Қымбатты маңғыстаулықтар!
Төрімізге еніп, шуағын шашқалы тұрған 2021 жыл құтты болсын!
Егемендіктің еңсесін тіктеп, тегеурінді экономикасымен таныла бастаған Тәуелсіз еліміз көркейе бергей!
Болашағымыз нұрлы, өміріміз жырлы, рухымыз мықты болғай! Баянды келешектің көкжиегіне бағыт алған адамзат көшінде Қазақстанның көк туы да көкке желбіресін! Еліміздің мәртебесін биіктетіп, жасампаздықтың жалауын көтерер жігерлі жастарымыз желкілдеп өссін!
Пандемия індеті әкелген қауіп-қатер, қайғы-қасірет, өткен жылдың барлық ауыртпалығы ескі жылмен бірге кеткей!
Баршамызды алда келе жатқан Жаңа жыл қуаныш пен бақытқа бөлеп, бастаған ісіміз оң, ырыс-берекеміз мол болғай! Бастарыңызға амандық, деніңізге саулық, халқымызға ауызбіршілік пен бақуатты ғұмыр тілеймін!
Маңғыстау облысының әкімі С.ТРҰМОВ