• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Бейсенбi, 23 Қырк. 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Электр энергиясын талан-таражға салып жүрген кімдер?...

Кадрлық тәжірибе алмасу - маңызды...

Маңғыстаудың денсаулық сақшылары «Сенімге» сенеді...

Маңғыстаудың ұмытылған бұлақтарын зерттеу экспедициясы басталды...

Бибісара Асаубаева Маңғыстауға Азия чемпионы болып оралды...

  • USD: 425.75 ₸
  • EUR: 499.32 ₸
  • RUB: 5.85 ₸

Ерлік жоққа шығарылмайды

[ 2018 ] 13 ақпан, 07:00  |  Қоғам

©

Қазақ халқы Ресей империясына тәуелді болған 260 жыл ішінде қаншама қасіретті жылдарды бастан кешірді. Ашаршылық, қуаңшылық, жазықсыз жазалау, жер аудару, ҰОС соғысы мен бертіндегі Ауған жеріндегі қанды жылдар қаншама қазақтың өмірін жалмап, талайының тағдырларын тас-талқан еткені белгілі. Соның ішінде, Ауған жеріндегі Одақ әскерлерінің он жылдан астам болып, талай боздақтың өмірін жалмаған соғыс жайында Елбасы Н.Назарбаев «Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір Кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуына тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма?» деп баға берген болатын. Бірақ қазіргі таңда бұл саясатты дұрыс, не бұрыс дегенімізбен Отан алдындағы борышын абыроймен атқарған сардарлар мен сарбаздар ерлігі жоққа шығарылмайды, олар қашан да ел есінде болмақ.

Бүгінгі таңда, Жаңаөзен қаласында Ауған соғысынан аман оралған азаматтардың басын біріктіріп, олардың қоғаммен байланысын арттыру мақсатында Ауған соғысы ардагерлері қоғамдық бірлестігі жұмыс жасап келеді. Жалпы бұл бірлестік 2003 жылы 14 тамызда құрылып, төраға қызметін Оразалы Әділов атқарған. Кейін 2013 жылдан бастап төрағалық қызмет Сәтбай Құлсариевке тапсырылады.

- Негізі, бұл бірлестік құрылмастан бұрын Ауған соғысы ардагерлері бейресми түрде қызмет етіп келді. Жасаған жұмысымыз бен мақсатымыз әрқашан елге көмектесу, жастарға үлгі болу, біз көрген соғысты бізден кейінгі ұрпаққа көрсетпеу, ол үшін жас буынды отансүйгіштікке, еңбекке тәрбиелеу, бейбіт елде өмір сүріп жатқан бақытты ұрпақ екенін ұғындыру, саналарына сіңіру, - дейді С.Құлсариев.

Аталған бірлестікте 190-ға жуық Ауған соғысының ардагері тіркеулі. Олардың 60-тан астамы мұнай саласында қызмет етсе, жұмыссыз жүрген ардагерлер де жоқ емес. Қоғамдық бірлестік аты айтып тұрғандай қоғамдық жұмыстарға, Жаңаөзен қаласындағы қайырымдылық, сенбілік, танымдық, патриоттық, спорттық іс-шараларға атсалысып келеді. Халықтың, соның ішінде жастардың салауатты өмір салтын сақтап, есірткі, ішімдік, темекі секілді зиян әдеттерден жат болуы, бұзақылық, қылмыстан аулақ жүруі, ең болмаса бір шыбық отырғызып қаласына пайдасын тигізіп, білімге, өнерге құштар болуы үшін үлкен септігін тигізер дөңгелек үстелдер, кездесулер, жүгіруден марафондар, басқа да спорт түрлерінен жарыстар өткізіп отырады.

- Біз жастармен үнемі жұмыс жасаймыз. Оқушыларды, студенттерді жинап, олармен әңгімелесу шараларын өткіземіз. Жасаған ісі, ерлігі, батырлығы үлгі болар ардагерлерді қатыстырып, олардың өмір жолының қиындығы мен қызығын мысалға келтіреміз. Мұның барлығы жастарды мойымауға, жігерлендіруге септігін тиігізеді. Сондай-ақ, өткен жылдан бастап дін бағытында кездесулер, дөңгелек үстелдер ұйымдастыра бастадық. Мұнда міндетті түрде қасымызға мешіт имамдарын, теологтарды ерте жүреміз. Дәстүрлі исламның қандай болатындығы жайлы толыққанды ақпарат беріледі. Жалпы, біздің жасаған жұмыстардың барлығы адамның білімін толықтырып, өмірге деген көқарасын оң бағытқа өзгерту болып табылады, - дейді С.Құлсариев.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Маңғыстауда жас ақындар айтысы өтті

