• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 12 Тамыз 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Нөкіс қаласынан Маңғыстау облысына пойыз қатынайтын болды...

«MAŃǴYSTAÝ» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды...

2025 жылы Ақтау әуежайында жаңа әуе рейстері ашылады...

Париж Олимпиадасы: Бүгін Қазақстан спортшыларынан кімдер сынға түседі?...

Сүйінші! Маңғыстауда 4 мектептің түлегі түгелдей білім беру грантын иеленді...

  • USD: 479.03 ₸
  • EUR: 523.39 ₸
  • RUB: 5.31 ₸

Бегей Қозыбақ батыр ұрпақтары жайындағы деректер

[ 2019 ] 17 маусым, 03:48  |  Қоғам

©

Қазақта «тек», «текті» деген асыл сөздер бар. Мұның мәнісі әркімнің шыққан негізін, нәсілін, арғы атасының кім екенін білдіретін ұғым. «Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады» деген бұрынғылардан келе жатқан тағылымды сөзге мән берсек, әр пенде өзінің кім екенін тануы үшін шыққан тегін білуге міндетті. Бұрын шежіре шертер ақпа қариялар айтқанда қағып алатын зерек, құймақұлақ тыңдаушылар көп болған. Солар арқылы жеті ата ғана емес, бір рулы елдің қайдан шығып, қалай өсіп-өнгенін көз жазбай жіліктеп тарата білу – әрбір қазақ үшін өмірлік қажеттік еді. Осы жүйеге сүйеніп, Тобыш Бегей шежіресін ой елегінен өткізіп, сараптап көрелік. Адайдың үлкен бір тайпасы Тобышты алып бәйтерекке теңесек, осы бәйтеректің үлкен бір бұтағы – ер Бегей. Бегейден – Қадырқұл, одан Қозыбақ, Қосақ, Малай. Көнекөз қариялардың айтуынша, осы Бегейдің немересі Қадырқұлұлы Қозыбақ жол бастаушы, ту ұстаушылардың бірі болған. Бұрынғылар туды анау-мынау адамға ұстатпайтындығы сірәдан белгілі. Қозыбақ батыр атына мініп, жол жүре бастағанда төбесінде самұрық құс ұшып тұрады екен. Қозыбақ атамыз жауға қаншама рет шапқанда да туын құлатпай, жаужүрек батыр атанғанынан-ақ тегін адам еместігі сезіліп тұр. Қозыбақтан – Дәуілдір бай, Қаржау, Қарақұл, Шаян тараған. Дәуілдір бабамыз байлығымен қоса атақты сахи болған адам екен. Ол туралы ұрпақтарының арасында аңыз әңгімелер көп. Өзінің белінен тараған үш бала – Сеңгір мырза, Мыңғыр бай, Еле- мес ірі-ірі үш ауыл болып, өніп-өсіп тараған. Ал Дәуілдірұлы Сеңгір атамызға ерекше тоқталуға тура келеді. Себебі жоғарыда аттары аталған ер Бегейдің немерелері бір төбе болса, қазақ тарихында олардың барлығынан да терең із қалдырғаны Қозыбақ батыр деп білу керек. Қалнияз Шопықұлы жыраудың: Тартынбай шапқан ерлер-ай, Қаптағанда жау қалмақ, Солардың бірі бұрынғы, Белгілі Бегей – ер Қозыбақ, – деп кіші жүз адайдың төрт тірегінің біріне теңеуінің өзі оның қандай адам болғандығының куәсі. Дәуілдірұлы Сеңгір мырзалығымен елге танылған жомарт кісі болған. Ол да әкесі сияқты сахи атағын алған. Заманында Сеңгір, Мыңғыр бай мырза болғанын қариялар айтып отыратын. Бата жасағанда: «Қозыбақта мырзалығы Мыңғыр менен Сеңгірдей бол, Бабықта байлығы Мыңбай менен Селбайдай бол», – деп ниет ететін. Осы аталған мырзалар Өмір, Темір, Төлеп, Қармыс,  Дауымшар,  Құдабайлармен замандас болған. Осы батырлардың жасақтарын қамтамасыз етуде зор үлес қосқан. Сеңгір атамыз осы адамшылық қасиеттерімен елге сыйлы адам болған. Ыбырай ахун Құлбайұлы жырларында: Қозыбақ деген бір ауыл, Жігіттері ер ауыл, Айқын таза нұр ауыл. Жақсылығы өлшеусіз, Жамандықтан құр ауыл. Дәуілдір, Қаржау болғалы, Кем болмаған бұл ауыл. Дәуілдірдің екі ұлы – Мыңғыр менен Сеңгірдің, Мысалы, соққан жел дауыл. Байлығы асқан қатардан, Өтеғұл мен Сарығұл. Таусылмастай бар еді, Бұларға біткен мал мен пұл. Сеңгірден – Жарылғап, Жақып, Оразалы, Шығыс. Сеңгірдің үлкен баласы Жарылғап 1777 жылы туылып, 1862 жылы 85 жасында дүниеден өткен. Өмір сүрген жерлері қазіргі Байғанин ауданының Жем, Сағыз бойлары, түстігі Бейнеу, орталық Үстіртке дейін келіп қыстаған. Сеңгірдің Үстіртте қаздырған өзінің құдық шыңырауы бар. Ол Тұрыш ауылынан оңтүстік-шығыс бағытта 150 шақырым қашықтықта орналасқан. Жарылғап атамыз да өзінің заманында малы көп, өте мейірімді кісі болған дейді. Жарылғаптан – Сүгірәлі, Шанай, Дәулет, Құдайберген тарайды. Қырықмылтық Бақтығалиұлы Үбіғали жыршының толғауында: Сеңгірден өсіп тараған, Төрт ауылды ел екен. Оразалы, Шығыс пен Жарылғап, Жақып дер екен. Өрісі кең, көк майса, Малы, жаны көп екен, – дейді. Біраз уақыт бұрын Сисем ата қорымындағы №568-ші күмбезді тамының Адай руының Тобыш Бегей тайпасының Сеңгір Жарылғап байға тиесілі екені анықталған болатын.  