• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 14 Тамыз 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Нөкіс қаласынан Маңғыстау облысына пойыз қатынайтын болды...

«MAŃǴYSTAÝ» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды...

Сүйінші! Маңғыстауда 4 мектептің түлегі түгелдей білім беру грантын иеленді...

Ақтауда түн ішінде моншадан өрт шықты...

Медиация күні қарсаңында консультативтік көмек көрсетуден «Ашық алаңы» өтед...

  • USD: 479.44 ₸
  • EUR: 523.69 ₸
  • RUB: 5.22 ₸

Бала бақыты - жанұя жарастығы мен отбасы татулығында

[ 2019 ] 12 тамыз, 06:26  |  Қоғам

Отбасы – қазақы ортадағы қасиетті ұғым. Себебі ол – ізгі тәрбиелік қайнар көзі, мейірім-махаббат бастауы, саналы тұлға қалыптасуына негіз болар басты іргетасы, бал дәурен балғын шақтың жылы естеліктеріне толы ыстық ұя. Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен өсіп-дамуында, өмірде өз орнын тауып, аяғын нық басуында, икемі келер кәсіпті игеріп, табысқа қол жеткізуінде отбасында берген тәлім-тәрбиенің ықпалы өте зор. «Балапан құс ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» дейді халық даналығы. Ұрпақ өн бойына ізгі адамгершілік нәрін сіңіру, ғұмыр жолында бағыт нұсқар шамшырағындай жарқын үлгі көрсету, өнеге-тағылымы мол дүниелерге, жақсылық атаулыға баулу – ата-ананың басты парызы. Береке-бірлігі, тату тірлігі жарасым тапқан жанұя – салауатты қоғамның басты тірегі. Сүттей ұйыған шаңырақта өзара сыйластық, ыстық сүйіспеншілік, қамқорлық пен түсіністік салтанат құрады. Ал күнара дау-жанжал орын алып, кез келген нәрсе ұрыс-керіске ұласатын, үлкенге құрмет, кішіге ізет қағидаты қадірін жоғалтқан жанұяда бақ-береке де, ырыс-дәулет те тұрақтамасы анық. Соңғы жылдары қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылық сынды түсінігімізге жат ұғымды жиі құлағымыз шалады. Отбасы мүшелері арасындағы өзара түсініспеушілік, бірі өзгесіне әлімжеттік не зорлық көрсету, балағаттау, қысымға алу, қинау әрі қорлау сынды жантүршігерлік фактілер орын алуы, әрине, көңілге қаяу салары анық. Осы жайында Маңғыстау өңірінде тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғаларын зерттеп, оның құрбандарына әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуде белсенділік танытып жүрген «Рай» дағдарыс орталығының директоры Райхан Бекмановамен сұхбат құрдық. - Сәлеметсіз бе, Райхан апа, тұрмыстық зорлық-зомбылық ұғымы – біз үшін жат дүние. «Ерлі-зайыптының арасына есі кеткен түседі» деп отбасында орын ала­тын жайттарды бөгде жанмен талқы­лауды өте ерсі санайтынымыз бар. Тұрмыстық зорлық-зомбылық факті­лері қай жылдардан бері қоғамда ашық талқылана бастады? – Елімізде 2009 жылға дейін халықаралық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар әрі қоғамдық қорлармен бірлесе осы тақырып төңірегінде ортақ бас қосулар мен кездесулер ұйымдастырылатын. Тұрмыстағы құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс мазмұнына бірнеше мәрте толықтырулар ен­гізілген еді. Ал 2009 жылдың желтоқсанында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» туралы заң өз күшіне енді. Десек те, заңнама мазмұны осы жылдар аралығында бірқатар толықтырулар мен түзетулерге ие болды. Бұл – заң аясында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу әдістері бұдан әрі де жетіле түседі деген сөз. Жалпы тұрмыстық деңгейдегі құқық бұзушылық фактілерін зерттеу аса жоғары кәсіби деңгейді талап етеді. Бір отбасы мүшелері арасында орын алатын мұндай оқиғада дұрыс шешім шығару өте маңызды. – Тұрмыстық зорлық-зомбылық ұғы­мына қандай анықтама бере аласыз? – Кез келген жан тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбанына айналуы мүмкін. Отбасындағы бір жанның қасақана әрі жүйелі түрде өзге біреудің денсаулығына зардап тигізуі, психологиялық қысымға алуы, жыныстық зорлық көрсетуі немесе қаржылық зиян келтіруі тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілеріне жатады. Ерінің әйелін немесе керісінше, ата-ананың өз балала­рын