• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 20 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

    Үлескер болу үшін...

    [ 2021 ] 1 қаңтар, 10:30  |  Маңғыстау жаңалықтары

    Ақтау қаласында заң талаптарын сақтамай тұрғын үй құрылысын салып жатқан мекемелер бар. Оларға сеніп, алдын ала үлескер болып, қомақты қаржы салып, алданып қалып жатқан тұрғындар аз емес. Келеңсіз жағдайға тап болған тұрғындар бірінші кезекте жергілікті атқарушы органдарға шағымданары белгілі. Сондықтан жауапты мамандар тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын үнемі жүргізіп келеді. Десе де заң талаптары әлі де орындалар емес. Осы жөнінде Ақтау қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің маманы Шалқар Ерболғанов сұхбат берген болатын.

    - Қала аумағында құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлерге үлескер болып, зардап шеккен тұрғындар арасында үлкен дау туындағаны белгілі. Десе де жарнамалары жер жарып, халықты өздеріне сендіріп, үлескер болуға шақырып жатқан құрылыс мекемелері өте көп. Жалпы тұрғын үйге алдын ала қаржы салу заңды ма?

    – Егер тұрғын үй салушы құрылыс мекемесі ҚР тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заң талаптарын толық орындап, құрылыс құжаттарын рәсімдеген болса, салынып бітпеген үйлерден пәтер сатуға, тұрғындардың сенімді түрде үлескер болуға мүмкіндігі бар. Ал егер үй салушы мекеме заң талаптарын толық орындамаған болса, онда мемлекет тұрғын үй құрылысының уақытылы аяқталуына кепіл бола алмайды. Салдарынан мекеме тоқырауға ұшырап немесе өзге де қиын жағдайларға тап болып қалса, үлескер болған тұрғындар зардап шегеді.

    Заң бойынша қала аумағында құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан компаниялар тарапынан тұрғын үй салу үшін ең бірінші кезекте құрылыс құжаттары толықтай рәсімделуі керек. Содан кейін барып олар БАҚ беттерінде, сайттарда пәтер сату бо­йынша жарнамаларын шығара бастайды. Бірақ Ақтау қаласында тұрғын үй салып жатқан компаниялар ҚР тұрғын үй құрылы­сына үлестік қатысу туралы заң талаптарын орындамай отыр. Нақтырақ айтқанда, олардың қолдарында салып жатқан тұрғын үйлерінің құрылысы аяқталмайынша пәтер сатуға рұқсаттары жоқ. Десе де пәтер алғысы келетін тұрғындар үлескер болып, ақшаларын салуда. Жалпы тұрғындардың бізге көп қоятын сұрағы бір: «Пәтер алуға бола ма?». Біз халыққа барымызша түсіндіреміз. Құрылыс компанияларының қолдарында рұқсат құжаттары болғанымен, пәтер сатуға рұқсаттары жоқ. Сол себепті біз қалалық әкімдік қызметкерлерімен бірлесіп ХҚКО-­да, ірі сауда орталықтарында қала тұрғындарына карантин талаптарын сақтай отырып, түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Сондай­-ақ БАҚ беттеріне және инстаграм парақшамызда да қайталап түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Қала аумағындағы құрылыс компаниялары үлескерлерді тарту бойынша заң аясында құжаттарын толықтай рәсімдеп болғанша бұл түсіндіру жұмыстары жалғаса береді. Бұл жерде тұрғындар пәтер сатып алар алдында мекеменің құрылыс құжаттарының бар болғаны олардан пәтер алуға болады деген сөз емес екендігін ескеру керек.

    – Сіздің жауабыңызға қарап Ақтау қаласында құрылыс салып жатқан мекемелердің бірде-бірі үлескерлерге алдын ала пәтер сатуға рұқсаты жоқ екендігін түсіндік. Десе де үлес сатып жатқан мекемелердің әлі де бар екенін естіп те, көріп те жүрміз. Сонда олардың бұл заңсыз әрекеттерін тоқтатуға мүмкіндік жоқ па?

    – Заңсыз іс-­әрекетті тоқтату үшін ол меке­мелердің үлескерлерге пәтер сату бойынша интернет беттерінде жариялаған жарнамаларын негізге алып, Маңғыстау облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасына жолдаймыз. Олар сол ақпаратты сотқа жолдайды. Ал сотта шара қолдануға айғақ болатын нәрсе – үлескер мен құрылыс мекемесі арасындағы пәтер сату және сатып алуды растайтын екіжақты келісім шарт. Бірақ ондай келісім шарттарды біздің қолымызға түсіру өте қиын. Себебі келісім шарт тек тұрғындардың өзінде және құрылыс мекемесінде болады. Олар жасырады. Сол себепті жазадан жалтарып кетіп отыр.

