Ақтау қаласы 32 в және 35 шағынаудан тұрғындарының сұранысы бойынша №2 қоғамдық көлік бағыты өзгерді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақтау қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.
Енді №2 қоғамдық көлігі Сары базар бағытынан 32а және 32б шағынаудандар аралығына қарай бұрылып, 35 шағынаудан «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арқылы бұрынғы бағытына түседі.