• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 16 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Қазіргі қоғам әлеуметтік желіге тәуелді ме?...

    «Парасатқа» - 30 жыл

    [ 2019 ] 15 мамыр, 05:41  |  Қоғам

    ©

    1989 жылы сәуір айында Елбасының «Қоғамдық ұйымдар құру» жөніндегі жарлығы жарияланды. Әуелі биліктен Киікбай Рзаханов ағамыз «Бірлік» атты әлеуметтік-демократиялық қоғам құрмақ болды. Бірақ ештеңе шықпады. Себебі ескі кеңес жүйесі бойынша жоғарыдан төменге бағытталған еді. Халық оған сенбеді, қолдамады. Сайын Нәдірұлы қоғамдық ұйымды құруды мекемелерден бастады. Мекемелерде бастауыш ұйымдар құрылып, құрылтайға делегаттар сайланды. Телефонмен басқа облыстардан делегаттар шақырылды. 1989 жылы 4 шілдеде Ақтау қаласы 6-шағын аудандағы «Арман» клубында құрылтайға жиналған делегаттар аймақтық «ПАРАСАТ» қоғамын құрды. Қоғамның 21 адамнан кеңес мүшелері, ал кеңес төрағасы болып Сайын Шапағатов сайланды. Сайын Нәдірұлы 1940 жылы Шевченко ауданының Тельман (қазір Сайын Шапағатов) ауылында дү­ниеге келді. 1962 жылы Қазақ кен­-метал­лургия институты, 1969 жылы Мәскеу мұнай-­газ институтын бітірген. Еңбек жолын Ақтаудағы ПГМК мекемесінде бастаған. Сосын Ақтау қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып тағайындалды. 1971 жылы Жетібай мұнай өндіру басқармасы жерасты жөндеу цехының шебері қызметіне ауысты. Партияның жұмсауымен Ақтау, Жа­ңаөзен қалалық комитеттерінің, облыстық партия комитетінің өндірістік бөлімдерінің нұсқаушысы болып жұмыс жасады. 1987 жылы «Маңғыстаумұнайгаз» өндірістік бір­лестігінің партия комитетінің хатшысы бо­лып тағайындалды. Қызметтерін атқара жүріп Сайын Нәдірұлы қазақтардың салт­-дәстүрлерін, тілін, ділін, дінін сақтауына аса назар бөлді. 1988 жылы Қазақстанда бірінші рет Ақтауда Наурыз тойы тойланды. Құрылтай жиналысында аймақтық әлеу­меттік-­демократиялық «Парасат» коғамының жарғысы қабылданды. Қоғамның бағдар­ламасы бекітілді. Құрылтайға қатысқан Аты- рау, Ақтобе, Орал, Торғай, Қызылорда облыстары мен мекемелерден келген делегаттарға қоғамның бастауыш ұйымдарын құру тапсырылды. Аймақтың элеуметтік­экономика­лық жағдайын жақсартуға арналған үндеу қабылданып Елбасына, Парламентке, Министрлер кабинетіне жолданды. Орталық комитет тіл, дін, салт­-дәстүр, мәдениет пен спорт, аймақтың экономикалық дамуын, экологияны қадағалайтын, күнделікті өмірде азаматтардың арыздарын қарайтын комитеттер кұрды. Топ басшылары мүмкіндік бойынша апта сайын жиналып жаңалықтарды біліп мекемедегі басқа мүшелерге жеткізіп тұрды. Қалалардағы, аудандардағы топ мүшелері­ мен Шапағатовтың өзі сөйлесіп тұратын. «Парасатқа» халықтың сенгені сонша, облыс, қала әкімдеріне жазған хаттарының көшірмесін Шапағатовтың атына жолдай­тын болған. Біздер сол хаттарға жауап бе­рілуін қадағалап тұрдық. Хаттармен көп ай­налысасың деп «Маңғыстаумұнайгаздың» бас директоры Бекбосынов Нұрлыхан Өтеу­ұлы Шапағатовқа ескерту жасағанда оған арыздардың 80% мұнайшылардан, өзіңіз жа­уап беріңіз деген соң бірігіп қарайтын бол­ған. Сайын Нәдірұлының жұмысын бірінші бөлім бастығына ауыстырған. Қоғамның мүшелерін көбейту мақсатында Ақтаудың Ынтымақ алаңында митинг ұйымдастырып тұрдық. Трибунамыз мекемеден сұрап алған Камаз полуприцепі, облрадиоорталықтан, телевидениеден мамандар Шапағатовтың сұрауы бойынша келіп тұрды. 