©
Ақтаудағы дарынды балалар мектебінде мектеп оқушыларының суырып салмалық қабілеттерін, тума талант, табиғи дарындылығын анықтау, оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, ауыз әдебиетінің рөлін, өлең сөзінің құдыреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету мақсатындағы Жалпы білім беретін ұйымдары оқушыларының арасында «Жыр алыбы - Жамбыл» атты жас ақындар айтысына Маңғыстау ауданы, Түпқараған ауданы, Бейнеу ауданы, Қарақия ауданы, Мұнайлы ауданы және Ақтау қаласынан барлығы 10 оқушы қатысып, бақ сынасты.
Облыс бойынша республикалық айтысқа лайықтылар арасынан Бас жүлдені – ақтаулық Ердулет Сардар, бірінші орынды - түпқарағандық Мәдиасқар Қанжарұлы, екінші орынды - Т. Жалғасбаев атындағы Шайыр орта мектебінің оқушысы Аймекен Абылқызы иеленді.
Үміт ЖӘЛЕКЕ