бап пен бақ қатар шапқан жыл болды деуге толық негіз бар. Дүбірлі сындарға дайындық барысы қалай өтті?

- Биыл мен үшін жауапты жарыстарда жоғары нәтижеге қол жеткізудің сәті түсті. Ел чемпионатында топ жарумен қатар, «Дала қыраны» турнирінде жеңімпаз атандым. Таяуда ғана әлем чемпионатында алтын жүлде иелендім. «Қазақстан Барысы» турнирінде финалға шығып, күміс белбеу иегері болдым. Осының бәрі түптеп келгенде, спортшының мерейін асқақтатып, келер күнге деген сенімді нығайта түседі. Қайрат Борбасов, Елубаев Кенжебаев сынды бапкерлерім баптап, Ақтаудағы «Шоғы батыр» спорт кешенінде тыңғылықты дайындық жүргіздік. Таяуда ғана Астанада «Дала қырандары» бәсекесінде топ жарған соң желтоқсан айының 12-14 күндері Астанада өткен әлем чемпионатында күресу бақыты бұйырды. Сол әлем чемпионатында ұлттық құрама бапкерлері және жеке жаттықтырушыларыммен екі апта бойы оқу-жаттығу жиындарын өткіздік. Әр қарсыласыма жеке-жеке жіті дайындалып, шеберлікті шыңдай түстік. Өздеріңіз куә болғандай айшықты белдесу көрсетіп, жеңіске жеттім. Алғашқы қарсыласым әзербайжандық балуаннан өту аса қиынға түскен жоқ. Одан кейінгі айналымда белгілі өзбекстандық балуан Мухсим Хисомиддиновпен белдестім. Ол бұған дейін қазақ күресінде көптеген жарыстарда жеңімпаз атанған. Қарымды балуандарымыздың жауырынын талай рет жер иіскеткен еді. Сын сағатта қапы қалмай, мүмкіндігімді толық пайдаландым деп санаймын. Финалға шыққан соң қарсыласым қырғыз балуанын таза әдіспен ұтып, еліміздің туын желбіретіп, әнұранын шырқаттым.

- Республикалық оқу-жаттығу жиындарынан бөлек, Маңғыстаудағы жаттығу кезінде спаррингтегі қарсыластарыңыз кімдер? Аса ауыр салмақта білікті балуандарды табу да оңай емес шығар?

- Жарысқа дайындық барысында залда бірге жаттығатын жас балуандармен белдесемін. Өзімнің Дәурен есімді туған інім де жаттығу кезінде көмектеседі. Спаррингке қарасылас ретінде сол бауырым үнемі қасымда жүреді «Қазақстан Барысы», «Дала Қыраны», әлем және ел чемпионатында дайындық кезінде інімнің де көмегі зор болды дер едім.

- Ініңіз Дәурен Жарылғапов қазір облыс аумағындағы жарыстарда күресіп жүр. Ірі жарыстарда бақ сынайтын жоспары жоқ па?

Дәурен 2015 жылдан бастап күреске қатыса бастаған еді. Алайда 2019 жылы аяғынан қатты жарақат алып, біраз уақыт емделуіне тура келді. Інім екеуімізді негізінен Қайрат Борбасов жаттықтырады. Айбек Имашев ағамыз да қамқорлығын танытып, бапкерлік етеді. Дәуренге республикалық жарыстарға қатысуына жарақаты бөгет болып жүр. Енді толық жазылған соң білек сыбана кіріспек.

- «Қазақстан Барысы» турниріне бірнеше жылдан бері қатысып келесіз. Биылғы финалдық белдесуде өзіңізге не жетпеді деп есептейсіз?

Биылғы сында жеңімпаз атанған қызылордалық Мақсат Исағабылов осал балуан емес. Финалдағы белдесуге дейін Мақсаттан бірнеше рет бозкілемде басым түскен едім. «Қазақстан Барысының» финалына шыққанымда аздап босаңсып кеткендеймін. Себебі, қарсыласымды бұған дейін жеңген соң пәлендей күмәнім болмады. Сол босаңсудың салдарынан қапы қалдым деп ойлаймын. Әйтпесе сол жарысқа өте жақсы дайындықпен барған едім. Бабым келісіп, финалға дейін мүлде шаршаған жоқпын. Маған дейін «Қазақстан Барысында» Маңғыстау облысынан финалға шыққан балуан болмағаны белгілі. Сол жағы да маған әсер еткен болуы керек. Енді алда өтетін турнирлерде барымды салып, жеңімпаз атануды мақсат етіп отырмын. Бұйырса, соған қол жеткізіп, ондай қателікке жол бермеймін деген ойдамын. Бұған дейін көптеген ірі жарыстарда күресіп, тәжірибе жағынан да азды-көпті толыстық. Алда «Әлем Барысы» турнирінде де жеңімпаз атануды көздеп отырмын. Бапкерлеріммен біліктілігімді одан әрі шыңдай түсіп, тыңғылықты дайындалып, жауапты сындарда оза шабамын деген нық сенімдемін.