2­-3 айда жан­жақтан келген делегаттармен бірге құрылтай жиналысын өткізіп тұрдық. Халықтың «Парасат» қоғамын қолдағаны сонша, мүшелері­нің саны 50 мыңнан асып кетті. Парасат қоғамының делегаттары Алматыда «Азат» партиясының съезіне қатысып, Советқазы Ақатаевты төраға етіп сайладық. Келген соң «Азат» партиясының филиалын Ақтаудан ашып, Артықбай Рахмет Ізтұрғанұлы төраға болып, орынбасарлыққа Оралхан Тоғызбаева сайланды. «Азат» партиясының филиалдары аудандарда да құрылды. С.Шапағатов облыс әкімімен келісіп «Парасат» қоғамының мүшелерін тізім бойынша облыстық сессиялар мен активтерге қатысып тұратын дәрежеге жеткізді. 1990 жылы Каспий теңізіндегі кемеде орналасқан «Равиль» чешендер мейрамханасында қыздарын кіргізіп, өздерін кіргізбегені үшін қазақ спортсмен балалар мен чешендердің арасында қақтығыс болды. Облыс әкімі Новиков Федор Афанасьевичтің, облыстық ішкі істер департаментінің қатысуымен барлық ұлт өкілдерін қатыстыра отырып жиналыс аштық. Сол жиында барлық ұлт өкілдеріне ұлттық­ мәдени орталықтарын құрып басшыларын сайлау тапсырылды. Негізгі мақсат – әр ұлт өз тентектерін өздері тиюы керек деген талап қою. Ұлттық мәдени орталықтар тілдерін үйреніп, мәдени шараларға өз өнерлерін көрсетуі керек. Ұлттық­ мәдени орталықтың басшылары «Парасат» қоғамының жиналыстарына қатысып тұрды. Осылайша «Халық кеңесі» ұйымы құрылып, төрағасы болып Жаздырхан Сейдалиев сайланды. Сол кезден бастап барлық ұлт өкілдері Наурыз мерекесіне қа­тысып, ұлттық өнерлерін көрсетіп тұрды. Осы «Халық келісінің» негізінде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Келесі мәселе – тіл мәселесі. Өздері құрған жоспар бойынша «Парасат» қоғамы қазақ тілінің қолданылуын барлық мекемелерде тексеріп тұрды. Шешілмей жатқан мәселелерді облыс әкімінің алдына қойды. Қазақ тіліндегі балабақшалар мен мек- тептерді көбейтуді негізгі мәселе ретінде батыл көтерді. Сол кезде салынып жатқан 28­шағын ауданда­ғы №20 мектепті қаладағы екінші қазақ мектебіне айналдыру үшін «Парасат» мүшелері үлкен күш жұм­сады. Біріншіден, өз балаларымызды қазақ сыныптарына бердік. Екіншіден, мектеп алдында тұрып ата-­аналарды балаларын қазақ сыныбына беруін сұрадық. Үшіншіден, орыс сыныбына бергісі келгендер көрші шағын аудандағы №23 мектепке баруын сұрадық. №20 мектеп директоры қазақ болғанмен оқу ісі меңгерушісі орыс болып аралас мектеп жасауға қаншама тырысса да, біздің дегеніміз болды. Сөйтіп, Ақтауда екінші таза қазақ мектебі ашылды. Жаңадан салынған 28-­шағын аудандағы №59 балабақша таза қазақ тілінде ашылды. Қазір ол балабақша Сайын Шапағатов атында, ішінде музейі болған. Қазақстанның депутаттары тіл туралы заңды үш жыл дауласып 1993 жылы қабылдады. Заңның орындалуын депутаттар емес, қоғам мүшелері қадағалады. «Парасаттың» спорттық шараларын балалар спорт мектебінің директоры Темірхан Бисенқұлов жүргізді. Күрестен, волейболдан, бокстан турнирлер өткізіліп тұратын. Жас әншілерді, жыршыларды шақырып халық­қа көрсетіп тұратын. Ақтауда драма театр жоқ болғандықтан көптен салынбай тұрған «Жеңіс» кинотеатрын драма театр жасау­ға ұсыныс жасалды. «Парасат» қоғамы­ның азаматтарының бастауымен Маңғыс­тау халқы облыстың атын Маңғышлақтан Маңғыстауға ауыстыру тез шешілсе, қала­ның Ақтау атын қайтару өте қиынға түсті. Жоғарыға жазған хаттарда 130 км жерде екі Шевченко атауы болуы, Хрущевтің халықтың, жергілікті биліктің пікірлерімен санаспай қала атын өзгертуі, Тарас Григорьевич 150 жасқа толғанда туған жері Украинада бірде­ бір қаланың аты өзгертілмегені, Шевченко атындағы каланың Украинада жоқ екені айтылып, жазылып, республикалық газеттерде жарияланды. Нәтижесінде қаланың Ақтау аты қайтарылып берілгенде бүкіл Қазақстан халқы қуанып Шапағатовты құттықтап газеттерде мақалалар жариялады. 1988 жылы Маңғыстау облысы тарқаты­лып, Атырау облысына қосылды. 