• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 11 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Қазіргі қоғам әлеуметтік желіге тәуелді ме?...

    Маңғыстаудың мәдениетіндегі оң өзгерістер

    [ 2019 ] 23 мамыр, 07:02  |  Қоғам

    ©

    Елбасы бағзы дәуірден арқауы үзілмеген тағылымы мол ұлт мәдениеті тарихын терең зерделеу ұрпақ еншісінде екендігін әркез тілге тиек етіп келеді. Әсіресе тарих қойнауынан сыр шертер көнекөз мәдени бай мұраларды қорғау мемлекет тарапынан қолдауға ие. Маңғыстау – қазақ халқына тән салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты аса қадір тұтып, даңқты бабалар ізін жалғаған қасиетті өлке. Қазақ өнері мұхитына ән-күй, жыр-терме інжу-маржанын сыйға тартқан, бәйгесіне кіл көкдауыл жүйрік, қазанат тұлпар қосқан, қасиет дарып, 362 әулие мекен еткен өңір. Бүгінгі таңда қазақ руханиятының асыл жәдігері – тоқсан тараулы Маңғыстау мәдени қазынасын қорғау және оның үлесін құнды дүниелермен еселей түсу үшін ауқымды іс-шаралар атқарылып келеді. Басты бағыттарының бірі – ел тарихының аса маңызды айғағы ретінде көне ескерткіштер мен киелі орындарды қорғау және сақтау, археологиялық қазба жұмыстарына қолдау көрсету. Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасы былтырдың өзінде тарихи-мәдени мұраларды зерттеу мақсатындағы маңызы зор кешенді экспедицияның өтуіне мұрындық болды. [caption id="attachment_68402" align="aligncenter" width="722"] Сурет сайт архивінен[/caption] «Маңғыстау облысының мате­риалдық және материалдық емес тарихи­-мәдени мұралары (этнографиялық, этноархеологиялық, этимологиялық, топонимикалық, тарихи­ сәулет, арабографиялық зерттеулер)» тақырыбында өткен экспедицияға  отандық және Ресей, Әзірбайжан, Иран, Түркия, Өзбекстан елдерінің ғалымдары атсалыс­ты. Экспедицияның «Маңғыстаудағы ноғайлы кезеңі (15–17 ғ.ғ.)» бағыты аясында «Қарауылкүмбет» орта ғасырлық күмбезтамына археологиялық аршу жұмыс­тары жүргізіліп, табылған бассүйектер ра­диокөміртекті сараптама үшін және ДНК қорытындысын алуға жолданды. Жыңғыл­ды жерінен табылған б.з. 3–5 ғ.ғ. тиесілі катакомбалық жерлеу кезеңіне археоло­гиялық зерттеулер жүргізілді. Қазба жұмысы нәтижесімен 5 жер асты мешіті, 20 құдық­-шыңырау және археологиялық апаттан құтқару жұмыстарын жүргізу барысын­да антикалық және ерте ортағасырлық ке­зеңді көшпелілердің 19 қабірі анықталды. Маңғыстаудың сакралды орындары мен археологиялық ескерткіштері, Ноғайлы кезеңінің ескерткіштері және аймақтың шы­ңырау­-құдықтары анықталып, тарихи нысандар туралы археологиялық, архивтік зерттеу, лабораториялық сараптаулар жүргізілді. Ре­сей, Өзбекстан, Түркия, Карачаево­-Черкесск республикаларына ғылыми іс­-сапарлар ұйымдастырылды. Ғылыми нәтижелер рес­публикалық, халықаралық деңгейдегі беделді ғылыми басылымдарда жарияланды, халық­аралық конференциялар мен симпозиумдар­ да баяндалды. Конференция қорытындысы бойынша биылғы жылы ғылыми-­теориялық жинағы шығарылып, ғылыми ортаға енгі­зіледі. Алдағы уақытта елдігіміздің тұмары, өркениетіміздің жәдігеріне айналған тарих пен мәдениет нысандарының түп тамырын терең қазбалай зерттеу мақсатында «Арал­-Каспий аумағының тарихи­-мәдени мұрасы» атты халықаралық ғылыми-­тәжірибелік конференция ұйымдастырылмақ», – дейді Маңғыстау облыстық мәдениет басқарма­сының басшысы Пәния Оңалбайқызы. Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында халықтың санасына жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіру үшін «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қа­зақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жасау маңыздылығын атап өткен еді. Осы бағытта «Цифрлы Қазақстан» бағдар­ламасы аясында «Қазақстанның киелі жер­лерінің географиясы» жобасына Маңғыстау облысы бойынша енгізілген 15 жалпыұлттық және 28 өңірлік маңызы бар сакралды нысандарды насихаттау мақсатында 20 ескер­ткішке мобильдік қосымша бағдарламасы жасақталған QR­-код логотипті тақташалары орнатылды. Мәдениет басқармасы бастама­сымен «Маңғыстаудың киелі жерлері» ин­терактивті картасы 3 тілде жасақталып, ерек­ше маңызды объектілерді 3D панорамамен түсіріліп, Маңғыстау облысының тарихи­-мәдени мұра объектілерінің деректер базасы дайындалды. Келешекке жоспарланған маңызды мәдени шаралар легі мұнымен толастамайды. Биыл қазақ әдебиеті классигі, замана заңғары, дана суреткер Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдық мерейтойы кең ауқымда аталып өтпек. Елін сүю мен ұлтқа қалтқысыз қызмет етудің жарқын үлгісін көрсеткен, мәңгілік өнегеге айналған тұлғаның әдеби мұраларын жо­ғары деңгейде ұлықтау мақсатында «Әбіш Әлемі» I халықаралық театр фестивалі ұйым­дастырылады. «Фестиваль аясында драма ұжымдарының байқауы өтеді. Мәдени шара қыркүйек айына жоспарланған. Оған Иран, Түркия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан елінен тоғыз театр ұжымы қатысады деп кү­тілуде. Өнер ұжымдарына қойылатын басты талап – қарымды қаламгердің шығармаларын сахналау, әдеби туындының негізгі идеясын, кейіпкер болмысы мен тағдырын асқан актер­лік шеберлікпен көрерменге жеткізе білу. Со­нымен қоса мерейтой аясында «Ә.