немесе балалардың қартаң ата-ананы жәбірлеуі зорлықтың айқын мысалы бола алады. – Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қандай түрлері бар? – Тұрмыстық зорлық ұғымының аста­рына көз жүгіртсек, төрт түрлі сипатқа ие болатынын түсінеміз. Ең алдымен, әрине, психологиялық тұрғыдан қысым көрсету. Құйтырқы әрекеттер нәтижесінде жүйке жүйесін жұқарту, қоқан-лоқы көрсету, бы­лапыт сөздермен балағаттау, сынап-мінеу, табалау, жөнсіз кінә тағу немесе жала жабу арқылы көңіл күйіне, сана-сезіміне әсер ету, күйзеліске түсіру, тіпті өзіне-өзі қол жұмсауына дейін апару – психологиялық зорлықтың бір түрі. Ал физикалық зор­лық фактілеріне ұрып-соғу, ауыр дене жарақатын салу сынды жәбір көрсету түр­лері жатады. Сондай-ақ өзге жанға қа­тысты сексуалдық сипаттағы кез келген іс-әрекетті қолдану жыныстық зорлық ретінде танылады. Сондай-ақ қазіргі таңда экономикалық зорлық-зомбылық фактілері де жиі ұшырасады. Мәселен, ақшаны неме­се материалдық игіліктерді қатаң бақылауға алу, осы дүниелер арқылы тән мен жан саулығына нұқсан келтіру экономикалық зорлықтың бір сипаты болмақ. – Біздің өңірге оралсақ. «Рай» дағдарыс орталығы қызметінің негізгі бағыты қандай? – Біз, ең алдымен, 2013 жылы құрылған «Рай» шұғыл көмек көрсету орталығы ретінде кеңес беру қызметімен шектел­ген едік. 2016 жылы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат» қоры арқылы қаржылай грантқа қол жеткізіп, дағдарыс орталығын аштық. Өңір бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу – біздің қызметтің басты бағытының бірі. Қазіргі таңда дағдарыс орталығы тұрмыста зәбір көрген жандарға пана беріп, психологиялық, құ­қықтық, әлеуметтік көмек көзін ұсынады. Баспана жайлы. Жәбірленушілер азық-тү­лікпен, төсек-орынмен, барлық қажетті дүниелермен толықтай қамтылады. Олар білімін арттыруға, психолог мамандармен сырласуға, көңілді уақыт өткізуге мүмкіндік алады. – Маңғыстау облысы бойынша тұр­мыстық зорлық-зомбылық деңгейінің динамикасы қандай? - Бұл сауал маған жиі қойылады. Бұған нақты жауабым жоқ. Себебі халық ара­сында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жиілеген сайын бізбен байланыс орнатуға ниетті жандар саны жыл санап артуда. Бұл тұрмыстық зорлық оқиғалары орын алатын отбасылар саны артты деген сөз емес. Ел арасында түсіндіру, толыққанды ақпарат беру үрдісі белсенді қарқын алған сайын жәбір көрушілер бойында сенім де пайда болады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық бірне­ше жылдарға созылуы мүмкін. Жәбірленуші отбасылық қарым-қатынастағы құқыққа қарсы әрекеттерді жасырын ұстайды. Сол себепті көп жағдайларда тұрмыстық зорлық фактілері жария болмай, өз жалғасын тауып жатады. Әрине, ең өкініштісі – осы. Дағдарыс орталықтарында тұрмыстық зорлық құрбандарына көрсетілетін көмек екі түрге бөлінеді. Кейбір жәбірленушілер әр түрлі мамандардан кеңес алуға келеді. Ал өзгелері орталықты паналап, толық бейімде­лу курсынан өтеді. Өткен жылы орталық 25 әйел мен 67 балаға пана ұсынды. Ал биыл бірінші жартыжылдықтың өзінде біздің көмекке мұқтаж 16 әйел және олардың балалары уақытша паналау орталығында «бас сауғалады». Былтырдың өзінде біз 300-ден аса нәзік жандыларға көмек көрсеткен екен­біз. - Жалпы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары кө­бінесе кімдер? - Жанұяда қорлыққа жиі ұшырайтындар, әрине, нәзік жандылар мен балалар. Десек те, тұрмыста зәбір көріп жүрген ер адамдарды танимын. Ер­-азаматтар бұл мәселені ашық жария етуге батылы жетпейді. Ар-намысына нұқсан келуі мүмкін. Әрі біздің қоғамның сана-сезімі мұндай дүниені қабылдап, қорытуға әзір дайын емес секілді. – Сіздің тәжірибеңізде қандай сорақы жайттармен бетпе-бет келдіңіз? – Біз адамдармен етене жұмыс жасай­мыз. Кез келген отбасындағы келеңсіздік пен түсініспеушіліктің өзіндік себебі, тари­хы болады. Әрине, өте ауыр жағдайлармен бетпе-бет келеміз. Мәселен, былтыр бір келіншек көмек сұрап келді. Өзі балалар үйінде тәрбиеленген. Тұрмыста. Екі баласы бар. Бірі – мүгедек. Құжаттары жоқ. Осыны пайдаланған отбасы мүшелері оны ұрып-соғып, түрлі қиянат көрсеткен. Мүгедек бала құжаттары дұрыс рәсімделмегендіктен мем­лекет тарапынан ешқандай әлеуметтік көмек ала алмаған. Осы келіншекке біз қолдау көрсеттік. Баспана ұсындық. Ұзақ уақытқа созылып, титықтатып жіберетін құжаттарды қайта қалыптастыру барысына да көмек қолымызды создық. – Жәбірленушіні дағдарыс орталығына орналастыру үрдісі қалай жүзеге асады? – Біздің орталықта құқық қорғау орга­ны мен жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру басқармасы тарапынан кел­ген өкілдер және дағдарыс орталығының екі қызметкері тұрмыстық зорлық құрбанымен әңгіме құрады. Олар жәбірленушіге көрсетілген зардап деңгейін бағалайды. Белгілі бір талаптарға сәйкес тұрмыстық зорлық құрбаны деп танылған тұлға ар­найы шешім бойынша дағдарыс орталығына бағытталады. Отбасында зәбір көрген жан 6 айға дейінгі мерзімде орталықты паналай алады. – Тұрмыстық зорлық құрбанына уақытша баспана беріледі. Бұдан бөлек негізгі атқарылатын іс-шаралар қандай? – Біздің негізгі мақсатымыз ерлі-зайыпты­ны ажырату емес. Біз қажетті көмек көрсетіп, уақытша баспана ұсынамыз. Жұмыс табуы­на көмек көрсетеміз. Одан кейінгі шешімді жәбірленушінің өзі қабылдайды. Көп жағдайда жұбайларымен татуласып, үйіне қайтады. Ал кейбір жағдайда, ажырасып, жұмысқа орналасып, баспана жалдап, өз бетінше өмір сүреді. – Отбасында тұрмыстық зорлық фак­тісі орын алды делік. Не істеу керек? Екі тарапқа қандай шаралар қолданылады? – Бұл арада заңнамадағы қарама-қайшылықтар туралы сөз қозғаудың реті келіп тұр. Отбасындағы кез келген дау-дамай – екі тарапқа ортақ дүние. Өзара сыйластық пен сезімге сызат түсірмей, ерлі-зайыптылар тез арада тіл табысуы аса маңызды. Ал ол үшін жұбайлар бірлесе әрекет етуі керек. Дамыған елдер тәжірибесіне сүйеніп, жұмыс нәтижесіне көз жүгіртсек, жанұяда үздіксіз ұрыс-керіс, зорлық-зомбылық орын алса, қос тарап та психолог-маманның көмегіне жүгінуге міндетті. Бұл мәселе түп-төркінін тануға, қарым-қатынастағы олқылықтардың орнын толтыруға мүмкіндік береді. Елімізде тұрмыстық деңгейдегі құқық бұзушылық құрбанына ғана әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Алдағы уақытта осы тұсты ескеріп, заң мазмұнына толықтыру ендіру қажет деген пікірдемін. Отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі орын алса, алдымен, құқық қорғау қызметкерлері профилактикалық әңгіме жүргізеді. Жаңа құқық бұзушылықтың алдын алу және жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, қорғау нұсқамасы шығарылады. Қорғау нұсқамасы дегеніміз тұрмыстық деңгейде құқық бұзушылық жасайтын адамға қойылатын бірқатар шектеулер. Олар әр түрлі болуы мүмкін. Мұндай талаптар ішкі істер органдарының ұсынымхаты бойынша сот тарапынан белгіленеді. - Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін қандай мемлекеттік органдармен бірлесе қызмет атқарасыз? – Тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғасы орын алған кезде міндетті түрде құзыретті мемлекеттік органдармен бірлесе қызмет атқарамыз. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының субъектілеріне жергілікті атқарушы органдар, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар, ішкі істер органдары, білім беру денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту саласындағы уәкілетті органдар мен көмек көрсету жөніндегі ұйымдар жатады. Қызмет барысында құқық қорғау органы, денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру басқармаларымен байланыс жігі ажыраған емес. Ортақ мүдде жолында мығым серік- тестік орнаған. Нәтижесінде жемісті еңбек етіп келеміз. – Отбасы бақыт баламасы деп білеміз. Жанұяда мұндай дау-жанжалдар орын алмауы үшін қандай іс-әрекет қылу керек? Тұрмыстық зорлық құрбанына сенімділікті қалай ұялатамыз? – Неке-отбасы қатынастары түсінігін жандандыру, отбасы құндылықтарын қоғамда кең ауқымда насихаттау ісін ілгерілету ауадай қажет. Жас буын өкілдері үшін арнайы консультативтік