©
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Жаңаөзен қаласының 50 жылдығына орай Жаңаөзен қаласында «Асыл мұра» халықтық фольклорлық ансамблінің есеп беру концерті өтті. Жыл сайын қала халқы алдында есеп беруді дәстүрге айналдырған ансамбльдің құрылғанына биыл 12 жыл толып отыр. Бұл уақыт аралығында Қаракөз Кемерова жетекшілік ететін «Асыл мұра» бағындарған белестер аз емес. Облыстық, Республикалық, қала берді халықаралық байқаулардың лауреаты атанып үлгерді. Атап айтар болсақ, 2009 жылы Германияның Берлин қаласында өткен «Жұлдызды жауын» халықаралық байқауында «Ең үздік ансамбль» номинациясына ие болды. 2010 жылы Белоруссияның Браслав қаласында өткен «Браславские зарницы» халықаралық фестивалінде өнер көрсетуі де үлкен дәреже. Сонымен қатар, ең ірі жеңістерінің бірі деп 2011 жылы Болгарияның Приморск қаласында өткен «Приморск-2011» халықаралық жастар фольклорлық фестиваль-байқауында 9 мемлекеттен келген 32 ансамбльдің ішінен жеңімпаз деп танылып, алтын медальға ие болғанын айтуға болады. 2011 жылы ансамбльге «Халықтық ұжым» атағы берілді. ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Білім шырағын жаққан басшы «Асыл мұра» - өнердің сынбас тірегі!» деген атаумен өткен биылғы өнер кешінде күй күмбірлеп, ән төгілді. Әсет Бейсеуовтың «Ұшады Маңғыстаудан шағалалар» әні, Светқали Нұржанның сөзіне Маңғыстау мақамымен жазылған «Қыз дәуренімен» қатар, Қаракөз Кемерованың бірнеше әндері орындалып, Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқиссасынан» бастап қазақтың керемет күйлері ойнатылды.Өз тілшіміз