- Өзіңізді бұған дейін қазақ күресінен бөлек дзюдода да жақсы жетістіктерге қол жеткізгеніңізді қалың жанкүйерлер жақсы біледі. Кезінде жастар арасында Азия біріншілігінің күміс жүлдесін иеленгеніңіз тағы бар. Неліктен қазір дзюдодағы додаларда күреспей жүрсіз?

- Бұрын жастар арасында ел біріншілігінде финалға шыққан соң бірнеше рет жарыстарға бардық. Азия біріншілігінен бөлек, Азия кубогында да топ жардым. Таяуда Ақтауда өткен Т.Жолдыбаев атындағы ашық Азия кубогында күміс жүлдені иелендім. Негізінен дзюдодан ел ішінде өткен турнирлерде күресемін. Бірақ бап пен бақ қатар шауып, жүлде алудың сәті келмей жатқан сыңайлы. Жүлдеге қол созым жер қалғанда қапы қалған сәттер көп болды. Аталған екі күресті қатар алып жүруге болады. Алайда көбіне жаттығу барысында қазақ күресі бойынша дайындаламын. Ұлттық спортқа баса мән берген соң дзюдомен тұрақты айналысу маған сәл ыңғайсыздау болып отыр. Дегенмен 2023 жылы дзюдодан ірі жарыстарда күресу жоспарымда бар.

- «Қазақстан Барысында» күрескен балуандардың дені дзюдодан халықарылық жарыстарда, Гран При, Гранд Слэм бәсекелерінде белдесіп жүр. Осы орайда дзюдо құрамасының бапкерлері өзіңізге ел намысын қорғауға ұсыныс жасамады ма?

- Ұлттық құраманың бапкерлерінен тікелей ұсыныс болған жоқ. Бапкерлерім Қайрат Борбасов пен Айбек Имашев дзюдодан Гран При бәсекелерінде күресіп көрудің мүмкіндігін қарастыру туралы кеңескен болатын. Мен үшін қазақ күресі басты орында тұрғандықтан, әуелі осы спорттағы ауқымды жарыстарды ұту маңызды болды. Мәселен, менің қанжығамда ұлттық күрес бойынша әлем чемпионатының медалі жоқ екен. Соған бапкерлермен тыңғылықты дайындалып, әлем чемпионы атанған соң дзюдоға түбегейлі бет бұруды жөн деп шештік. Маңғыстау облысында қазақ күресінен балуандарымыз әлем чемпионатын жоғары жетістікке қол жеткізбегені белгілі. Тек жеке бапкерім Қайрат Борбасов ертеде қола жүлдегер атанған. Мақсат қойып, жатпай-тұрмай дайындалдық. Еңбегімізге қарай, төккен теріміз далаға кеткен жоқ. «Қазақстан Барысынан» былтыр қола, биыл күміс белбеуді иеленсем, таяуда ғана әлем біріншілігінде асығым алшысынан түсті. Бұйырса дзюдоның да дуын көретін күн алыс емес.

- Алғаш рет шоқтығы биік «Қазақстан Барысы» додасына 2015 жылы қатыстыңыз. Ол кездері жастау болғандықтан қарымды қарсыластардан айлаңызды асыра алмай жүргеніңіз анық. Жеңілген сәтте күресті қойсам деген ой мазалады ма?

- Алғаш рет 7 жыл бұрын «Қазақстан Барысына» қатысып, бірінші белдесуімде тәжірибелі балуан Руслан Әбдіразақовқа есе жібергенім бар. Жеңілген сәтте бапкерлерім қолдау білдіріп, арқадан қағатын. «Жеңісті күндерің алда» деп сенім артты. Сол қанаттандыру мені тек алға ғана жетеледі. Үздіксіз жаттығудың арқасында түбінде биік белеске шығарыма кәміл сендім. Жеке бапкерлерім үміт артты. Сол жолда менімен бірге жүрді. Осы орайда ағайларымызға тек қана алғыс айтамын. Алдағы дүбірлі сындарда бірге жеңіске жетемін деген сенімдемін. Қазір Бейбіт Ыстыбаев, Айбек Нұғымаров сынды ағаларымыздың орнын басқанымызбен, бізден кейін де ізімізден өкшелеп келе жатқан талантты балуандар жетерлік.

- Жаттығу жұмыстары негізінен қайда өтеді?

