• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 4 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың артықшылықтары қандай?...

    Рухани жаңғыру науқандық шара болмауы тиіс

    [ 2019 ] 11 қаңтар, 10:54  |  Қоғам

    ©

    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және соның жалғасы іспеттес «Ұлы Даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалалары көңілімізді көптен күпті еткен жәйттарды жіктеп, елім, жерім деп жүрген әр қазақтың жүрегіне жылу ұялатты, түп-тамырын, тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын іздеген халықтың бойындағы отаншылдық, патриоттық сезімдерін оятты.

    Сондықтан да болар, осы мақалалар жарияланғаннан бері оны талқылауға әр саланың адамдары, Қазақстанның әр тұрғыны дерлік белсенді түрде қатысып, қолдап, қуаттап жатыр.

    Еліміздің өмір сүру концепциясы іспетті бұл бағдарламалық мақалада, ежелгі шумер, түркі заманынан бастап біздердің арғы бабаларымыз қандай жолдардан жүріп өткені, нендей ескерткіштер қалдырғаны, әлемдік мәдениетке қандай үлес қосқаны және оған қалай қол жеткізілгені баяндалады.

    Жасыратыны жоқ, бізде идеологиялық тұрғыдан саналық дағдарыс орын алғаны рас. Одан қалай шығамыз? Елбасының «Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры" бағдарламалық мақалаларының барлығы да саналық дағдарыстан шығуға бағыт берер жолды сілтейді. Бойымыздағы қалыптасып кеткен теріс әрекеттерді жаңғырту арқылы ғана жоя аламыз. Бұл болашақ үшін өте маңызды шарт. Сондықтан, ұлттық сананы өзгерту, жаңарту науқандық шара болмауы тиіс. Ұлттық сананы өзгерту, жаңарту әр отбасында жүргізілетін ұзақ процесс және ол Қазақстанды өз отаным, өз елім деп танитын әр азаматтың отбасынан басталуы керек.

    Өкінішке орай, бізде құлдық сананың жетегінен шыға алмай жүргендер де бар. Өзім куә болған бір мысалды айтайын. Қаламызда халық «ТРК» деп атап кеткен үлкен сауда ойын-­сауық кешені бар. Мен күнде жұмыстан кейін сол жерге барып, немерелеріме тәттілер алып кетемін. Осы әдетіммен жақында сол жерге барып, тәттілерімді алып, кассаға кезекке тұрдым. Жұмыстың аяғы, дүкенде адамдар көп. 4-­5 кассаның бәрінде де адамдар кезекте тұр, барлығы да қазақтар. Тек менің алдымда жалғыз орыс кемпір тұрды, оны да көптен сыртынан танимын, 40 жылға жуық уақыттан бері осы қаланың тұрғыны. Ынтасы, ниеті болса қазақ тілін мақалдап сөйлеуге де уақыты жеткен адам. Бір кезде әлгі менің алдымдағы тұрған орыс кемпірдің кезегі келіп, заттарын жап-­жас сатушы қыз есептей бастады. Есептеп болып, енді оның бағасын айтуға келгенде тілі шорқақтап, қиналып, орысша дұрыс жеткізе алмады. Шамасы орыс тілін білмейді­-ау деймін. Сосын мен шыдай алмай: «Қызым, сен қиналма, қазақша айта бер, Қазақстанда тұрасың, өзің қазақсың, бұл адам қазақша білетін шығар, бұл жерде көптен тұрады» деуім мұң екен, менің артымда тұрған әйел: «как вам не стыдно? Вы разжигаете межнациональную рознь» деді дауыс көтеріп. Артыма қарасам, орысша сөйлеп тұрған кәдімгі орта жастағы қазақтың келіншегі. Мен оған: «Мен қандай ұлтаралық араздықты тудырып тұрмын? Мен мемлекеттік тілде сөйлеуді айтып тұрмын, біз Қазақстанда тұрамыз, тіліміз қазақ тілі. Сіз өзіңіз қазақ бола тұра не­ге бір өзіңіз өзге тілде сөйлейсіз» деп бастап едім, ол «это не ваше дело, я разговариваю на официальном языке, у нас двуязычие» деп тағы орысшасына басты. Сөйтіп, тұрғанда менің кезегім келіп, ол келіншекке түсіндіру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік болмады, оның да түсінейін деп тұрған сыңайын байқамадым. Ал ол келіншек те осы қалада тұрады, кеңсе қызметкері болып жұмыс жасайды.

