• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сейсенбi, 2 Наур. 2021

Қосымшалар

Редакция +7 (7292) 20 48 34 hat@mangystaumedia.kz
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Бозжыраның бүгінгі бейнесі (ФОТО)...

Елімізге Түрікменстаннан 153 қандасымыз көшіп келді...

Аққулар қанат қаққанда (ФОТО)

Қазақстан сарбаздары мен туыстары бір толқында тілдесті...

«Маңғыстау-Ақтөбе» пойызының сапасы сын көтермейді - Жолсеріктер...

  • USD: 417.9 ₸
  • EUR: 503.07 ₸
  • RUB: 5.64 ₸

С. Трұмов: Халық ауыз судан тарықпау керек

25 қаңтар, 16:20  |  Маңғыстау жаңалықтары

Облыста ауыз су тапшылығын жою мақсатында бірқатар ірі жоба қолға алынып жатыр. Бұл туралы энергетика және тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айдос Хамиев аймақ басшысы Серікбай Трұмовтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық жиында мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алғашқы жоба Ақтау қаласындағы «Каспий» су тұщыту зауытының қуатын тәулігіне 40 мың текше метрге арттыру жобасын іске асыру.

Қазіргі таңда жобаны іске асыру бойынша жұмыс кестесі жасақталған.

Алдағы жаз айларында су тапшылығына сұранысты қанағаттандыру үшін, қуаты тәулігіне 5,0 мың текше метр ауыз су өндіретін қондырғысын іске қосу 2021 жылдың мамыр айына жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Мұнайлы ауданы Баянды ауылында 3 жылдан бері қолданыста болмаған су тұщыту қондырғысын қайтадан іске қосу және қосымша қуаты тәулігіне 3,0 мың текше метр су тұщыту қондырғысын салу қолға алынды.

Қазіргі таңда су тұщыту қондырғысын қайтадан іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Іске қосу мерзімі 2021 жылдың ақпан айына белгіленген.

Сондай-ақ «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС су тұщыту қондырғыларын (ГТПИ-2,3) қалыпқа келтіру және қосымша қуаты тәулігіне 24,0 мың текше метр су тұщыту қондырғысы салынбақ.

Қазіргі таңда ҚР Энергетика министрлігімен бірлесіп жобаны іске асыру жұмыстары келісілді.

2021 жылы жергілікті бюджеттен тиісті қаражат қарастырылып жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге конкурс өткізу рәсімдері бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бұдан бөлек Кендірлі курорттық аймағында қуаты тәулігіне 50,0 мың текше метрлік су тұщыту зауытының құрылысын салу жобасын іске асыру жобасы да бар.

«КМГ Инжигиринг» ЖШС «ҚазМұнайГаз ҒЗЖИ» филиалы тарапынан жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі жасақталған.

Облыс әкімі С.Трұмов тұрғындар судан тарықпау керектігін, халықты ауыз сумен қамтамасыз ететін жобаларды аяқтауды жеделдету керектігін тапсырды.

Сонымен қатар аппараттық жиында балық шаруашылығын дамыту және облыстың экология саласындағы проблемалық мәселелері туралы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Дүйсен Құсбеков айтып берді.

Өңірдегі экология саласындағы үкіметтік емес ұйымдармен, қауымдастықтар және қоғам өкілдерімен бірігіп отырып, 2021-2025 жылдарға арналған «Маңғыстау облысының экологиялық мәселелерін кешенді шешу жөніндегі жол картасы» жасақталды. Мәселен, тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу, кәдеге жарату және қауіпті қалдықтарды жою, қала іргесінде орналасқан ірі кәсіпорындардың шығарындыларын азайту, көгалдандыру және экологиялық насихат және ағарту туралы 36 іс-шара енгізілді. Соның ішінде: «Қошқар-Ата» қалдық қоймасын қалыпына келтіру жобасы. 2020-2025 жылдарға Қошқар-Ата қалдық қоймасы айналасында ауданы 150 га (ұзындығы 15 км ені 100-150 м) жасыл қорғаныш аймағын құру бойынша аймақты зерттеу жұмысы жасақталды. Қазіргі таңда жасыл қорғаныш аймағын құру үшін 40 га жеріне мемлекеттік сатып алу арқылы конкурс жарияланды, алдағы уақытта жасыл желек егу жұмыстары басталады.