- 2012 жылдан бастап 2019 жылға дейін Ақтауда жаттығу жасадым. 2011 жылы Ақтаудағы политехникалық колледжге оқуға түскен едім. 2012 жылдан бері Қайрат Борбасовпен бірге дайындалдым. 2019 жылға дейін осы үрдіс толассыз жалғасты. Кейін әлем бойынша карантин басталғанда ауылға кетуге тура келді. Себебі, барлық қоғамдық орындар жабық-тын. Ретін келтіріп, Бейнеу ауданы, Ақжігіт ауылында дайындала бастадық. 2020 жылы әкем өмірден өткен соң ауылға біржола қалуға тура келді. Бүгінде туған ауылым Ақжігітте тұрақты түрде жаттығамын. Арасында Ақтауға барып, жеке бапкерлерімнің тәлімін алып, оқу-жаттығу жиындарына қатысамын.

- Жалпы, қазақ күресімен неше жасыңыздан бастап айналыса бастадыңыз?

- Қазақ күресімен тек колледжге түскен соң шұғылдандым. Ол кезде 16 жастағы бала едім. Әуелі жастар арасындағы жарыстарға қатыстық. «Жас барыс» турнирінде белдесіп, 2014 жылы қола, 2015 жылы күміс жүлде иелендім. Негізі спортқа мектеп бітірген соң келгенмін. Біз үшін кез келген жарыстың орны бөлек. Жарыс алдында жаттығудан бөлек психологиялық тұрғыдан да дайындық керек. Осы орайда бапкердің атқаратын еңбегі ерен. Кейде спортшы кілемдегі шешуші сәтте психологиялық тұрғыдан жеңіліп қалып жатады. Осындай қорқыныштарды қалай жеңуді бапкеріміз әрдайым үйретіп, санамызға құйып отырады. Бірге ақылдасып, рухани күш беріп, жігерлендіріп жүреді.

- Ауқымды турнирді ұтқаннан кейін Маңғыстау өңірінен қандай қолдау көрсетілді?

- «Қазақстан Барысынан» жүлде алған соң облыс әкімі мен өңірдегі қазақ күресі федерациясының басшылары қабылдап, айтарлықтай сый көрсетті. Қазақ күресін дамытуға аймақта күш салып отырған Дәурен Мұратбай Ақтау қаласынан бір бөлмелі пәтерді сыйға тартқанын ерекше атар едім.

- Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан - Заңғар АМАНКЕЛДІ

837
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау жаңалықтары Қоғам Спорт Сұхбат
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Жаңаөзенде «Жыл үздігі – 2022» сыйлығы табысталды

Келесі жаңалық

«Amanat» партиясының Маңғыстау облыстық филиалында кезектен тыс XXXVII конференциясы өтті

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Н. ЖАРЫЛҒАПОВ, әлем чемпионы: Дзюдода олжа салғым келеді

    [ 2022 ] 27 желтоқсан, 10:50
    838

    Батырбек Естаулетов: Вьетнам, Иран, Тайланд спортшылары – басты қарсыластарымыз

    [ 2021 ] 18 наурыз, 09:33
    2032

    Бекзат Нұрдәулетов: Токиода топ жарып, елімді қуантсам деймін

    [ 2021 ] 9 наурыз, 10:39
    1596

    Ердос Жаңабергенов: Олимпиадада 57 келі салмақ Махмұд Сабырханға ауыр болады

    29 шілде, 10:05
    406

    Исембай Матенов: Өзім жетпеген жетістіктерге шәкірттерім жетсе екен деймін

    [ 2021 ] 3 маусым, 11:12
    4759

    С. Сейітқазынов: Мақсатымыз – бәсекеге қабілетті футболшыларды тәрбиелеу

    [ 2021 ] 31 қаңтар, 12:14
    1628

    Рубрикалар

      БейнеуАНТИКОРӘлем жаңалықтарыМәдениетРедакцияЭкономикаМаңғыстауРедакция туралы

    Автордың басқа да жазбалары

    Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайындалды

    5 қыркүйек, 15:39
    2256

    Маңғыстауда «Қолдан қолға» жобасы аясында 11 отбасыға қаржылай көмек берілді

    27 тамыз, 09:38
    2964

    Ұйымдастырушылар: Психолог мамандардың білімі мен білігі көп мәселені шешеді

    26 тамыз, 09:57
    1019

    Жармыш ауылында 153 үйге газ желісі тартылды

    25 тамыз, 14:47
    1081

    Нұрдәулет Қилыбай “Онды бағының” жай-күйімен танысты

    25 тамыз, 13:10
    2945

    Үштаған ауылында полиция пункті ашылды

    25 тамыз, 13:09
    1072

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»