    Осылайша 100%-­ға жуық қазақ­тар тұратын, қазақы салт­-дәстүрін, әдет­-ғұрыптарын біршама сақтаған қалада тұрып, басқа тілде сөйлеп, басқа тілде ойлайтын осындай адамдарды «Қазақ» деп айтуға бола ма? Ол келіншектің ойында рухани жаңғыру түгілі, «Мен қазақпын» деген сана жоқ.

    Менің таңданғаным мынау: сол дүкеннің 4­-5 кассасының жанында­ғы кезекте кем дегенде 50–60 адам тұрды. Бәрі де қазақтар. Ішінде үл­кені де, кішісі де, жасы да, кәрісі де бар. Ең сорақысы солардың бірде­ біреуі біздің әңгімемізге араласқан жоқ. Сол жерде тек біреуі емес, бәрі жабылып, жаңағы келіншекке тойтарыс беру керек еді, мен үшін емес, қазақ үшін, қазақ халқының киелі тілі үшін, қазақ халқының рухани дамуы үшін. Бірақ солардың бірде­ біреуі ештеңе айтпады. Өкінішті, мен үшін емес, қазақ халқы үшін.

    Егер сол адамдардың бәрі жабылып, жаңағы келіншекке тойтарыс берсе, мүмкін ол келіншек түсінер ме еді, ең болмаса көпшілік жерде ол өзін сыпайы ұстап, бүкіл қазақтың алдында орыс тілін мадақтамас еді.

    Біздің қазақ ұлты екеніміздің ең бірінші белгісі, басты коды – ол біздің ана тіліміз. Тіл жоғалған жерде ұлт жоғалады. Әрине, басқа тілдерді де білу керек. Жаһандану кезеңінде, онсыз көштен қалып қоямыз. Бірақ әуелі ана сүтімен келетін өз ана тіліңді білу – парыз. Елбасының бағдарламалық мақа­ лаларын, оның ішінде халқымыз­дың салт­-дәстүрін, әдет-­ғұрыпта­рын, дінін, ділін, халқымыздың түп-­төркін тарихын, Ұлы даланың қырларын бойымызға, санамызға ана тіліміз арқылы сіңіруіміз керек.

    Жақында елімізге таны­мал тұлға, ақын, қа­зақтың ұлттық айтыс өнерін насихаттаушы Жүрсін Ерман телеарнадан сұхбат берді. Журналистің оған: «Қазіргі қазақта не жоқ?» деп тосыннан қойған сұрағына ол тайсалмастан бірден: «Қазіргі қазақта намыс жоқ», – деп жауап берді. Бұл сұхбатты миллиондаған адам көріп, естіп отырды. Өте дұрыс айтты. Намыс жоқ десе бәріміз де күйінеміз, бірақ өкінішке орай шындық.

    Алысқа бармай­-ақ өз қаламызды алайық. Жоғарыда айтылғандай қала халқының 100 пайызға жуығы қазақтар, өзге ұлттың өкілдері бірен­саран. Сонда да балаларымызды орыс тілді балабақшаға, орыс мектептеріне береміз. Неге? Себебі намыс жоқ. Әлі құлдық санадан арыла алмай жүрміз. Бала, әуелі, қайталап айтамын, ана сүтімен келген ана тілін еркін меңгеріп, сол тілінің қыр­сырын түсініп, сол тілді сүйіп, сүйегіне әбден сіңіріп, сол тілімен мақтануы керек. Бірақ бұл, басқа тілді оқыма, үйренбе, басқа тілде сөйлеме деген сөз емес. Әрине, заман талабына сай басқа тілдерді де меңгеру керек, әсіресе халықаралық болып саналатын ағылшын, өз көршілеріміз – орыс, қытай тілдерін де білу керек. Бірақ кейінірек, өз ана тіліңді толық меңгергеннен кейін, 5,6­сыныптардан бастап, тек үш тұғырлы ғана емес, тіпті бірнеше тілдерді оқытуға болады. Бұл жаста бала өз ана тілін әбден меңгереді және басқа тілді үйренуді тез алып кетеді. Мен мұны бірнеше жыл ұстаздық қызметте болғандықтан және тіл мәселесі жүрегіме жақындау болғандықтан айтып отырмын.