Көп ұзамай іздестірілудегі Қозыбақұлы Дәуілдір, Дәуілдірұлы Сеңгір аталарымыздың бейіттері де осы қорымнан табылды. Шамамен 1710-1783 ж.ж. өмір сүрген Дәуілдір бай Қозыбақұлы, Сеңгір Дәуілдірұлы 1740-1821 ж.ж. Аталған кісілер басына қойылған көне сәулет ескерткіштердегі арабша жазулар арқылы анықталды. Дәуілдір бабамыздың ескерткіші – сандықтас, үстіне қойтас қойылған, сандықтасының оң жақ қабырғасында араб әріпімен қашалып, есімі Дәуілдір бай екені жазылыпты. №563 құлпытас және тасқоршау: құлпытасындағы араб жазуларының мәтінін аударғанда бұл жерде есімі Дәуілдірұлы Сеңгір бәйбішесімен жерленгені анықталды. Сеңгірұлы Жарылғап атамыздың күмбез тамы ішінде орнатылған құлпытас эпитафиясы: «Адай руы, Тобыш Бегей тайпасы, Сеңгір баласы Жарылғап бай, офат 85 жасында, 1862 ж. Қылдырды баласы Құдайберген». Батыр бабасының басына Дәуілдір, Сеңгір, Жарылғап ұрпақтары жиналып, рухына Құран бағыштап, садақа таратты. Сонда қалың көпшілік бабалар рухының жебеп-желеп жүруін тіледі. Өткен тарихымызды толық жаңғыртып, келешек ұрпаққа жеткізу – қорық қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі. Кезінде осы мақсатта Қазақстан – Ақтау телеарнасының қызметкерлерімен бірлесе отырып, Үстірттегі тарихи орындар жайында бейнематериалдар дайындау мақсатында экспедиция ұйымдастырылған. Іс-сапар мүшелерінің құрамында облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Жаздырхан Сейдалыұлы және қажы Төремұрат Өмірзақұлы, жүргізуші Қуан Сабалақов болған еді. Іс-сапардың алғашқы нысанасы Сай-Өтес ауылынан Бейнеу тас жолы бойымен жүргенде 45 шақырым солтүстік-шығыс бағыттағы 1998 жылғы қазба жұмыстары нәтижесінде алғашқы көшпелілердің күн Тәңіріне арналған ғылыми әлемде сенсация болған Бәйте құдықтарынан басталды. Бұрынғылардың айтуынша, Бәйті ата өз заманында дәулетті бай адам болған. Төрт түлік мал ұстап, осы жерден құдық қаздырған, бұл – Бәйті атаның қыстағы және жайлауы болған жер. Бәйтінің арғы тегі Бегей атамыздың Малайынан тарайды. Малайдан – Өтей. Өтейден Бәйті туады. Бәйтінің бесінші ұрпақтарының бірі – Жаздырхан Сейдалыұлы. Іс-сапар маршруты Бәйті құдығынан 35 шақырым солтүстік бағытта, қазіргі Қарақұдықмұнай кен орынындағы батыс үстірт шың жиегінде орналасқан Маңғыстау ауданы бойынша мемлекеттік қорғауда тұрған Қызылтас (Ново-Александровская) бекінісіне жалғасты. Ескерткіштің қысқаша тарихына тоқталсақ: «Ресей мен Хиуа арасындағы шиеленіс жыл санап, ұлғая түсіп, орыс үкіметі – полковник Ф.Ф.Бергке (1793-1874 ж.ж.) арнайы экспедиция ұйымдастыруды тапсырады. Ол 1825 жылы Сарайшық қаласында экспедицияны болашақ жорыққа әзірледі. Сол жылы экспедиция 15 желтоқсанда Сарайшықтан шығып, Жемнен өтіп, Каспий теңізін жағалай отырып, Қайдақ сорына дейін келіп, Үстірт қыратына көтерілді. Одан Бейнеу, Сам, Желтау айналып, Сарнияз тұсында Жемнен қайта өтіп, Арал теңізіне беттеді. Әскери керуенді жол-жөнекей азық- түлікпен қамтамасыз ету мақсатында қамал салу үшін Маңғыстауға жіберілген белгілі саяхатшы, табиғат зерттеушісі Г.С.Карелин Қайдақ соры маңындағы Қызылтас мүйісін қолайлап, 1834 жылы осы жерде 500 адамдық әскер ұстайтындай Ново-Александровск қамалы салынды. Маңғыстау түбегінде патшалық Ресей ықпалының мықтап орнығуы осы қамалдан басталды. Бірақ кейіннен орыс бекінісі «Каспий – Хиуа» сауда жолының тірегі болуға қолайсыздықтар көрсетуіне байланысты қазіргі Форт-Шевченко қаласы жерінен жаңа Ново-Петровскі қамалы салынып, қоныс аударды». Табиғаты әдемі, Қызылтас шыңының төменгі орта қабатында қираған мешіт және қорым сақталған. Жазба деректерде бұл мешіт руы Ақбота Бектұр баласы Дүйсенбай қажы есімімен байланыстырылады. Өңделген ұлу тастардан қаланған мешіт үйінің төбесі түгелге жуық ойылып, құлаған. ХІХ-ХХ ғ.ғ. басы кезеңдерімен белгіленетін бұл мешіт үйінің құрылысы төртбұрышты үлкен бір бөлмеден тұрады. Төбесі арка тәрізді етіп қаланған 4 күмбезі, тіреуіші, солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс қабырғаларынан қалдырылған терезе-ойықтары болған. Бөлме ортасында нақышты қашалған тіреуіш бағана және оңтүстік-шығыс қабатында михраб ойылып салынған. Жалпы мешіттің сәулет құрылысы еуразиялық сәулет өнері элементтерін ұштастырып қалаған жаңа бағыттағы ерекше үлгі болып саналады. Дүйсенбай қажы мешіттен 150 метрдей қашықтықтағы қорымда жерленген.