орталықтар жұмыс істеуі керек. Әсіресе, ер-азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін арттыру қажет. Балаларын жалғыз өзі жетелеп келе жатырған ер адамдар бар. Көбінесе қайғы-қасіретін ішке бүгіп, ішкілікке салынып жатады. Жыныстық зорлық көрген жастарға да моральдық қолдау ақсап тұр. Сол себепті дағдарыс орталықтары туралы халықты ақпараттандыру аса маңызды. – Дағдарыс орталығының жетекшісі ретінде алдағы жоспарыңыз қандай? – Былтыр Орталық Азия қоры мен «ТенгизШевройл» компаниясының «Жарқыра» жобасы аясында қаржылай грант ұтып, дағдарыс орталығы жанынан нан пісіру цехын іске қостық. Алдағы уақытта сұлулық салонын ашып, әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандарды еңбекке баулуды қолға алсам деген жоспар бар. Өмірде түрлі әділетсіздіктерге тап болған нәзік жандылар бір сәт болса да өзін әдемі әрі жүрегі нәзік, көңілі кіршіксіз әйел ретінде сезінсе екен деген ой бар. Бұл жоспарлардың бәрі – келер күннің еншісіндегі дүниелер. – Райхан Абдуллақызы, өте өзекті мәселе төңірегінде ой өрбіттіңіз. Отбасылардың бейбіт тұрмысы әрі бүлдіршіндердің бақытты балалық шағы мен қазыналы қарияларымыздың алаңсыз болашағы үшін атқарып жүрген қызметіңізге табыс тілеймін. Бүкпесіз әңгімеңізге рақмет. Ой-түйін Дағдарыс орталығында бүгінгі таңда 4 әйел өмір сүреді. Солардың бірі – Көркем есімді 20 жасар келіншек. Осыдан екі жыл бұрын отау құрған Көркем жолдасымен дәм-тұзы жараспай, жолы екіге бөлінген екен. Қолында 1 жастан сәл асқан сәбиі бар. «18 жаста тұрмысқа шықтым. Отбасылық өмір жақсы басталды. Уақыт өте күйеуім ішімдікке әуестене бастады. Мас күйінде аяусыз ұрып-соғатын. Екеуміздің ортамызға енем түсті. Дау-жанжал да ұлғайды. Шыдамым шегіне жеткен күні бөбегімді жетектеп, төркініме келдім. Бірақ ата-анам жылы қабақ танытпады. Себебін түсінбедім. Біздің әулет – ескі көзқарастағы жандар. Ажырасып келгенімді әкем реті келсе бетіме басып, ауыр сөздер айтып, балағаттайтын. Ішіп келсе қол көтеретін. Қатты күйзеліске түстім. Өзімді қолдаусыз, қорғаусыз қалғандай сезіндім. Жастық аңғалдықпен аяғымды шалыс басқанымды бір-ақ түсіндім. Өз отбасыма сыймай, шарасыз күй кештім. Қайда кетіп, паналарымды білмей, дал болып жүргенімде Алматыда «Аналар үйі» барын естіп, ғаламтор арқылы байланыстым. Олар Ақтауда «Рай» дағдарыс орталығына бағыттап, біраз мағлұмат берді. Соны естісімен осында келіп орналастым», – дейді Көркем. Өрімдей жас ананың бүгінгі күні хәлі жақсы. Әрине, көңілі құлазиды. Жүзі күлгенімен, көзі мұңлы. Бірақ бұл күнде ең құрығанда құлағы тыныш, көңілі орнықты. Жайлы төсек-орны, үш мезгіл ішер асы әзір. Дегенмен Көркем орталық мойнына масыл болудан аулақ. Жуырда балабақшаға қызметке орналасқан екен. «Отбасындағы кикілжің жүйкемді жұқартса керек. Денсаулығым сыр бере бастап еді. Қазір көңіл күйім де жақсы», – дейді жымиып. Жұбайымен заңды түрде ажырасқан. «Алимент алмаймын. Себебі күйеуім жұмыс жасамайды. Анасының зейнетақысынан 10 мың теңге балама тиеді. Анам бірнеше мәрте келіп, үйге алып кеткісі келді. Бірақ мен үйге оралудан бас тарттым. Жұмыс жасап, үй алып, аяғыма тұрғым келеді. Өзімді қорлауға енді ешкімге жол бермеймін», – дейді Көркем сенімді түр танытып. Дағдарыс орталығында сан түрлі тағдыр иелері бас түйістіреді. Әрине, біздің жағдайда жүз пайызы – нәзік жандылар. Осы кезде қазіргі қоғамда әйел-анаға құрмет қандай деңгейде? деген ойға батамыз. Перзенттерінің анасын қорлауға, ұрып-соғуға батылы жеткен, ұл-қызына қиянат көрсеткен жан өзгеге қандай опа бермек, қоғам игілігі жолында нендей қызмет қылмақ?! Отбасы – шағын мемлекет. Отан отбасынан бастау алады. Жанұя бақыты жолында тәуекелге бас тігіп, жауапкершілік жүгіне арқа тосқан жан ғана қоғам алдындағы азаматтық борышын адал өтей алмақ. Бұл – еш жерде жазылмаған өмір заңы. Сол себепті ой-санасы, сезім сарайы, жан дүниесі үйлесімді тұлғаны бақыт мекені-отбасында тәрбиелеп өсіру – баршамыздың адами борышымыз екенін сәл де болса естен шығармауымыз қажет.

