• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 12 Тамыз 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Нөкіс қаласынан Маңғыстау облысына пойыз қатынайтын болды...

«MAŃǴYSTAÝ» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды...

2025 жылы Ақтау әуежайында жаңа әуе рейстері ашылады...

Париж Олимпиадасы: Бүгін Қазақстан спортшыларынан кімдер сынға түседі?...

Сүйінші! Маңғыстауда 4 мектептің түлегі түгелдей білім беру грантын иеленді...

  • USD: 479.03 ₸
  • EUR: 523.39 ₸
  • RUB: 5.31 ₸

Сисем ата қорымы туралы

[ 2019 ] 10 қыркүйек, 07:03  |  Қоғам

Әр тозаңнан етіңе қан тиеді, Ой мен Қырда сан зират, сан киелі. Сүйінқара жерленген, Шотан, Қонай – Сисем ата - адайлар пантеоны, – деп Сайын Назарбекұлы ағамыз тегіннен-тегін жырламас болар. Заттық мәдениет ескерткіштерінде сол ұлттың тағдыр-талайы, оның дүниетанымы мен идеологиялық түсініктері көрініс табады. Соның бірі ретінде Маңғыстаудағы ең ірі және ежелгі қорымдардың бірі - Сисем ата қорымын айта аламыз. Көне қорым - Өтес селосынан 35 км солтүстік бағытта, батыс Үстірт шыңдары аймағындағы қыстау-құдықтар мен ежелгі керуен жолдары бойында орналасқан. Қорым туралы алғашқы деректер осы өлкеге 1825-1826 жж. келген орыс әскери экспедициясының басшысы, полковник Ф.Бергтің күнделігінде «Бұл - конус тәріздес жер-тас үйінділерінен тұратын қасиетті қорым, алуан түрлі сәулет пішіндерінің біртұтастығы сақталғанына қарағанда, қорым жергілікті түрікмендердің немесе осы түбекке алғаш табан тіреген қырғыздардікі (адайлар) болуы мүмкін» деп көрсетілген. Сисем ата қорымы тарихи-мәдени кешенінде бірнеше ғылыми-зерттеу экспедициялары зерттеу жұмыстарын жүргізген. Олар 1977 жылы Әбен Итеновтың басшылығымен  жұмыс істеген Қазақ ССР Мәдениет министрлігі жанындағы сәулетшілер экспедициясы, келесі экспедиция 1979 жылы М.С.Нұрқабаевтың жетекшілігімен ұйымдастырылған. Сисем ата қорымындағы ескерткіш – белгілер әр кезеңнің өз дәстүріне лайықты үлгі де тұрғызылған. Олар – негізінен күмбезді тамдар, сағанатамдар, құлпытас, қойтастар, бестас, арқартастар, т.б. Қорымдағы ескерткіштердің жақсы сақталуы, неше түрлі ою-өрнектермен безендірілуі халық сәулетшілерінің шеберлігін көрсетеді. [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="84979,84987,84981,84982"] Бүгінгі күнгі Сисем ата қорымында жүздеген әртүрлі ескерткіштер түрін көруге болады. Зәулім күмбезді мазардың жанында өте қарапайым, тіпті жерге жай ғана қадай салған, өңделмеген тастан тұрғызылған тас белгілерді көруге болады. Осыған дейін жасалынған ескерткіш паспортына сәйкес қорымда барлығы 1328 сәулетшілік ескерткіштері санаққа алынған, оның ішінде 24-күмбезтам, 138-сағанатам, 81-құлпытас, 159-қойтас, 1-қошқартас, 129-сандықтас, 133-тас қоршау, 3-бедерлі тас, 70-тас үйінді, 236-тас белгілер, 286-кіші сәулетшілік құрылыстар бар. Сисем атаға қашанда алыс-жақыннан іздеп келіп түнеуші-зиярат етушілер көп. Сисем атаға түнеу үшін әуелі Әз-әулиеге тәу ету дәстүрі қалыптасқан. Әз-әулие - Сисем атаның құбыла тұсындағы төбешік басындағы қорым. Айтушылар Әз-әулиені Сисем атаның анасы деп есептейді. Сондықтан осында тәу етіп барып, Сисем атаға түнеу дәстүрлі әдетке айналған. Сисем атаның қай дәуірде өмір сүргені жайында анығырақ дерек жоқ. Ел аузында сақталған аңыздарға қарағанда, Сисем Ата орта ғасырларда оғыз-қыпшақ кезеңінде ғұмыр кешкен. Өз заманында ел арасында алғашқы болып ислам дінін, мұсылманшылықты уағыздаушылардың бірі болған делінеді. Батыс Қазақстанның халық сәулет өнерін зерттеуші М.Меңдіқұлов зерттеулері бойынша қорымның пайда болу уақыты шамамен 11-12 ғасырлар кезеңдеріне жатқызылады, ежелгі бөлігінің айналасында, солтүстік-оңтүстік бағытта дамыған қабірүсті ескерткіштерінде түрлі таңба-бейнелер мен дәстүрлі ою-өрнектер түсірілген, сызба суреттердің тарихы қыпшақ-ноғай дәуірлеріндегі саяси оқиғаларды меңзейді. Сисем ата бейіті біздің уақытқа дейін алғашқы қалпын сақтаған мемориалды-ғұрыптық  сәулет өнерінің үлгісі және тас өңдеу өнері ескерткіштерінің бірден-бір сирек кездесер кешені. Қорым Маңғыстау өңірінің құрылыс-сәулет өнерінің дәстүрі, діни сенім мен  халық дәстүрлерінің біте қайнап жатқан даму өзгерістерін көрсетіп бере алады. Қорым сәулеттік-көркем құндылығынан өзге, тарихи құндылыққа да ие. Қорымның тарихы  тым ертеден басталады. Адайларды осы өңірге алғаш орналастырушы  жолбарысшылардың, батырлардың, билердің баймырзалардың бейіттері осы қорымда. Сисем-ата қорымы - батырлар пантеоны саналады, мұнда Адай тайпасының небір асыл, ардақты азаматтары Қонай батыр Кенжеұлы, Есенұлы Сейіт би, Ырысалыұлы Жанұзақ батыр, Төлеп батыр Әнетұлы, Жары Сүйінқара би-батыр Үргешбайұлы, Төлепұлы Мамбетнияз би-болыс, Байбоз Боққараұлы, ру басылары Жанбозұлдары Өтеулі, Жаманқара, Матай, Өтеғұл Зорбайұлы, Адайдың 3 назарының бірі Ескелді Саназар Құдайназарұлы, бай-сақи болған Бегей Дәуілдір Қозыбақұлы, Сеңгір Дәуілдірұлы, Жарылғап Сеңгірұлы, Назар Жарыұлының атақты 4 баласы (Шотан батыр, Тастемір бай, Майлан, Құдайберген), Қаржау Төлекеұлы, Қожаназар бай Жаңайұлы, Әнет би Текейұлы, т.б. жерленген. Осындағы орналасқан аты жоқ күмбезтам Сисем ата зираты, халық аңызында мерзімделген ескерткіштерге сай, шамамен қыпщақ-ноғай кезеңіне, яғни Алтын Орда уақытында пайда болған делінеді. Маңғыстау өңіріндегі ХVIII-ХХ ғғ. басы кезеңдерінде кең дамыған дәстүрлі сәулет өнерінің көрнекті туындылары саналатын қорымдағы бірқатар сағана-күмбездерді өлкемізге белгілі «тастан түйін түйген» шебер Жылқыбай Доралұлы және Тұрлымұрат Сатыбалдыұлы, Сақи ұлдары Дүйсенбай, Ордабай, Еңсе, Қозыбақ, Қаражүсіп балалары т.б. жергілікті тас шеберлері шығыстың сәулет өнері үлгісін қолдана тұрғызған. Маңғыстау және Үстірт өңіріне тән «Сисем ата қорымы» аймақтағы ежелгі қорымдардың арасында сақталу деңгейімен ерекше. Діни-мемориалдық кешенде тас ою өнерінің алуан түрлі үлгілері кеңінен шоғырланған. Сисем ата қорымы - өлкені мекендеген көшпелілердің сәулет өнері мен салт-дәстүрлері, діни дүниетанымдары мен әлеуметтік-саяси даму үрдістерінен деректі мағлұмат беретін құнды ескерткіш. Қорым тарихи-сәулет ескерткіштерінің ансамблі ретінде 1982 жылы республикалық дәрежеде мемлекеттік қорғауға алынған. Сисем ата басына төңкерістен соңғы жылдары арнаулы түнеухана салынған. Ол үй сұлбасы сақталған. Бертінде жаңа үлгідегі қонақ үй салынды. Қорымның солтүстік және солтүстік-батыс бөліктерінде қазіргі заман құрылыстары көптеп пайда бола бастаған болса, ескі құрылыстардың көбісі қираған күйде тұр. Осыған байланысты 2006 жылы қорым аумағында «Маңғыстауреставрация» мекемесімен бірге «Күмбез» СПРФ жобасы бойынша қалпына келтіру жұмыстары жасалынды. Өңірдің тарихи-мәдени мұрасының құндылығы мен маңыздылығын бұзбай тарихи зерттеулерді тың қарқынмен қолға алуға тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен шыққан «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызы зор. Бүгінгі күні осы ұлттық идеяны жаңғырту нәтижесінде, жалпыұлттық мазмұны негізінде Сисем ата қорымының сакралды маңызы артып отыр.