    Жалпы алдын ала сату және сатып алу бойынша жасалған екіжақты келісім шарт ешқандай мемлекеттік мекемеде тіркелмейді. Бұл жағдайды қарапайым түрде түсіндірсек, танысыңызға қолхат жазып, қарыз бергенмен бірдейсіз ғой. Арты қа­лай болады, оған ешкімнің кепілі жоқ. Сон дықтан тұрғындар жапа шегіп қалмас үшін біз барымызша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бірақ халықтың әлі де болса түсінбейтіндері өкінішті.

    – Құрылыс мекемелерінің алдын ала пәтер сату бойынша рұқсат алуына, заң талаптарын орындамауына не кедергі сонда?

    – Құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлер ден пәтер сатуға құрылыс компаниялары­ның мүмкіндігі бар, егер олар заң бойынша талаптарды толық орындаса. Ол бойынша бекітілген сатандарт та бар. Рұқсат алу үшін мекеме иесі анда­мында барып, уақытын шығындамайды. ХҚКО арқылы немесе электронды қолтаңба арқылы құжатын тапсырады, жауабын көрсетілген уақытта алса болады. Бірақ рұқсат алу үшін заңда көрсетілген талаптарға сәйкес мекеменің 30 мың шаршы метр үй тапсырған стажы болу керек. Ал жаңадан ашылған құрылыс компанияларында ондай тәжірибе жоқ. Одан бөлек ҚР тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңында көрсетілгендей екінші деңгейлі банктің және жергілікті атқарушы биліктің рұқсаты болу керек. Егер де құрылыс компаниясы бір жағдайлар болып, тоқырауға ұшырап немесе басқа да жағдайлар орын алса әкімдік пен екінші деңгейлі банк араласып сол тұрғын үйді келісім шартта көрсетілген мерзімде салынып аяқталуына кепілдік болады. Бірақ осы күнге дейін ешқандай компания ол рұқсатты бізден әлі алған жоқ.

    Осы бойынша қала әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың басшылығымен құрылыс мекемелерінің басшыларына арналған жиналыс өтті. Оларға үлескерлік туралы заң талаптары түсіндіріліп, рұқсат құжаттарын рәсімдеу керектігі ескертілді. Әрбір құрылыс компаниясының заңгері болады. Олар бұл заңды толық біледі деп ойлаймын. Бірақ әлі өзгеріс жоқ. Алдағы уақытта құрылыс мекемелері тарапынан заң талаптарына сай құжаттар тапсырылады, ретке келеді деп күтеміз.

    Айгүл ОРЫНБАЕВА

    1412
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    Маңғыстау жаңалықтары қоғам сұхбат
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

    Келесі жаңалық

    Маңғыстауда тағы 11 адамнан коронавирус анықталды

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Н. ЖАРЫЛҒАПОВ, әлем чемпионы: Дзюдода олжа салғым келеді

      [ 2022 ] 27 желтоқсан, 10:50
      842

      Заң үстемдігі – Ел мәртебесі

      [ 2022 ] 6 қазан, 18:31
      1065

      Батырбек Естаулетов: Вьетнам, Иран, Тайланд спортшылары – басты қарсыластарымыз

      [ 2021 ] 18 наурыз, 09:33
      2037

      Бекзат Нұрдәулетов: Токиода топ жарып, елімді қуантсам деймін

      [ 2021 ] 9 наурыз, 10:39
      1599

      Үлескер болу үшін...

      [ 2021 ] 1 қаңтар, 10:30
      1413

      Қазақстанда әлеуметтік саладағы волонтерлерге сұраныс жоғары - Азамат Жұмағазы

      [ 2020 ] 7 желтоқсан, 10:40
      1845

      Рубрикалар

        Аудан тынысыРедакция туралыХабарландыруАуыл өміріАшық қоғамАНТИКОРРедакция ұжымыБайланыс мәліметтері

      Автордың басқа да жазбалары

      Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайындалды

      5 қыркүйек, 15:39
      2888

      Маңғыстауда «Қолдан қолға» жобасы аясында 11 отбасыға қаржылай көмек берілді

      27 тамыз, 09:38
      3597

      Ұйымдастырушылар: Психолог мамандардың білімі мен білігі көп мәселені шешеді

      26 тамыз, 09:57
      1254

      Жармыш ауылында 153 үйге газ желісі тартылды

      25 тамыз, 14:47
      1310

      Нұрдәулет Қилыбай “Онды бағының” жай-күйімен танысты

      25 тамыз, 13:10
      3581

      Үштаған ауылында полиция пункті ашылды

      25 тамыз, 13:09
      1304

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»