1973 жылы Маңғыстау облысы ашылғанша Маңғыстау алыстағы аудан есебінде экономикасы өспей қалды. Бір мысал: байланыс жүйесі бойынша Гурьев облысы бойынша барлық аудандар, ауылдар, совхоздар автоматты байланыс жүйесімен қамтылды. Ал Маңғыстау ауданы қолмен жалғанатын коммутатормен Морзе телеграф байланысымен отырды. Тек Маңғыстау облысы құрылғасын барлық жерге автоматты телефон байланыстарын орнатып, ел қатарына қосылдық. Ал облыстың қайтадан Атырау облысына қосылуы өнер­ кәсібі тез дамып келе жатқан Маңғыстау облысының экономикасын тежеді. Тағы да күрес: хат жазу, мақала жазу, жоғарыда көр­сетілген мысалдармен дәлелдеу. Елбасымен кездесу үшін Шапағатов Алматыға кеткен. 1990 жылы тамыздың 28 күні Маңғыстау облысын қайта ашу үшін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ақтауға келді. Облыс­тың активінде сөз сөйлегеннен кейін сұрақ қойылды. Микрофонға «Парасат» қоғамы төрағасының орынбасары Артықбаев Рахмет шығып, елдің жағдайын айтып сұрақтар койды. Елбасы қарсы сөйлегенге ашуланып қатты сөздер айтып тастады. Жиналыстан кейін «Парасат» қоғамы төрағасының орын- басары Рахмет Лұқпанов бастаған қоғамның 5 мүшесі Елбасымен кездесіп түсіністікпен тарастық. 1991 жылы қазақтың дүлділ кемеңгер жыр­шысы Қашағанның 150 жылдығын атап өту үшін бүкіл Маңғыстау халқы атсалысты. Облыстық «Маңғыстау» газеті 6 ай бойы Қашаған жөнінде мақалалар, естеліктер жариялады. 13­-14 қыркүйекте Ақтаудағы Абай атындағы сарайда ақындар айтысы болды. Бас жүлдені Сабыр Адай жеңіп алды. Екінші орын екі ақынға, үшінші орын үш ақынға берілді. Ұлы той Қашаған жатқан Қырықкез жерінде өтті. Маңғыстаудың барлық түкпір­-түкпірінен көптеген ағаш үйлер әкеліп тігіліп, Қазақстанның барлық зиялы азаматтары жиналды. Жыршылар түнімен жыр айтты, әншілер екі күн концерт қойды, спорттық сайыстар болды. Ертесіне аламан бәйгіде (42 шм.) «Өзенмұнайгаз» қосқан аты бірінші орын, «Парасат» қоғамы атынан қосылған ат екінші орын алды. 1995 жылы Тобанияз Әлниязұлы­ның 120 жылдығын тойладық. Тобекең әуелі болыс болып ел басқарған. 1918 ж. Әліби Жангелдиннің қаты­суымен Қаратөбеде Адай құрыл­тайы ұйымдастырылып Тобанияз Әлниязұлы төңкеріліс комитетінің төрағасы болып сайланады. Кейін Адай уезінің төрағасы болып Орын­борға съезге барып Қазақ республикасын құруға атсалысқан. КазЦИК­-тің мүшесі болды. «Маңғыстау» газетінде Тобанияз жөнінде естеліктер мен мақалалар басылды. Белгілі жазушы Әбілқайыр Спан Тобанияздың өмірін зерттеп Тобанияз атты кітап жазып шығарды. Алматыдан ғалымдар, жазушылар келіп Нұрмұхан Жантөрин атындағы драма театрда ғылыми конференция өтті. Тобанияз Әлнияз­ұлының тойы Маңғыстау ауданы­ның Онды ауылында өтті. Аудан орталығында да келген конақтардың қаты­суымен конференция өтті. «Парасат» қоға­мының қатысуымен екеуіне де Ақтау қа­ласында ескерткіш қойылды. Қашағанның ескерткішіне тумаластары тапсырыс берсе, Тобанияз ескерткішін «Парасат» қоғамының мүшесі Көшер Байғазиев жасады. «Парасат» қоғамының құрылғанына 2019 жылы 4 шілдеде 30 жыл толады. Соған орай Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарлама­сы аясында Ақтаудағы Қазақстан халқы Ассамблеясы сарайында құрылтай жиналысын өткізгіміз келеді. Құрылтайға қатысам деушілер жоғарыдағы телефондарға аты­-жөндеріңді, туған жыл, ұялы телефондарың­ды хабарлаңдар. Арнау, естелік жазам деушілер Рахмет Ізтұрғанұлына жолдаңдар (Ақтау қаласы, 26­ш/а,  23-­үй,  1­-пәтер, тел.: 8 702 737 07 87). Аудандардағы, Құлсары, Атырау, Жаңаөзен қалаларындағы таныс­тарыңа осы газеттегі мақаланы көбейтіп поштамен жіберіңдер.