Сонымен қатар Д.Құсбеков облыста 2021-2030 жылдары балық шаруашылығын дамыту мақсатында жасақталған өңірлік бағдарлама туралы айтып берді.

Облыста өндірістік балық аулау аймағы Каспий теңізінің Түрікмен шекарасындағы Сүйе жерінен Прорва жеріне дейінгі 1350 километр ұзындықты қамтиды. Теңіз жағалауы бойынша 6 балық шаруашылық ауданы 35 учаскеге бөлінген. Оның 26 учаскесі

19 табиғат пайдаланушыға бекітілген. Осы учаскелерде 147 бригада, 597 балықшылар қызмет етеді. Қалған 9 учаске резервте тұр.

2020 ж. шілде айынан - 2021 жылдың шілдесіне дейінгі балық аулау кезеңіне 11 218 тонна квота бөлініп, қазіргі кезде 5000 тонна балық ауланды.

Балық аулауды емес, балық өсіруді жолға қою мақсатында облыстың әлеуетті даму бағыттарының бірі саналатын балық шаруашылығын дамыту үшін өңірде барлық мүмкіндіктер қарастырылуда.

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі тарапынан ұсынылған көрсеткішке сәйкес Маңғыстау облысына 2030 жылы көлемі 100 мың тонна балық өсіріп шығару жоспарланды. Бұдан бөлек, бағдарлама аясында тауарлы күмжі (лосось) және тұқы (карп) балық түрлерін өсірумен айналысуға бірқатар инвесторлар ниет білдіруде.

301
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау жаңалықтары
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

№2 қоғамдық көлігінің бағыты өзгерді

Келесі жаңалық

Облыста кеше 2 адамнан коронавирус анықталды

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Тамара Асар ЭКСПО-ға шақырады!

    [ 2017 ] 12 шілде, 10:07
    1429

    ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілер қалай іріктелініп алынды?

    [ 2017 ] 14 маусым, 05:26
    1264

    "Ралли Қазақстан-2017" 4-кезең! Маңғыстаулық Юрий Сазонов нәтижесін жақсартты!

    [ 2017 ] 25 мамыр, 05:54
    966

    "РАЛЛИ ҚАЗАҚСТАН-2017" Тартысқа толы ІІ этап (ФОТО)

    [ 2017 ] 23 мамыр, 05:59
    1115

    Ақтауда Ралли рейд Әлем Кубогының I этабы аяқталды (ФОТО, ВИДЕО)

    [ 2017 ] 21 мамыр, 16:07
    1416

    Карантинде той ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды

    [ 2020 ] 11 тамыз, 12:01
    1072

    Рубрикалар

      Құқық Сұхбат Мәселе Мәдениет Байланыс мәліметтері Маңғыстау жаңалықтары Хабарландыру Жаңалықтар Редакция туралы Маңғыстау анонс Байқау

    Автордың басқа да жазбалары

    С. Сейітқазынов: Мақсатымыз – бәсекеге қабілетті футболшыларды тәрбиелеу

    31 қаңтар, 12:14
    508

    Донор болу - өзгеге өмір сыйлау

    30 қаңтар, 11:01
    624

    «Спутник V» вакцинасын салдыруға қарсы көрсетілімдер – Бас санитар дәрігердің қаулысы

    29 қаңтар, 15:35
    1270

    Маңғыстауда мәслихат депутаттары алғаш рет біліктілігін арттыру бойынша оқып жатыр

    29 қаңтар, 15:25
    452

    Коронавирус: Қазақстандықтарды вакцинациялауға қатысты қаулы шықты

    29 қаңтар, 14:58
    1238

    Маңғыстауда тәртіп сақшылары жасырын үйлену тойын ұйымдастырған мейрамхананы анықтады

    29 қаңтар, 14:02
    1455

    Paragraph

    Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Ducimus itaque, autem necessitatibus voluptate quod mollitia delectus aut, sunt placeat nam vero culpa sapiente consectetur similique, inventore eos fugit cupiditate numquam!

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    mangystaumedia.kz сайтында «Маңғыстау Медиа» ЖШС аясында шығатын облыстық «Маңғыстау» газеті, сондай-ақ қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттерінде жарияланған материалдар беріліп отырады.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Яндекс.Метрика

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»