А.ЯРИХАНОВА «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» ММ бөлім меңгерушісі

Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="84985,84988,84978,84984,84980,84986"]
6889
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
қоғам рухани жаңғыру
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Несиесі өтелетіндер тізімінен өзіңізді таппасаңыз...

Келесі жаңалық

Онкологиялық зерттеуден тегін өтеді

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Сисем ата қорымы туралы

    [ 2019 ] 10 қыркүйек, 07:03
    6890

    Бегей Қозыбақ батыр ұрпақтары жайындағы деректер

    [ 2019 ] 17 маусым, 03:48
    5513

    Ақпан атаның мәңгілік тыным алған жері мен «Ақпан үйігі» Маңғыстаудан табылды

    [ 2019 ] 3 маусым, 12:55
    6353

    Жасампаз жастар жиыны

    [ 2019 ] 27 мамыр, 05:50
    2046

    Маңғыстаудың мәдениетіндегі оң өзгерістер

    [ 2019 ] 23 мамыр, 07:02
    2740

    «Парасатқа» - 30 жыл

    [ 2019 ] 15 мамыр, 05:41
    2569

    Рубрикалар

      ЖарнамаМәдениетАшық қоғамТүпқарағанСұхбатӘлем жаңалықтарыЭкономикаБіле жүріңіз

    Автордың басқа да жазбалары

    Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

    [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
    2662

    Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

    [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
    2345

    Теміржолдағы апат азаймай тұр

    [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
    2189

    Бағзы дәуірден үн қатқан...

    [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
    2899

    Зейнетақы жинағын алу жолдары

    [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
    2544

    Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

    [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
    2390

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»