    Рахмет АРТЫҚБАЙ

    2636
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам рухани жаңғыру
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Маңғыстауда ауыл тұрғындарына 6 пайызбен несие беріледі

    Келесі жаңалық

    «Қала жолдары» жұмысшылары жалақыларын алды (ФОТО, ВИДЕО)

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Сисем ата қорымы туралы

      [ 2019 ] 10 қыркүйек, 07:03
      7008

      Бегей Қозыбақ батыр ұрпақтары жайындағы деректер

      [ 2019 ] 17 маусым, 03:48
      5665

      Ақпан атаның мәңгілік тыным алған жері мен «Ақпан үйігі» Маңғыстаудан табылды

      [ 2019 ] 3 маусым, 12:55
      6547

      Жасампаз жастар жиыны

      [ 2019 ] 27 мамыр, 05:50
      2109

      Маңғыстаудың мәдениетіндегі оң өзгерістер

      [ 2019 ] 23 мамыр, 07:02
      2813

      «Парасатқа» - 30 жыл

      [ 2019 ] 15 мамыр, 05:41
      2637

      Рубрикалар

        анонсАудан тынысыТүпқарағанРедакция газеттеріДенсаулықСұхбатӘлем жаңалықтарыТағайындауБайланыс мәліметтеріРедакция

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3043

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2791

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2628

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3097

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      2912

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      2858

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»