    Менің тіл мәселесіне көбірек тоқталып тұрған себебім, жоғарыда да айтып өттім, біздің рухани санамыздың оянуы – өз ана тілімізді терең білуімізден, сүюімізден, құрметтеуімізден басталады. Өйт­ кені өз ана тіліңді білмей, өткен тарихыңды, салт­дәстүріңді, әдет­-ғұрпыңды, дәстүрлі дініңді білмей ұлттық санаңды оята алмайсың.

    Әрине, ұлттық сананы жаңғырту тек тіл мәселесімен ғана шектелмейді. Сондықтан да Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында: «Баба­ларымыздың өмірі мен олардың ғажап өркениеті жөніндегі көптеген деректі құжаттар әлі де болса ғы­лыми айналымға түскен жоқ. Олар әлемнің бүкіл архивтерінде өз іздеушісі мен зерттеушілерін күтіп жатыр. Отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі, іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив–2025» жеті жылдық бағдарламасын жасауды қажет деп санаймын. Архив деректерін тек жинақтап қана қоймай, барлық мүдделі зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа қолжетімді болуы үшін оларды белсенді түрде сандық форматқа көшіру қажет» делінген.

    Мен өзім қазір архив қызметінде жүргеннен кейін, Елбасының бұл тапсырмасын өте орынды және маңызды деп есептеймін. Бұл тапсырма Маңғыстау облысы тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасында талқыланып, соның ішінде Жаңаөзен қаласының мемлекеттік архивінде де сандық форматқа көшу мәселесі қолға алынып жатыр. Қорытып айтқанда, белгілі өлке­ танушы, өлкемізге танымал, белгілі абзал азамат Еділхан Меделұлы Алқажан ініміздің Елбасының ма­қаласы туралы жазғанындай, «өр­кениетке өлшеусіз үлес қосқан қазағымның жері – тарихтың бастауы. Соны жас өскелең ұрпақ жан дүниесімен түсініп, бабалардың ерлігін еске сақтап, ұлттық кодымызды қадірлей білсе, еліміздің, халқымыздың дүниежүзілік тарих бетіндегі орны тайға таңба басқан­дай нақтылана түспек. Елбасының мақаласы – осындай жақсы дүние­лердің бастамасы».

    Біз де осы мақалада айтылған әрбір терең ойлы, құнды тапсырмаларды қуана қолдаймыз және бойында қазақтың қаны бар, өзін қазақпын, елімнің патриотымын деген Қазақстанның әрбір азаматы қолдайды деп сенеміз.

    Өтеулі САРЫБЕК, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Жаңаөзен мемлекеттік архивінің қызметкері, Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы

    932
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам рухани жаңғыру
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    "Жастар жылы" жаңаөзендіктер үшін несімен ерекшеленбек?

    Келесі жаңалық

    Ақтауда №5 автобустың жүру бағыты өзгерді

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Сисем ата қорымы туралы

      [ 2019 ] 10 қыркүйек, 07:03
      6986

      Бегей Қозыбақ батыр ұрпақтары жайындағы деректер

      [ 2019 ] 17 маусым, 03:48
      5632

      Ақпан атаның мәңгілік тыным алған жері мен «Ақпан үйігі» Маңғыстаудан табылды

      [ 2019 ] 3 маусым, 12:55
      6519

      Жасампаз жастар жиыны

      [ 2019 ] 27 мамыр, 05:50
      2098

      Маңғыстаудың мәдениетіндегі оң өзгерістер

      [ 2019 ] 23 мамыр, 07:02
      2791

      «Парасатқа» - 30 жыл

      [ 2019 ] 15 мамыр, 05:41
      2622

      Рубрикалар

        КомплаенсФотоЭкономикаМәдениетМаңғыстауЖарнамаМаңғыстау жаңалықтарыТағайындау

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3005

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2753

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2588

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3074

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      2871

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      2806

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»