Нұрлан ҚҰЛБАЕВ, Маңғыстау мемлекеттік тарихи-­мәдени қорығы қызметкері

5514
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
қоғам рухани жаңғыру
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Бүгін Ақтауда университет түлектері диплом алды (ВИДЕО)

Келесі жаңалық

Ақсақалсыз ауыл болмайды

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Сисем ата қорымы туралы

    [ 2019 ] 10 қыркүйек, 07:03
    6891

    Бегей Қозыбақ батыр ұрпақтары жайындағы деректер

    [ 2019 ] 17 маусым, 03:48
    5515

    Ақпан атаның мәңгілік тыным алған жері мен «Ақпан үйігі» Маңғыстаудан табылды

    [ 2019 ] 3 маусым, 12:55
    6353

    Жасампаз жастар жиыны

    [ 2019 ] 27 мамыр, 05:50
    2046

    Маңғыстаудың мәдениетіндегі оң өзгерістер

    [ 2019 ] 23 мамыр, 07:02
    2741

    «Парасатқа» - 30 жыл

    [ 2019 ] 15 мамыр, 05:41
    2570

    Рубрикалар

      ҚоғамРедакция ұжымыТүпқарағанФотоМәдениетҚызық дерекАуыл өміріТағайындауЖастар бетіҚарақия

    Автордың басқа да жазбалары

    Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

    [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
    2662

    Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

    [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
    2345

    Теміржолдағы апат азаймай тұр

    [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
    2189

    Бағзы дәуірден үн қатқан...

    [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
    2899

    Зейнетақы жинағын алу жолдары

    [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
    2544

    Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

    [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
    2390

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»