Ауған соғысы ардагерлері қоғамдық бірлестігі іс-шараларға халықты тартып қана қоймай, өздері де қатысып, талай үлгі болар істің басын қайырған. Жыл сайын бірлестік мүшелері жағалауды тазарту және халыққа жақсы демалыс ұйымдастыру мақсатында Каспий теңізі айналасын тазалау жұмыстарын жүзеге асырып келеді. Жаз мезгілінде бірнеше рет таңертеңнен кешке дейін теңіз маңында тұрғындардың ластаған жерлерін, тастаған ыдыстарын жинап, қалаға қапшық-қапшық қоқыс тиелген бірнеше «КаМаз» жүк көлігімен қайтады. Ардагерлер сенбілік шараларымен де үнемі көзге түседі. Олар тек ауа-райының қолайлы уақытында ғана емес, жаңбырға қарамай шыбық отырғызу, ағаш түптерін қопсыту т.б. жұмыстарын жасаған.

Бұдан бөлек, бұл азаматтар қайырым жасау, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету секілді шапағытын тигізер іс-әрекеттерден де ада емес. Қоғамдық бірлестік тарапынан үнемі тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік таратылып, «Мектепке жол» акциясы аясында біршама бала оқу-құралдармен қамтамасыз етіледі. Өздері құрған «Халықтан халыққа» атты бағдарламасы аясында алғаш рет Жаңаөзен қаласында қайырымдылық дүкенін ашып, киім-кешекке зәру адамдарға тегін киім-кешек алуына жағдай жасады. Бұл дүкенге кез-келген адам таза, бүлінбеген, өлшемі келмей қалған киімдерін тапсыруларына болады. Қайырымдылық дүкен «Ардагерлер үйінің» екінші қабатында орналасқан.

- Шараларды әртүрлі мекемелермен бірлікте және өздеріміз өткіземіз. Егер шараға қаражат қажет болса өз қалтамыздан, не демеуші болатын мекемелерді іздестіреміз. Бізге көбінесе «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайсервис» ЖШС, «Бұрғылау» ЖШС мекемелері қолдау көрсетеді, - дейді С.Құлсариев.

Жалпы қоғамдық бірлестіктің Жаңаөзен қаласы үшін, қоғам үшін, жасаған жұмыстары аз емес. Олардың жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері миллиондарға пайдасы тимесе де, мыңның, жүздің, тіпті бірдің игілігіне жарап жатқаны анық.

 Жазира АҚБЕРГЕНОВА

Сурет Т. Құсайынның архивінен

523
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
қоғам рухани жаңғыру
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Мұнайлы әкімі халыққа есеп берді

Келесі жаңалық

Жаңаөзенде «Асыл мұра» фольклорлық ансамблінің концерті өтті

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Сисем ата қорымы туралы

    [ 2019 ] 10 қыркүйек, 07:03
    3751

    Бегей Қозыбақ батыр ұрпақтары жайындағы деректер

    [ 2019 ] 17 маусым, 03:48
    1850

    Ақпан атаның мәңгілік тыным алған жері мен «Ақпан үйігі» Маңғыстаудан табылды

    [ 2019 ] 3 маусым, 12:55
    1467

    Жасампаз жастар жиыны

    [ 2019 ] 27 мамыр, 05:50
    1121

    Маңғыстаудың мәдениетіндегі оң өзгерістер

    [ 2019 ] 23 мамыр, 07:02
    1236

    «Парасатқа» - 30 жыл

    [ 2019 ] 15 мамыр, 05:41
    1390

    Рубрикалар

      Байланыс мәліметтеріБайқауСпортҚазақстан жаңалықтарыEXPO - 2017ФотоАнықтама бюросыБіле жүріңізӘлем жаңалықтарыСаясатҚұқықӘдебиет

    Автордың басқа да жазбалары

    Діни сауаттылық - қоғам қауіпсіздігі

    [ 2019 ] 1 қараша, 06:44
    1013

    Қала көркі мен қауіпсіздігі басты мақсат

    [ 2019 ] 27 қыркүйек, 10:08
    825

    Жаңаөзен қаласында шахмат мектебі ашылды

    [ 2019 ] 7 маусым, 05:35
    872

    Теңге ауылына - 55 жыл: дайындық қалай жүріп жатыр?

    [ 2019 ] 13 мамыр, 10:06
    1018

    Тоғжанов Жаңаөзендегі медициналық орталықтарды аралады

    [ 2019 ] 1 ақпан, 13:38
    777

    Жаңаөзендіктер дәстүрлі ат спортынан жеңіспен оралды

    [ 2018 ] 7 желтоқсан, 06:17
    708

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»