Голрох ЖЕМЕНЕЙ

2941
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
қоғам сұхбат маңғыстау жаңалықтары
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Маңғыстаулықтар Құрбан айт мерекесін атап өтті (ФОТО)

Келесі жаңалық

Бауыржан Тұяқов: «Басты мақсат – жастарды шыңдау»

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Н. ЖАРЫЛҒАПОВ, әлем чемпионы: Дзюдода олжа салғым келеді

    [ 2022 ] 27 желтоқсан, 10:50
    804

    Заң үстемдігі – Ел мәртебесі

    [ 2022 ] 6 қазан, 18:31
    1030

    Батырбек Естаулетов: Вьетнам, Иран, Тайланд спортшылары – басты қарсыластарымыз

    [ 2021 ] 18 наурыз, 09:33
    1999

    Бекзат Нұрдәулетов: Токиода топ жарып, елімді қуантсам деймін

    [ 2021 ] 9 наурыз, 10:39
    1570

    Үлескер болу үшін...

    [ 2021 ] 1 қаңтар, 10:30
    1389

    Қазақстанда әлеуметтік саладағы волонтерлерге сұраныс жоғары - Азамат Жұмағазы

    [ 2020 ] 7 желтоқсан, 10:40
    1817

    Рубрикалар

      Ашық қоғамМаңғыстау жаңалықтарыТүпқарағанСұхбатКомплаенсМаңғыстауАудан тынысы

    Автордың басқа да жазбалары

    «Zhas Project» аясында 285 әлеуметтік жоба іске асырылды

    [ 2019 ] 5 желтоқсан, 12:40
    1683

    Тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалануға байланысты жиын өтті

    [ 2019 ] 4 желтоқсан, 10:39
    2779

    Аймақтағы үздік журналистер марапатталды

    [ 2019 ] 28 қараша, 09:44
    1658

    Сапалы өнім – табыс көзі

    [ 2019 ] 18 қараша, 09:55
    2018

    Теңіз қоқысы тазартылуы тиіс

    [ 2019 ] 14 қараша, 06:14
    2184

    Жазасын өтегендер қоғамнан тыс қалмайды

    [ 2019 ] 12 қараша, 05:32
    1574

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»