Кекілбаев – абыз, ғұлама, кемеңгер» атты республикалық ғылыми­-теориялық конференциясы өтеді деп күтілуде», – дейді П.Сармурзина. Сондай-­ақ биыл Нұр­-Сұлтан қаласында республикаға танымал ғалым, ұлттық руха­ниятымыздағы аса сирек құбылыс, этног­рафия мен археология, география мен оно­мастика, агиография мен теология, эпос пен тарих, мифология мен философия деректерін салғастыра зерттеп, түрік тану мен қазақ та­нуға мейлінше үлес қосқан, отандық ғылым үшін жемісті болар жаңа бағыт бастап берген Серікбол Қондыбайдың шығармашылығын насихаттау бағытында «Серікбол Қондыбай мұралары: әлемдік мифологияның дамуына жаңаша көзқарас» атты 2­-ші халықаралық ғылыми­-теориялық конференциясы өткізіле­ді. Былтырғы конференция жұмысына Түр­кия, АҚШ, Башқұрстан, Татарстан, Ресей, Әзірбайжан елдерінен 13 ғалым қатысты. Кон­ференция аясында С.Қондыбай шығармалары негізінде «Байырғы қазақ дүниетанымының негіздері» энциклопедиялық жинағы жарық көріп, қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі «Серікбол Қондыбай – рух жауынгері» деректі фильмінің тұсауы кесілген еді. Биыл осындай игі шаралар өз жалғасын табады. «Жылдағы дәстүрге сай жалпыұлттық сипатқа ие «Амал» мерекесі халықаралық деңгейде аталып өтпек. Өткен жылы бірлік пен елдіктің мерекесіне Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, оның ішінде Ноғай елі­нен делегаттар қатысты. «Жастар жылына» орай Бірлік отын жағу эстафетасы жастарға табысталған еді. Отпан тау етегіне дәулеті мен сәулеті астасқан ақшаңқан үйлер тігіліп, Шетпе ауылындағы атжарыс алаңында бәйге ұйымдастырылып, сан алуан спорттық ойын­дар өткізілді.«Отпан тау– рухани дәстүріміздің негізі» атты дөңгелек үстелде елдік сана, ұлттық намысқа қатысты мәселелер көтеріліп, тағылымды әңгімелер өрбіді. Ұлыстың ұлы күні теңіз жағалауында орналасқан киіз үйлер қалашығында халықтық серуен өтіп, қолөнер бұйымдарының көрмесі, азық-­түлік жәрмеңкесі, «Ұлыс күні – Ұлы көш» еңбек ұжымдарының шеруі ұйымдастырылды. Шеруге ерекше мифтік кейіпкерлер бейнесінде шықты. Биыл Амал мерекесі жылдағы дәс­түр бойынша жоғары деңгейде, халықаралық ауқымда аталып өтеді», – дейді облыстық мәдениет басқармасы басшысы. П.Сармурзина сөзіне сүйенсек, биылғы «Жастар жылы» аясында Қазақ ұлттық өнер университетімен бірлесе «First International Global Caspian Art Festival» өнер фестивалі ұйымдастырылмақ. Мәдени шара музыка, көркемөнер және кино бағыттары бойынша өткізіледі. Фестивальде «Сан­-Ремо» фести­валінің жұлдызы, итальяндық эстрада ән­шісі Аль Бано, РФ халық әртісі, әнші және композитор Игорь Крутой, ҚР халық әртісі Айман Мұсаходжаева, Канн кинофестивалі сыйлығының иегері, ерекше дарынды әртіс Са­мал Еслямова, әлемге әйгілі күміскөмей әнші Димаш Құдайберген, «Солистер академия­сы» мемлекеттік оркестрі, танымал отандық және шетелдік кино әртістері, сонымен қатар Қазақстан мен Италияның қылқалам шебер­лері атсалысып, құрметті қонақтар қатарынан табылуы бек мүмкін. «Облыстың мәдени-рухани өміріне қа­тысты атқарылған жұмыс көп, ауқымды істер алда тұр. Биыл «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасы аясында бірқатар маңызды жоба­лар іске асырылады. Олардың қатарында ХІ «Маңғыстау жұлдыздары» өнер фестивалін өткізу, Қазақстанның еңбек сіңірген қыз­меткері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Құрметті профессо­ры», дәулескер күйші С.Шакраттың шығар­машылығына арналған домбырашылар ше­руі мен облыстық «Сырлы әлем» мүгедектер байқауын ұйымдастыру, М.Өскінбаевтың 115 жылдығына орай оркестрлер фестивалі, ІІІ республикалық «Қайқылардан қалған саз» атты Маңғыстаудың дәстүрлі әндерін орында­ушылар конкурсы мен Мұрын жыраудың 160 жылдығына орай республикалық жыршы-­тер­мешілер байқауына жетекшілік ету, «Жолжан», «Айымбет» қорымдарына реставрация және «Ақмыш сайы» тарихи­-мәдени ескерткішін абаттандыру жұмыстарын жүргізу және т.б бар», – деп атап өтті облыстық мәдениет бас­қармасының басшысы П.Сармурзина. Орайлы сәтті пайдаланып, мәдениет пен өнер саласы қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтаймын, шығармашылық табыс тілеймін.

    Голрох ЖЕМЕНЕЙ

    2809
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам мәдениет рухани жаңғыру
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Қайырымды іс қасиеттіден

    Келесі жаңалық

    Маңғыстаулық балалар жазғы демалыспен 100 % қамтылады

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Маңғыстаудың мәдениетіндегі оң өзгерістер

      [ 2019 ] 23 мамыр, 07:02
      2810

      Өркениеттің бесігі болған Түркия

      [ 2018 ] 20 желтоқсан, 13:57
      1659

      Ән кернеген жүрегін

      [ 2018 ] 18 маусым, 12:57
      1737

      Жаңаөзенде «Асыл мұра» фольклорлық ансамблінің концерті өтті

      [ 2018 ] 13 ақпан, 12:00
      1442

      Маңғыстауда жас ақындар айтысы өтті

      [ 2018 ] 29 қаңтар, 10:37
      1228

      Ұлы Абайдың ұрпағы Ақтауда тұрады

      [ 2017 ] 11 қыркүйек, 12:48
      3245

      Рубрикалар

        РедакцияҚұқықМәселеБіле жүріңізСпортАудан тынысыАуыл өміріМаңғыстау

      Автордың басқа да жазбалары

      «Zhas Project» аясында 285 әлеуметтік жоба іске асырылды

      [ 2019 ] 5 желтоқсан, 12:40
      1733

      Тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалануға байланысты жиын өтті

      [ 2019 ] 4 желтоқсан, 10:39
      2838

      Аймақтағы үздік журналистер марапатталды

      [ 2019 ] 28 қараша, 09:44
      1711

      Сапалы өнім – табыс көзі

      [ 2019 ] 18 қараша, 09:55
      2074

      Теңіз қоқысы тазартылуы тиіс

      [ 2019 ] 14 қараша, 06:14
      2267

      Жазасын өтегендер қоғамнан тыс қалмайды

      [ 2019 ] 12 қараша, 05:32
      1634

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»